A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ ТУРАЛЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

1. Коронавирус дегенiмiз не?

Коронавирустар — бұл көбiнесе жануарларды зақымдайтын вирустардың тобы, бiрақ кейбiр жағдайларда адамға берiлуi мүмкiн. Әдетте коронавирус тудырған аурулар ауыр симптоматиканы тудырмай жеңiл түрде өтедi. Алайда, таяу шығыс респираторлық синдромы (Mers) және ауыр жiтi респираторлық синдром (Sars) сияқты ауыр түрлерi болады.

2. Коронавирустың берiлу жолы қандай?

Жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкiргенде пайда болатын тамшылар.

Одан басқа, бiреу кез келген ластанған заттың үстiңгi бетiне, мысалы, есiк тұтқасын ұстаған кезде таралуы мүмкiн. Адамдар ластанған қолдарымен ауызын, мұрнын немесе көзiн ұстаған кезде жұқтырады.

Бастапқыда өршу жануарлардан пайда болды, болжам бойынша, Ухань қаласында (ҚХР) теңiз өнiмдерi базарында пайда болды, онда балықтың ғана емес, суыр, жылан және жарқанаты сияқты жануарлардың да белсендi саудасы жүрдi.

3. Коронавирустық инфекцияның көзi кiм?

Ауру адам немесе жануарлар.

4. Бұл инфекцияны жұқтыру қайдан пайда болды?

Қытай ғалымдарының дернектерi бойынша COVID -19 табиғи резервуары жабайы жануарлар (жарқанат) болып табылады. Адам жұқтырған негiзгi орын Оңтүстiк Қытай теңiз өнiмдерiнiң көтерме базары болды, онда жабайы жануарлар, оның iшiнде жарқанаттар мен бауырымен жорғалаушылар сатып алынды.

5. Коронавирустық инфекцияның негiзгi белгiлерi?

•жоғары дене қызуы

•бас ауруы

•әлсiздiк

•жөтел

•тыныс алудың қиындауы

•бұлшық ауыруы

•жүрек айнуы

•құсу

•диарея

6. Вирус сыртқы ортада тұрақты ма?

Коронавирус сыртқы ортада тұрақсыз, 57 градус С және одан жоғары температурада өледi, дезинфекциялық және құрамында спиртi бар заттарға тұрақсыз.

7. Инфекцияның инкубациялық кезеңi қандай?

Инкубациялық кезең (жұқтыру сәтiнен ауру белгiлерi пайда болғанға дейiн) 2-ден 14 күнге дейiн, 2-7 күннен жиiрек болады.

8. Бұл инфекцияны емi бар ма?

Қазiргi уақытта арнайы емi жоқ. Патогенетикалық және симптоматикалық ем жүргiзiледi.

9. Коронавирусты жұқтырудан өзiңдi қалай қорғауға болады?

Ең маңыздысы — қол мен беттердiң тазалығын сақтау. Қолды таза ұстаңыз, оларды сабынмен жиi жуыңыз немесе дезинфекциялау құралын пайдаланыңыз. Сондай-ақ ауызыңызды, мұрныңызды немесе көзiңiздi жуылмаған қолмен ұстамауға тырысыңыз (әдетте мұндай ойланбастан ұстау сағатына орта есеппен 15 рет болады).

Кез келген жағдайда қолды тазалау үшiн қолды дезинфекциялаушы құралды өзiңiзбен бiрге алып жүрiңiз.

Әрқашан тамақ алдында қолыңызды жуыңыз.

Әсiресе, адам көп орындарда, әуежайларда және басқа да қоғамдық көлiк жүйелерiнде болған кезде абай болыңыз. Осындай жерлерде орналасқан заттарды және олардыңң үстiңгi беттерiн ұстауды барынша азайтыңыз, бетiңiзге тимеңiз.

Бiр реттiк салфеткаларды өзiңiзбен бiрге алып жүрiңiз және жөтелгенде немесе түшкiргенде әрдайым мұрын мен аузыңызды жабыңыз, оларды қолданғаннан кейiн мiндеттi түрде жойыңыз.

