A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Ақмола облысы әкiмiнiң Зерендi ауданына iссапары

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Зерендi ауданында болды

Облыс әкiмiнiң сапары Заречное ауылының маңындағы Чаглинка өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысының жобасымен танысудан басталды. Көпiр салу мәселесi бiрнеше жыл бойы Заречный және Березняковка ауылдарының тұрғындарымен көтерген болатын. 2018 жылы әзiрленген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, ағымдағы жылға жоғары тұрған бюджеттен 368 млн. теңге бөлiндi. Ермек Маржықпаев қажеттi конкурстық рәсiмдер мен көпiр құрылысын осы жылы аяқтауды тапсырды. Өз кезегiнде, жобаның тұсаукесерiне қатысқан Заречное және Березняковка ауылдарының тұрғындары облыс және аудан басшыларына тұрғындардың проблемалық мәселелерiн шешудегi қолдаулары үшiн алғыстарын бiлдiрдi.

Өткен жылы ғимараты күрделi жөндеуден өткен Еленовка орта мектебiнде облыс әкiмi жаңартылған кабинеттердi, спортзалды қарап шықты, мектептiң педагогикалық ұжымымен әңгiмелесiп, бiлiм беру қызметiнде жаңа табыстар тiледi, сондай-ақ аудан әкiмi Бауыржан Ғайсаға ағымдағы жылы мектепке жиһаз алу мәселесiн шешудi тапсырды.

Облыс әкiмiнiң жұмыс сапары «Elikti Park» тау-шаңғы базасымен танысты. Айта кету керек, аймақта спорттық туризмдi дамыту және дәрiптеу мақсатында 2019 жылы осы тау-шаңғы курортына жаңа асфальт төсеумен кiрме жолды қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылды.

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2020
Қаралым саны: 374
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43