A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
ЕАЭО елдерiнде еңбек ету кезiнде ҚР азаматтарына ненi бiлу керек

2019 жылдың 20 желтоқсанында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерiнiң басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше- мемлекеттердiң еңбеккерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы келiсiмге қол қойды. Ол ЕАЭО елдерiнiң еңбеккерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiн реттейдi.

Келiсiмге қол қойылды.Бiрақ ол ЕАЭО-ның барлық елдерiнiң парламенттерi бекiткеннен кейiн ғана өз күшiне енедi.

Дегенмен ЕАЭО елдерiнiң азаматтарына, соның iшiнде ЕАЭО елдерiнде еңбек ететiн Қазақстан Республикасының азаматтарына мыналарды бiлу қажет:

1) ЕАЭО елдерiне: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей жатады;

2) Келiсiмде басқа мүше-мемлекеттiң аумағында еңбек немесе өзге де қызметiн жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтарын қалыптастырған не қалыптастырып жүрген ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттiң азаматы еңбеккер болып есептелетiнi айқындалған;

3) Еңбекшiлердiң зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналасқан мемлекеттiң азаматтарының зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын тәртiп пен жағдайларда зейнетақы жарналары есебiнен жүзеге асырылады.

Зейнетақы жарналарына:

Арменияда — зейнетақы алуға құқық беретiн салықтар және (немесе) өзге де жарналар;

Беларусьте — мiндеттi зейнетақы сақтандырылуына аударылған сақтандыру жарналары;

Қазақстанда — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынааударылған зейнетақы жарналары;

Қырғызстанда — Зейнетақықорына және Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған сақтандыру жарналары;

Ресейде — мiндеттi зейнетақы сақтандырылуынааударылғансақтандыру жарналары жатады.

ЕАЭО-ға мүше әр елде зейнетақы жарналарыресми түрде жұмысқа орналасқан, яғни еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс iстеп жүрген еңбеккерлер үшiн аударылады, тиiсiнше, егер азамат көлеңкелi секторда еңбек етiп жүрген болса, онда ол үшiн зейнетақы жарналары аударылмайды және оған қатыстыбұл Келiсiм қолданылмайды.

Осыған байланысты еңбеккерлерге, соның iшiнде ЕАЭО елдерiнде еңбек қызметiн жүзеге асыратын немесе болашақта жүзеге асыруды жоспарлап жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы құқықтарын қалыптастыру және оларды кейiннен Келiсiм аясында iске асыру мақсатында (Келiсiм күшiне енгеннен кейiн ЕАЭО елдерiнде жинақтаған еңбек өтiлi үшiн зейнетақы алу) жұмыс берушiлермен мiндеттi түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарын жасау қажет.

 

Мақаланың шыққан күні: 26.05.2020 14:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.05.2020 14:32
Қаралым саны: 625
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43