A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
5 вопросов ОКТЯБРЬ

1.Менiң фармкомпанияда дайын дәрiлiк заттарды өндiру цехында жұмыс iстеп жүргенiме бiрнеше апта ғана болды. Жұмыс берушiм мен үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аударуға тиiс пе? Егер аударатын болса, ол оны өз есебiнен жасай ма, әлде менiң жалақымнан шегере ме?

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы жинақтарына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекiтiлген Өндiрiстердiң, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттер меншiктi қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсiптерiнiң тiзбесiнде көрсетiлген кәсiптер бойынша жұмыс iстейтiн азаматтардың құқығы бар.

Мамандықтар тiзiмiн http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1300001562 сiлтемесi бойынша көруге болады.

Осы тiзiмге сәйкес Сiз жұмыс уақытыңыздың кемiнде 80% аталған өндiрiстердiң:

- барлық атаулардағы аппаратшы;

- бiлiктеушi;

- шпредингшi

сияқты технологиялық үрдiсiнде жұмыс iстеген жағдайда, Сiздiң жұмыс берушiңiз мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аударуға мiндеттi.

Жұмыс берушi МКЗЖ салымшысы болып табылады. Ол өз қаражаты есебiнен қызметкердiң пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын қызметкердiң ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

2. Мен еңбек шарты бойынша екi ұйымда күзетшi болып жұмыс iстеймiн. Екi компания да менiң БЖЗҚ-дағы шотыма мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуға тиiс пе?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (Заң) 24-бабына сәйкес БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) зейнетақы төлеу жөнiндегi агенттер болып табылатын жұмыс берушiлер Заңда белгiленген мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиiс. Тиiсiнше, жеке тұлғамен еңбек шартын жасасқан екi ұйым да БЖЗҚ-ға жұмыскердiң пайдасына МЗЖ аударуға мiндеттi.

3. Салымшы қайтыс болған жағдайда зейнетақы жинақтары мұраға қалдырыла ма?

Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша салымшының (алушының) меншiгi болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да Қорда мерзiмсiз уақыт бойына сақталады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес мiндеттi, мiндеттi кәсiптiк және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған немесе бүкiл мұраның тағдырын айқындай алмаған, сондай-ақ, азаматтық заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда да зейнетақы жинағы заң бойынша мұрагерлiкке берiлуi тиiс.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес мұраны алу үшiн мұрагер мұраны ашу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлiк беруге уәкiлеттi адамға, мұраны қабылдау туралы не мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiш беру арқылы қабылдауы тиiс. Мұра ашылған күннен бастап алты ай iшiнде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай iшiнде қабылдануы мүмкiн.

4.Әкем қайтыс болғаннан кейiн, мен, қызы және жалғыз мұрагерi ретiнде оның зейнетақы жинақтарына үмiткер боламын. БЖЗҚ-ға оның шотындағы сома туралы сұрау салуым керек пе немесе бiрден нотариусқа жүгiне аламын ба?

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге, олардың өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша жеке зейнетақы шотының және онда қаражаттың бар болуы туралы анықтама бередi.

Осы мәселелер бойынша БЖЗҚ мен нотариустар арасындағы өзара iс-қимылды оңтайландыру үшiн ҚР Әдiлет министрлiгi, Республикалық нотариаттық палата, «ҰАТ» АҚ мен БЖЗҚ арасында "Е-нотариат" бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесi мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнiң өзара iс-қимылы туралы шарт жасалды.

Аталмыш Шарт аясында нотариустар БЖЗҚ-ға «Е-нотариат» бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесiнiң көмегiмен онлайн тәртiбiнде, яғни БЖЗҚ-ға хат жүзiнде сауалдар жолдамастан, өздерiнiң өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы сауалдар жолдай алады.

БЖЗҚ өз кезегiнде салымшылар мен алушылар нотариалды куәландырылған немесе расталған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесiне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын ала алады.

Бұл қызмет сiздiң уақытыңызды айтарлықтай үнемдейдi және артық қағаз құжат айналымын жояды.

5.Табыстың 10% мөлшерiнде зейнетақы жарналарын төлеу — ҚР әрбiр азаматының мiндетi екенiн бiлемiн. Ал салымшылардың қандай құқықтары бар?

Сiз МЗЖ салымшысы ретiнде ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасауға құқығыңыз бар.

Сондай-ақ, Қор салымшыларының белгiленген кесте бойынша, 1 және 2 топтағы мүгедектiктiң мерзiмсiз болып белгiленуiне, ҚР шегiнен тыс тұрақты тұруға кетуiне, алушының қайтыс болуына (жерлеуге, мұрагерлiкке) байланысты ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн ресiмдеуге құқығы бар.

Сонымен қатар, Сiз өз зейнетақы жинақтарыңызды БЖЗҚ-дан зейнетақы аннуитетi шарты бойынша сақтандыру ұйымына аударуға, сондай-ақ, өзiңiздiң зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйi туралы ақпаратты сiзге ыңғайлы кез келген күнi алуға құқылысыз.

Деректемелерiңiздi (жеке және байланыс ақпаратыңызды) өзгерту, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметке қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес алу да Сiздiң құқығыңыз болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 28.10.2020 23:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.10.2020 23:05
Қаралым саны: 95
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43