A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
«БЖЗҚ» АҚ 27 тамызда «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз» тақырыбындағы «Ашық есік күнін» жаңа онлайн-форматта өткізеді.

Күн тәртiбiндегi негiзгi мәселе — жаңа салымшыларды Қор жұмысымен таныстыру, себебi 2020 жылы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында автомат түзiмде бiр миллионнан астам жаңа жеке зейнетақы шоты ашылды. Ал өткен 2019 жыл iшiнде 400 мыңға жуық жаңа шот ашылған болатын. Көптеген салымшыға «Ашық есiк күнi» Қор қызметiмен және Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен танысу үшiн керемет мүмкiндiк болғалы тұр.

БЖЗҚ мамандары негiзгi тақырыппен қатар зейнетақыны жоспарлау туралы, Қордың салымшылармен қарым-қатынас арналары туралы айтып бередi, зейнетақы калькуляторы арқылы келешек зейнетақыны есептейдi, сондай-ақ барлық қызықтыратын мәселе бойынша бiлiктi кеңес бередi.

Еңбек ұжымдарын, түрлi салалардың қызметкерлерiн, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтарды, сондай-ақ келешегiн бүгiн ойлайтындардың барлығын «Ашық есiк күнiне» қатысуға шақырамыз!

«Ашық есiк күнiнiң» 27 тамызда 10:00 сағатта онлайн платформада өтетiнiн еске саламыз. Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет. Әрбiр қатысушы https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e78d30e8dc84d14b61f9a826e1085def7 сiлтемесiмен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмiрi 170 584 2665 мен event-жиналыс паролi dod27 енгiзiледi.

Онлайн iс-шараға қатысуға тiркелу сұрақтары бойынша байланыстар:

- Макашева Малика Жумабековна моб.: 87077229392, 877582004577;

- Жакина Алия Женисовна моб.: 87770342790, 87711717215;

- Салимов Дамир Сайрамбекович моб.: 87024924654, 87711717216.

Мақаланың шыққан күні: 24.08.2020 16:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.08.2020 16:58
Қаралым саны: 191
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43