A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зеренді ауданында су тасқынына қарсы жұмыс қорытындысы шығарылды

Тасқын суларды өткiзу бойынша дайындық жұмыстары аудандық iс-шаралар жоспарына және аудандық ТЖ комиссиясы отырыстарының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес жүргiзiлдi.

2020 жылғы су тасқынына дайындық 2019 жылғдың жазғы және күзгi кезеңдерде, сондай-ақ 2020 жылғы наурыз айында басталды.

Зерендi ауданында осы жылдың су тасқыны аймағында 4 елдi мекен болған.

Ауа-райы жағдайын ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдар тасқын суларды апатсыз өткiзуге дайындық жұмыстарын жүргiздi:

- 2020 жылғы 13 наурызда ерiген суды транзитпен өткiзу үшiн Ивановка бөгетi ашылды,

- 2020 жылдың 6 сәуiрiнде Алексеевка ауылындағы тұрғын үйлердi су басуға жол бермеу үшiн Алексеевка бөгетi ашылды,

- ауданның елдi мекендерiнен 26 мың текше метрден астам қар шығарылды.,

- 6 мың тонна инерттi материалдар, 1800 дана қаптар, 15 тонна жанармай дайындалды,

- республикалық, облыстық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарында 389 су өткiзу құрылғылары тазаланды.

Көктемгi кезеңде ТЖ салдарын жою үшiн ауданның азаматтық қорғау құрылымдарының күштерi мен құралдары 150 адам, 129 бiрлiк инженерлiк техника дайындыққа келтiрiлдi.

Елдi мекендерге рейдтiк iс-шаралар жүргiзiлдi, осы iс-шаралар барысында халықпен үгiт-түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Сонымен қатар, 9 рейд өткiзiлiп, 9 елдi мекен қамтылды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында су тасқынына дайындық жұмыстарына тұрғындарды тарту бойынша сенбiлiктер өткiзiлдi.

Халықты эвакуациялау үшiн 5 көшiру пунктi дайындалды, тiршiлiктi қамтамасыз ету үшiн материалдық ресурстар қоры құрылды. Ауқымды ТЖ жағдайында емдеу мекемелерiнде 100 шұғыл бейiндi орындар дайындалды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын қамауға арналған 5 учаске анықталды, 1 мың тоннадан астам мал азығы қоры құрылды.

Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргiзу және болжау үшiн ауданда 6 гидробекет, 1 Казгидромет гидробекетi жұмыс iстедi.

Аудан әкiмi Бауыржан Ғайса атынан әлеуметтiк жауапкершiлiк аясында жанар-жағармайды өтеу жағдайында көмек көрсеткен кәсiпорындарға ерекше алғысымызды бiлдiргiмiз келедi. Атап айтқанда, "Рейн" ЖШС, "Контек "жобалау-инженерлiк орталығы" ЖШС, "Неруд-Кокшетау" ЖШС, "AMG" ЖШС, "Асно-Көкше" ЖШС, "Кемед" ЖШС, "Көкшетау тәжiрибелiк-өндiрiстiк шаруашылығы" ЖШС, "Сағадиев" ЖК, "Жолдыков" ЖК, "Озиев" ЖК, "Қажмұхан" ЖК, "Айдабол спирт зауыты" АҚ, "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бiрлестiгi" АҚ филиалы, "Алексеевка доломиттiк кен — байыту зауыты" ЖШС, "Христос для всех" ШҚ, "Психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК, "Жоғары агротехникалық колледжi" МКҚК басшыларына алғысымызды бiлдiрг.

Мақаланың шыққан күні: 29.04.2020
Қаралым саны: 723
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43