A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зейнеткерлiкке шығушылар назарына

Ағымдағы жылы, құрметтi зейнеткерлiк демалысқа, 01 қаңтар 1961 ж-30 маусым 1961ж аралығында туған әйелдер шыға алады. Зейнетақы төлемiн уақытында алу үшiн, төлем түрiне өтiнiш тапсыру керек. Қалай өтiнiш тапсыру керек екенiн бiздiң материалдан оқыңыз.

Әйелдердiң зейнет жасының кезең-кезеңiмен өсуi

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету » туралы 21 маусым 2013ж №105-V Заңының 11 бабына сәйкес қарастырылған.

Осыған сәйкес 2020 жылы, 01 қаңтар 1961 ж-30 маусым 1961ж аралығында туған әйелдерге яғни 59 жас 6 айға толған уақытта зейнеткерлiк төлем тағайындалуға құқығы бар.

Жоғарыда көрсетiлген санатқа жататын әйелдерге зейнетақы төлемiн тағайындауға уақытында жүгiну керек екенiн естерiңiзге саламыз.

Зейнетақы төлемiн тағайындауға құжаттарды «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облыстық филиалының ХҚКО бөлiмдерiне 59 жас 6 айға толуына 10 күн қалған мерзiмде тапсыру керек.

Егер зейнеткерлiк жасқа Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимi енгiзiлгенге дейiн толып, бiрақ құжаттарыңызды тапсырып үдлгермесеңiз Сiз ештеме жоғалтпайсыз. Өтiнiш берушi төтенше жағдай режимi аяқталғаннан соң үш ай мерзiмiнде қажеттi құжаттарымен өтiнiш тапсыра алады. Бұл жағдайда төлем Сiздiң зейнеткерлiк жасқа толған уақытыңыздан бастап тағайындалатын болады.

Сұрақтарыңыз болса, «Азаматтарға арналған үкiмет»байланыс орталығының әлеуметтiк сала бойынша 1411 номерiне хабарласуыңызға болатынын естерiңiзге саламыз. Жұмыс уақыты күн сайын 9.00 ден 20.00 сағат аралығы.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы

Мақаланың шыққан күні: 28.05.2020
Қаралым саны: 611
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43