Егер басқа адамдар жалпы орамға немесе ыдысқа саусақтарын салса, одан тамақ iшпеңiз (жаңғақ, чипс, печенье және басқа да снектер).

Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша құттықтап, қол қысулар мен беттен сүюден аулақ болыңыз.

Жұмыс барысында сiз ұстайтын заттардың үстiңгi беттерi мен құрылғыларды (компьютердiң пернетақтасы, жалпы пайдаланатын оргтехника панельдерi, смартфон экраны, пульттер, есiк тұтқалары мен ұстағыштар) үнемi тазалаңыз.

10. Медициналық масканы қалай дұрыс кию керек?

1. Мұрын мен аузыңызды маскамен мұқият жауып, бет пен маска арасындағы саңылауды азайту үшiн оны бекiтiңiз. 2. Пайдалану кезiнде масканы ұстамаңыз. Қолданылған маскаға тигеннен кейiн, мысалы, оны шешу үшiн қолды жуыңыз. 3. Маска ылғалды немесе ластанған болса, жаңа таза және құрғақ маска киiңiз.

4. Бiр рет қолданылатын маска пайдаланбаңыз. Оларды әрбiр қолданғаннан кейiн лақтырып, алып тастағаннан кейiн бiрден жойыңыз.

11. Жаңа коронавирусты емдеуге болады ма?

Иә, әрине. Алайда, суық тиюдi тудыратын көптеген басқа да респираторлық вирустардан арнайы ем жоқ секiлдi жаңа коронавирустан да вирусқа қарсы арнайы препарат жоқ.

Вирустық пневмонияны, коронавирустық инфекцияның негiзгi және ең қауiптi асқынуын антибиотиктермен емдеуге болмайды. Пневмония дамыған жағдайда — ем өкпе қызметiн емдеуге бағытталған.

12. Тәуекел тобына кiмдер жатады?

Барлық жастағы адамдардың вирусты жұқтыру қаупi бар. Ухань қаласындағы (ҚХР) Денсаулық сақтау жөнiндегi комиссияның мәлiмдемесiнде соңғы 60 жағдай 15- тен 88 жасқа дейiнгiнi құрайды.

Алайда, басқа да вирусты респираторлық аурулардың көпшiлiгi сияқты, балалар мен 65 жастан асқан адамдар, иммундық жүйесi әлсiреген адамдар- аурудың ауыр өту қаупi аймағында.

13. Жаңа коронавирус үшiн вакцина бар ма?

Қазiргi уақытта мұндай вакцина жоқ, алайда қытай мен бiрқатар елдердiң ғылыми ұйымдарында оны әзiрлеу басталды.

14. Коронавирустық инфекцияға ұқсас симптомдар болса, қайда хабарласу керек?

Жедел респираторлық инфекция белгiлерi пайда болғанда немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдiк болғанда тез арада үйге жедел жәрдем шақыру (103), сондай-ақ 1406, 87172768043 коронавирустық инфекция мәселелерi бойынша call-орталыққа қоңырау шалу қажет.

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейiн ауыр нысандағы жағдайда алдын алу шараларын сақтау (адамдармен қарым-қатынасты шектеу, жөтел этикетiн сақтау, маска кию, өзiн-өзi емдеумен айналыспау) керек.

15. Коронавирус пен тұмау вирусы арасындағы айырмашылық неде?

Коронавирус пен тұмау вирусының ұқсас белгiлерi болуы мүмкiн, бiрақ олар генетикалық жағынан мүлдем әртүрлi.

Тұмау вирустары өте тез көбейедi — симптомдар жұқтырғаннан кейiн екi-үш күннен кейiн көрiнедi, ал коронавирусқа ол үшiн 14 күнге дейiн қажет.

16. Коронавирустың бар екенiн қалай анықтауға болады?

Уақтылы диагностика Қазақстан аумағында жаңа коронавирустың пайда болу және таралу қаупi туындаған кезде маңызды iс-шаралардың бiрi болып табылады.

