A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

ХАБАРЛАНДЫРУ

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есiк күнi» шарасына шақырады

2019 жылдың 21 маусымында таңғы сағат 10:00-да Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 29 Б мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Ақмола облыстық филиалында «Ашық есiк күнi» шарасы өткiзiледi.

Осы шара аясында Қордың өңiрлiк бөлiмшелерiнiң мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдардың, қоғамдық және мемлекеттiк емес бiрлестiктердiң өкiлдерi келушiлерге сағат 10:00-нан 17:00-ге дейiн әр түрлi сұрақтар бойынша жауаптар және ақыл-кеңестер бередi. Сонымен қатар шара барысында келушi азаматтар Қордың, тұрғындарға әлеуметтiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдардың, қоғамдық және мемлекеттiк емес бiрлестiктердiң жұмысымен танысады. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк салалар бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар және ақыл-кеңестер алуға мүмкiндiктерi болады.

Сiздердiң сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап бередi:

-Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ.

-«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ.

-«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы.

-Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң департаментi.

-Ақмола облыстық «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ.

-«Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы.

Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерiнiң пiкiрлерi мен ескертпелерiн жазып қалдыра алады.

Еске саламыз, «Ашық есiк күнi» шарасы Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 29 Б мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Ақмола облыстық филиалында өткiзiледi.

Мақаланың шыққан күні: 17.06.2019 17:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.06.2019 17:33
Қаралым саны: 910
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43