A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Жиі қойылатын сұрақтар
Жер қатынастары саласында
1 Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін қалай алуға болады? Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда), Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабындағы 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүзеге асырылады.Сауда-саттық, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электронды түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жер учаскелерінің сауда-саттыққа шығарылатыны туралы ақпарат мерзімді баспасөз басылымдарында және сатушының интернет-ресурсында жарияланады.
Ауыл шаруашылығы саласында
1 ЖҚШ-ды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірудің артықшылығы неде? 1. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылтайшылары өздерінің заңды мәртебесін (ШҚ, ЖҚШ және т.б.) және өзінің мүлкін сақтайды, яғни, өз жерлерінің, өнімдерінің, техникаларының және т.б. мүліктерінің иелері болып қала беруі; 2. Өнімді қайта өңдеу кәсіпорнына дейін (делдалсыз) өткізуге кепілдік беру; 3. Алғашқы өңдеуден өткен өнімдерді өткізу есебінен өнім сапасы мен өнімнен алынған кірістердің артуы; 4.Ауыл шаруашылығы кооперативі кірісінен кооператив мүшесінің өндірістік және шаруашылық қызметіне қатысуына қарай тепе-тең түрде дивидент алу; 5. Кооператив қызметтерін өзіндік құн бойынша ұсыну; 6. Кооператив мүшелерінің мүдделері қорғалады және өндірістік, ұйымдастыру, экономикалық және басқа да мәселелерді шешу кезінде жер жарнасына төленетін жарнаға қарамастан кооперативтің жалпы жиналысында кооператив мүшесінің дауыс беру құқығының болуы (1 мүше - 1 дауыс); 7. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің (ШҚ, ЖҚШ және т.б.) ЖЖМ, тыңайтқыш, тұқым, гербицид, мал азықтарын және басқаларын сатып алған кезде шығындарын қысқарту; 8. Ауыл шаруашылығы кооперативі мамандарынан (агроном, ветеринар және т.б.) ақпараттық-консультативтік көмекті өтемсіз алу; 9. Жерлерді, ауыл шаруашылығы техникаларын, өнім өндірісінің озық технологиясын бірлесіп пайдалану мүмкіндігі; 10. Кооперацияның бірлескен объектілерін ұйымдастыру мүмкіндігі (кооператив иесі); 11. Мемлекеттік қолдау шараларын, ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне беру:- субсидиялар (гербицидтердің, тыңайтқыштардың, тұқымдардың, өнімдердің және басқалардың құнын субсидиялау), сатып алынған а/ш техникасын, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, қайта өңдеу бойынша техникалық жабдықтарды және т.б. инвестициялық субсидиялау;- жылдың пайыздық мөлшерлемесі 6% болып табылатын 3-5 жылға 3-16 млн. теңге көлемінде жеңілдікпен кредит беру («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы) а/ш жануарларын өсіруге, бордақылауға, сүт қабылдау пунктін, мал сою цехын, мал азығы цехын және басқаларын ұйымдастыруға).
2 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылды жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға не қарастырылған? Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы еңбек нарығында талап етілген кәсіби дағдылары және біліктілігі бойынша тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қолдауын қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағдарланған.Бағдарламасының негізгі мақсаты – халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуына қолғабыс ету және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.Бағдарламаның негізгі міндеттері – еңбек нарығының қажеттілігі есебімен техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындау, еңбек нарығында талап етілген кәсіби дағдылары және біліктілігі бойынша жұмыс кадрларының қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда және қалада шағын несиелеуді кеңейту, еңбек ресурстарының жұмылдырылуын арттыру, жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлы алаң құру.Микробизнесті ашу, ісін жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлердің қызметін қеңейту үшін, зәкірлі кооперациясындағы қатысушылардың қызметін дамыту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін облыстың барлық аудандарында және Степногорск қаласында бағдарлама іске асырылатын болады.Ауылды елді мекендерде және шағын қалаларда іскеасырып жүрген және жоспарлап отырған бизнес-жобаларды іске асыру үшін, микронесиелер Бағдарлама қатысушыларына беріледі.Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған және тұрмаған жұмыссыз азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарлама қатысушылары болып табылады.Бағдарламаның іске асырылуы, ауылда кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер санын арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.Кепілзаттық қамсыздандыру жетіспегенде алған микронесиелерді кепілдендіру бойынша Бағдарламамен мемлекеттік қолдау көзделген.
