A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Жинақтаушы зейнетақы жүйесi кезеңiндегi таза инвестициялық табыс 5 триллион теңгеден асты

2020 жылдың 1 тамызына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.08.2019 жылдан бастап 01.08.2020 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 19% өстi. Бәрiмiзге белгiлi, бұл сомаға зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс кiредi.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тамызына дейiн БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 752,98 млрд теңге мөлшерiндегi таза инвестициялық табыс есептелдi, ол өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 389,77 млрд теңгеге артық.

Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетiн, есебiн БЖЗҚ жүргiзетiн зейнетақы жарналарын сенiмгерлiкпен басқарушы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi (ҚР ҰБ) түрлi қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банк зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiне және БЖЗҚ инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттерiне сай инвестициялайды.

Тәуекелдердi азайту мақсатында қаржы құралдары инвестициялаудың түрлерi, бағыттары, оның iшiнде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазiргi уақытта инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлiгi — АҚШ долларымен номиналданады.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижелерiне сәйкес күн сайын қайта есептеледi және қайта бағаланады.

Инвестициялық кiрiс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түрiндегi табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған табыстар және т. б. кiредi. Инвестициялық табыс — тұрақсыз шама, сол себептi ол қысқа мерзiмдiк кезеңде оң немесе терiс болуы мүмкiн.

Сонымен қатар зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл кезеңде талдаған дұрыс екендiгiне назар аударамыз. Қысқа мерзiмдi деректер (күн сайынғы, ай сайынғы және т. б.) — көрсеткiш бола алмайды, өйткенi, олар күнделiктi нарықтық жағдайдың өзгеруiне тәуелдi.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың тамыз айына дейiн зейнетақы активтерiн басқару кезеңiнде Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемiнiң 33% астамын немесе 4,0 трлн теңгенi құрады.

Қазақстанда 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесi енгiзiлген күннен бастап 2020 жылдың 1 тамызына дейiнгi кезең iшiндегi таза инвестициялық табыс 5 трлн теңгеден асып түскенiн атап өткен жөн. Жинақтаушы зейнетақы жүйесi жүмыс iстеген кезеңдегi инвестициялық табыстың бiртiндеп өсу нәтижесi — 577%. Бұл реттегi инфляцияның бiртiндеп өсу нәтижесi — 479,4%. Осылайша зейнетақы активтерiнiң 2020 жылдың 1 тамызындағы нақты табыстылығы 97,6 % құрады.

Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi айқын, әрi ашық жүргiзiледi: әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетi немесе ұялы қосымша арқылы бақылап отыру мүмкiндiгiне ие. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпаратты да ала алады, ол БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде тұрақты жарияланып отырады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Чистый инвестиционный доход за годы накопительной пенсионной системы превысил 5 триллионов тенге

На 1 августа 2020 года на счетах вкладчиков Единого накопительного пенсионного фонда сформированы пенсионные накопления на сумму 12,1 триллионов тенге. За год с 01.08.2019 года по 01.08.2020 года сумма увеличились почти на 1,9 триллионов тенге или на 19%. Как известно, эта сумма включает в себя пенсионные взносы и инвестиционный доход.

С 1 января по 1 августа 2020 года на счета вкладчиков ЕНПФ был зачислен чистый инвестиционный доход в размере 752,98 млрд тенге чистого инвестиционного дохода, что на 389,77 млрд тенге больше в сравнении с аналогичным периодом прошлого 2019 года.

Напомним, что поступающие на индивидуальные пенсионные счета (ИПС) пенсионные взносы, учет которых ведет ЕНПФ, инвестируются доверительным управляющим пенсионными активами — Национальным Банком Республики Казахстан (НБРК) в различные финансовые инструменты. Нацбанк инвестирует пенсионные активы в соответствии с перечнем финансовых инструментов, разрешённых к приобретению за счёт пенсионных активов, утверждённым Правительством Республики Казахстан, и лимитов инвестирования в соответствии с Инвестиционной декларацией ЕНПФ.

С целью минимизации рисков финансовые инструменты диверсифицируется по видам, направлениям инвестирования, в том числе валютам. В настоящее время около 2/3 инвестиций номинированы в тенге и около 1/3 — в иностранной валюте, большая часть последних — в долларах США.

Сумма пенсионных накоплений вкладчиков (получателей) пересчитывается и переоценивается ежедневно в соответствии с результатами инвестирования пенсионных активов.

В состав инвестиционного дохода входят доходы в виде вознаграждения по ценным бумагам (вкладам и другим операциям), доходы в виде рыночной переоценки финансовых инструментов, доходы в виде валютной переоценки, доходы по активам, находящимся во внешнем управлении и т.д. Инвестиционный доход является величиной непостоянной и может быть, как положительным, так и отрицательным в краткосрочном периоде.

Вместе с тем, обращаем внимание, что пенсионные накопления — это долгосрочные инвестиции и анализировать размер инвестиционного дохода целесообразно за период не менее 1 (одного) года. Краткосрочные данные (ежедневные, ежемесячные и т.д.) — не являются показательными, т.к. зависят от ежедневной рыночной конъюнктуры.

Так, инвестиционный доход, обеспеченный Национальным Банком за период управления пенсионными активами с сентября 2013 года по август 2020 года, составил более 33% или 4,0 трлн тенге в общем объёме пенсионных накоплений.

Отметим, что за период с даты введения в Казахстане накопительной пенсионной системы в 1998 году до 1 августа 2020 года чистый инвестиционный доход превысил отметку в 5 трлн тенге. За весь период накопительной пенсионной системы инвестиционная доходность нарастающим итогом составила 577%. При этом инфляция нарастающим итогом составила 479,4%. Таким образом, реальная доходность пенсионных активов на 1 августа 2020 года составляет 97,6 %.

Отметим, что вся система инвеступравления и учета пенсионных активов является прозрачной: каждый вкладчик имеет возможность видеть свой инвестиционный доход в личном кабинете на сайте enpf.kz или в мобильном приложении и вместе с тем получать информацию по инвестиционному управлению пенсионными активами ЕНПФ и о финансовых инструментах, в которые размещены пенсионные активы ЕНПФ, публикуется на официальном сайте ЕНПФ (www.enpf.kz) в разделе «Показатели/Инвестиционная деятельность».

ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz)

Мақаланың шыққан күні: 03.09.2020 13:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.09.2020 13:10
Қаралым саны: 146
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43