A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ-дағы шоттар саны 11,6 миллион бiрлiктен асты

БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 маусымындағы негiзгi көрсеткiштерi

2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттардың саны 1 миллион бiрлiкке жуық ұлғайды. Ағымдағы жылдың бiрiншi қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бiрлiктi құраса, 1 маусымда бұл көрсеткiш 11,6 миллионға (11 682 546) жеттi.

Шоттардың ең көп саны мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны он бiр миллионнан асты, дәлiрек айтқанда 11 111 389. Одан кейiнгi орынды иеленген мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан шоттардың саны 515 837-ге жеттi. Ерiктi зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) да саны арта түстi, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны — 55 320.

Жалпы шоттарда 11,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары шоғырланған. Жыл басынан берi сома 866 миллиард теңгеге немесе 8% ұлғайды.

Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы МЗЖ есебiнен қалыптасты және 11,4 трлн теңгенi құрады. МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 275,6 млрд теңге болды (жыл басынан бергi өсiм 12%), ЕЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеден асты (өсiм 7%).

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемiнде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткiштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95% астамы БЖЗҚ — ға МЗЖ түрiнде аударылған түсiмдердiң үлесiнде, оның сомасы — 408 млрд теңге, ал МКЗЖ — 20 млрд теңгеден астам, ЕЗЖ — 134 млн теңгенi құрайды.

Төлемдер 62,4 млрд теңге болды, оның басым бөлiгi жасы бойынша төлемдерге (24,7 млрд теңге), ҚР-дан тыс жерлерге ТТЖ-ға кету бойынша (14,2 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (13,3 млрд теңге), мұрагерлерге (8,6 млрд теңге), жерлеуге (0,9 млрд теңге) тиесiлi.

2020 жылдың басынан бастап 1 маусымына дейiнгi жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 499 млрд теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелдi, бұл өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 272,4 млрд теңгеге артық. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi инфляция 6,7% болғанда 8,9% құрады, яғни зейнетақы активтерi бойынша нақты кiрiстiлiк оң көрсеткiшке ие.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2020 17:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.08.2020 17:11
Қаралым саны: 256
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43