Денсаулық сақтаудың ғылыми ұйымдары жаңа коронавирус гендерiнiң құрылымы туралы ақпарат пайда болған сәттен бастап 7 күннен аз уақыттың iшiнде адам ағзасында вирустың болуын анықтау үшiн диагностикалық жиынтықтардың екi нұсқасын әзiрледi.

Жинақтар полимераздық тiзбектiк реакция (ПТР) деп аталатын зерттеудiң молекулалық-генетикалық әдiсiне негiзделген. Бұл әдiстi пайдалану тест-жүйелерге елеулi артықшылықтар бередi.

Бiрiншi — жоғары сезiмталдық — әзiрленген тест-жүйелердi пайдалана отырып, вирустардың жеке көшiрмелерiн табуға болады.

Екiншi — ауруды диагностикалау үшiн қан алудың қажетi жоқ, мұрын- жұтқыншақтан мақталы тампонмен үлгi алу жеткiлiктi.

Үшiншi-талдау нәтижесiн 2-4 сағаттан кейiн алуға болады.

Қазақстанның барлық аумағы бойынша диагностикалық зертханаларында диагностиканың әзiрленген құралдарын пайдалану үшiн қажеттi жабдықтар мен мамандар бар.

17. Стационарға кiмдер оқшаулануға жатады?

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы №25 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы халқының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы» ҚР Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерiнiң қаулысына сәйкес мынадай 1а) санатындағы елдерден: Франция

Иран

Италия

Испания

Германия

ресми және үкiметтiк делегацияларды, сондай-ақ қызметтiк және дипломаттық паспорттардың иелерiн, авиакомпаниялардың ұшқыштарын және экипаж мүшелерiнiң, локомотив бригадаларының мүшелерiн, темiр жол көлiгiндегi тасымалдау қызметiмен байланысты адамдарды және жүктердi халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жүргiзушiлердi қоспағанда, соңғы келген сәттен бастап 14 күннен аз уақыт өткен адамдар жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған стационарларға оқшауланады.

18. Карантиндiк стационарлардағы азаматтар қандай талаптарды сақтауы тиiс?

Карантиндiк стационарда болу кезiнде қойылатын талаптар:

- күнтiзбелiк 14 күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда үздiксiз болу;

- карантин кезiнде (14 күн): карантиндеу жерiнен кетуге рұқсат берiлмейдi; барлық байланыс түрлерiн (телефон, интернет) пайдалануға рұқсат етiледi;

- карантин кезiндегi медицина персоналы тарапынан жасалатын iс-шаралар мынадай қамтиды: қарап-тексеру, дене қызуын, артериялық қысымды өлшеу, сұрау;

- медициналық көрсетiлiмдер бойынша тамақтан, мұрын-жұтқыншақтан биоматериалды зертханалық зерттеуге алынуы мүмкiн, қажет болған кезде — зерттеудiң өзге де әдiстерi;

- карантиндегi адам тарапынан режим бұзылған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген.

19. Үйде кiмдер оқшаулануы тиiс? Үйде оқшаулау қалай жүргiзiледi?

Үйдегi оқшаулау (үйдегi карантин) тұрғылықты (болатын) жерi бойынша 1б) санатындағы елдерден келген адамдарға Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен күннен бастап 14 күннiң iшiнде жүргiзiледi:

ҚХР

Оңтүстiк Корея

1а) санатындағы тiзбеге кiретiн елдердi қоспағанда, Шенген аймағы елдерi

Үйдегi карантин «ҚР-да төтенше жағдайды енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы» ҚР Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы №25 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес қойылатын талаптарды сақтай отырып жүргiзiледi.

20. Үйдегi карантиндегi азаматтар қандай талаптарды сақтауы тиiс?