Ветеринария саласында
1 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қандай рәсімдерді көздейді? Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру: 1) ауыл шаруашлығы жануарларына жеке нөмір беруден; 2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорға мәліметтерді енгізуден; 3) ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ветеринариялық паспорт беруден тұрады.
2 Неге мал иелері ветеринария мамандарына өз жануарларын бірдейлендіруге берулері керек? «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет ауылдық округтарда филиалдары – ветеринариялық пункттер бар аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен көрсетіледі.«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабындағы 5 және 6-тармақшаларына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге; жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
ТҮКШ саласында
1 Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру үшін қайда өтініш білдіруге болады? Сізге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне есепке тұру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электронды-цифрлы қолтаңбасы бар «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz. өтініш білдіруге кеңес береміз.
2 Тұрғын үй алуға кезекке қою үшін қандай құжаттар қажет? 1) өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге жергілікті атқарушы органның келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өтініш берушімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы аумақтық әділет органының анықтамалары.4) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;5) өтініш беруші (отбасының) бір сатыға жататындығының тиесілігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынады.
3 Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне кім тұра алады? «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67- бабы, 1-тармағына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұракты тұратын,тұрғын үйге мұктажжәне есепте тұрған: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;көп балалы отбасылар;мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;толық емес отбасыларға жататың) Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
4 Кезек неге баяу жылжиды? Кезектің жылжуы тұрғын үйлердің құрылысына және пайдалануға берілуіне қарай, сонымен қатар кезектегілердің тізіміне түгендеу өткізу бойынша жүреді.
Кәсіпкерлік саласында
1 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдаралмасының аясында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен қандай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі? «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдаралмасының аясында 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:- кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру;- мемлекеттік гранттар беру;- өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсету.
Экономика саласында
1 Заң негізінде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы үй сатып алу үшін жеңілдікті несие және көтерме жәрдемақыны қалай алуға болады? «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала және ветеринария (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агрономдар, ветеринарлық дәрігерлер, ветеринарлық фельдшерлер, ветеринарлық техниктер, зоотехниктер, инженер-технологтар, балық өсірушілер, технологтар, фермерлер) мамандарына келесі қолдау шаралары ұсынылады:- 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (2019 жылға – 176 750 теңге) бір жолғы көтермелі жәрдемақы;- 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (2019 жылға – 3 787 500 теңге), мерзімі 15 жылға дейін, жылдық мөлшерлемесі 0,01%.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 8-тармағындағы 2) тармақшасына сәйкес, көтермелі жәрдемақы және үй сатып алуға бюджеттік несие алған кезде маман әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;құжаттарды дұрыс немесе толық топтамасын ұсынбау фактісі әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Әлеуметтік салада
1 Стационар жағдайында (интернат-үйлері) арнаулы әлеуметтік қызмет алуға қандай санаттағы азаматтардың құқығы бар ? Стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруға:
1) арнаулы әлеуметтік қызмет стационар жағдайында, балаларға үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мұқтаж көрсетуге мұқтаж, салдарында:барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде арнайы (көмекші) сыныптарында арнайы білім беру түзету ұйымдарының (бөгде адамның көмегінсіз жүре алатын, өзін күші ауырлық қозғалыс бұзушылықтар, жеке күтімді қажет ететін) оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар;мамандандырылған мектеп-интернаттарында оқуды қиындататын, соқырлық (нашар көрушілік) немесе кереңдігі (нашар естушілік) барлық дәрежедегі ақыл-есі кемістігі, оның ішінде болған кезде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар;көп дегенде төрт реттен аспайтын ақыл-есінің кемдігі бар қояншық (соның ішінде симптоматикалық) ұстауы; нәтижелі