A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Мемлекеттік қызметшілермен семинар өтті

Мемлекеттiк қызметшiлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi өңiрлiк Ақпараттық-ағартушылық штабымен бiрлесiп Зерендi ауданы әкiмiнiң аппаратында семинар-кеңес өткiздi.

Семинар барысында Департаменттiң алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмiрханов сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң басым бағыттары туралы айтып, қатысушыларды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына жаңа түзетулер туралы хабардар етiп, бiрiншi басшылардың бағынышты қызметкерлердiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшiн дербес жауапкершiлiктерi, сондай — ақ ұжымда алдын алу шараларын дұрыс қолданбағаны үшiн жауапкершiлiгiне қатысты жаңашылдықтар бойынша түсiнiктемелер бердi.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк пен парасаттылықты қалыптастыру туралы облыстық Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесi, ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Белла Газдиева сөз сөйледi.

Сондай-ақ, спикерлер әрбiр мемлекеттiк қызметшi өз ойын, мiнез-құлқы мен iс-әрекеттерi үшiн жауапты болуы, ең алдымен өз алдында адал және лайықты болуы тиiс екенiн атап өттi.

Қатысушыларға Департаменттiң «Бiзге ақша емес, әке керек, бiзге ақша емес, ана керек!» атты парақорлықтың алдын алуға бағытталған бейнематериал көрсетiлдi.

Кеңес соңында Зерендi ауданының әкiмi Бауыржан Ғайса мемлекеттiк қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша барлық қажеттi шаралар қабылданатынын, сондай-ақ Штабтың iске асырылып жатқан бастамаларын қолдайтынын баяндады.

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020
Қаралым саны: 400
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43