Үйдегi карантинде болу кезiнде қойылатын талаптар:

- күнтiзбелiк 14 күннiң iшiнде тұрғылықты жерiнде мiндеттi түрде тұрақты болу (үй, пәтер, жатақхана, қонақүй және басқалар);

- үйде оқшаулау үшiн жағдай болмаған кезде емдеуге жатқызу ұсынылады;

- тұрғылықты жерi бойынша оқшаулау кезiнде (күнтiзбелiк 14 күн) халық көп жиналатын жерлерге баруға тыйым салынады;

- үйдегi карантин кезiнде медицина персоналының iс-шаралары мыналарды қамтиды (күнтiзбелiк 14 күн): консультациялар және телефон бойынша қоңырау шалу арқылы үйдегi карантинге бақылау жасау;

- медициналық көрсетiлiмдер бойынша тамақтан, мұрын-жұтқыншақтан биоматериалды зертханалық зерттеуге алынуы, қажет болған кезде — зерттеудiң өзге де әдiстерi жүргiзiлуi мүмкiн;

- медициналық көрсетiлiмдер бойынша (жiтi респираторлық вирустық инфекция белгiлерi) адам диагностикалау және Қазақстан Республикасының есебiнен емдеу мақсатында медициналық ұйымға (бұдан әрi — МҰ) жатқызылады;

- карантиндегi адам тарапынан режим бұзылған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген.

21. 2-санаттағы елден келген адамдарға қандай шаралар қолданылады?

Бүгiнгi күнi 2-санаттағы елдер қатарына мынадай елдер кiредi:

Филиппин

Катар

Үндiстан

БАӘ

Ұлыбритания

Әзербайжан

Тайланд

АҚШ

ҚР-ға жоғарыда көрсетiлген елдерден келген адамдарға ҚР-ның шекарасын өткен күннен бастап 14 күннiң iшiнде қоңырау шалу арқылы тұрғылықты (болатын) жерi бойынша МСАК медицина қызметкерi бақылауына алады.

22. 2-санаттағы елден келген адамдар қандай талаптарды сақтауға тиiс?

2-санаттағы елдерден келген адамдарға қойылатын талаптар:

Адамның Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұруға құқығы бар.

Адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, басқа адамдармен байланысты шектеу ұсынылады.

Қазақстан Республикасының шекарасын өткен күннен бастап 14 күннiң iшiнде қоңырау шалу арқылы тұрғылықты (болатын) жерi бойынша МСАК медицина қызметкерi бақылауына алады.

Медициналық көрсетiлiмдер бойынша (жiтi респираторлық вирустық инфекция белгiлерi) адам диагностикалау және Қазақстан Республикасының есебiнен емдеу мақсатында МҰ-ға жатқызылуы мүмкiн.

23. Визаларды беру және ҚР аумағына кiру, тұрақты авиарейстер, жаяу өту, жолаушылар темiржол/автомобиль тасымалдары, әуе қатынасы тұрақты тоқтатылған елдер санаты бойынша қайда хабарласуға болады?

Бұл сұрақтар бойынша Сыртқы iстер министрлiгiне 72-01-11 телефоны бойынша хабарласуға болады, сондай-ақ СIМ сайтынан қарауға болады.

24. Қандай жағдайларда коронавирустық инфекцияға анализ тапсыру қажет? Қайда бару қажет?

Коронавирустық инфекцияға зертханалық зерттеу адамдарға клиникалық және эпидемиологиялық көрсетiлiмдер болған кезде жүргiзiледi. Ол үшiн респираторлық инфекциямен ауырған жағдайда немесе коронавируспен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болды деген күдiгi болған жағдайда үйге дәрiгердi дереу шақыру қажет.

Дәрiгер қарап-тексергеннен кейiн коронавирустық инфекцияға күдiгi болған кезде зерттеуге анализдерi алынады.

25. COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша қолайсыз елдер санатына кiрмейтiн басқа елдерден келген адамдарға қандай ұсыныстар бар?

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайлы басқа елдерден келген адамдар Қазақстанда ұсынылатын қажеттi профилактикалық шараларды сақтауы қажет: денсаулығының жай-күйiн бақылау, жеке гигиенаны сақтау, ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi ұсынып отырған ақпаратты бақылау, респираторлық инфекция белгiлерi пайда болған жағдайда дәрiгердi үйге шақыру.

Мақаланың шыққан күні: 17.04.2020 09:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.04.2020 09:20
Қаралым саны: 605
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43