симптоматикасыз ақауы анық білінетін шизофрения; миға келтірілген органикалық зақымы кесірінен ақыл-ой кемдігі.2) стационар жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтажақыл-ойы бүтін ТҚА бұзылғанүш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды;3) стационар жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтағы тұлғаларға, салдарынан:барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде арнайы (көмекші) сыныптарында арнайы білім беру түзету ұйымдарының (бөгде адамның көмегінсіз жүре алатын, өзін күші ауырлық қозғалыс бұзушылықтар, жеке күтімді қажет ететін) оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар; мамандандырылған мектеп-интернаттарында оқуды қиындататын, соқырлық (нашар көрушілік) немесе кереңдігі (нашар естушілік) барлық дәрежедегі ақыл-есі кемістігі, оның ішінде болған кезде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар;жіті психотикалық симптоматикасы болмаумен сипаттанатын, жарыместігі немесе өрескел көріністерінің психикалық кемістігі бар психикалық аурулардың ұзаққа созылатын түрлері; психотикалық симптоматикасының күшеюсіз жеке тұлғаныңақауы айқын асқынған шизофрения;
көп дегенде төрт реттен аспайтын ақыл-есінің кемдігі бар қояншық (соның ішінде симптоматикалық) пен ілеспелерімен қоса ұстауы;
бас миының жұқпалы және басқа да органикалық аурулары салдарынан (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиты, мидың мерезі басқа да инфекциялық және органикалық аурулары) құбылыстарымен ақыл-есінің кемдігі; ақыл-есі кемдігі айқын ақау құбылыстармен созылмалы алкоголизм;
өзгертілген сананың анық білінетін психомоторлық алаңдаушылық және ұзақ немесе патологиялық қайталама түрлері жоқ ақыл-есінің кемдігі құбылыстарымен тамыр және сенильных аурулары;
4) денсаулық жағдайы бойынша өзін өзі күте алмайтын және стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуіне мұқтаж мүгедектерді, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы жоқ немесе еңбекке жарамды кәмелеттік жасқа толған балалары, жұбайы бар, олар объективті себептерімен (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруы бар, бас бостандығынан айыру орындарында болғандықтан, наркологиялық диспансерде есепте тұрған немесеел шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен, қосымша жұбайы үшін егде жасқа жеткен) тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өзінің жұмысқа жарамсыз қамқорлықа мұқтаж ата-аналарын күтіп бағуға міндетті;
5) зейнеткерлік жасына жеткен, егде тұлғаларды, «Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңымен белгіленген, денсаулық жағдайы бойынша өзін өзі күте алмайтын және стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуіне мұқтаждарды, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы жоқ немесе еңбекке жарамды кәмелеттік жасқа толған балалары, жұбайы бар, олар объективті себептерімен (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруы бар, бас бостандығынан айыру орындарында болғандықтан, наркологиялық диспансерде есепте тұрған немесеел шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен, қосымша жұбайы үшін егде жасқа жеткен) тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын)
Дене шынықтыру және спорт саласында
1 Балалар спортпен шұғылданады. Білгіміз келетіні: спорттық атақтарды кім береді? Спорттық атақтар беру тұрғындарға мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады. «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (6-бап), Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, 1-дәрежелі спортшы спорттық дәрежелерін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары, 2-дәрежелі спортшы, 3-дәрежелі спортшы, 1-жасөспірімдер дәрежесіндегі спортшы, 2-жасөспірімдер дәрежесіндегі спортшы, 3-жасөспірімдер дәрежесіндегі спортшы спорттық атақтарын аудандар мен қалалардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері береді.
Архив ісі
1 Еңбек өтілін растау үшін архивтік анықтаманы қалай алуға болады? Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 наурыздан №57 бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ақмола облысының мемлекеттік архивінде жүзеге асырылады. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) Қызмет көрсетуінің кеңесі (мемлекеттік архив) 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелері; 3) «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Мәдениет саласында
1 Аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін қанша мерзім өткен соң ескерткіш орнатуға болады «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 371 бұйрығына сәйкес, аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату арқылы мәңгі есте қалдыру аса көрнекті тұлғаның қайтыс болған немесе тарихи оқиғаның болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң жүзеге асырылады.
Мақаланың шыққан күні: 14.02.2019 11:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2019 11:11
Қаралым саны: 2501
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43