2020 жылғы 13 шілде - Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы  | Зейнетақы төлемдерін алдын-ала есептеу туралы не білуіңіз керек
A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зейнетақы төлемдерін алдын-ала есептеу туралы не білуіңіз керек

Зейнетақы тағайындау туралы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызметтердiң сапасын жақсарту және көрсету уақытты қысқарту мақсатында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы азаматтарға зейнетақы төлемдерiн алдын-ала есептеу туралы кеңес бередi.

Кеңес алу үшiн және алдын-ала есептеу үшiн өтiнiш берушi зейнет жасына жеткенге дейiн үш ай бұрын мемлекеттiк корпорация филиалының әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмдерiнежүгiне алады немесе құжаттарды Zeinetker@goscorp.kzэлектронды поштасына жiбере алады.

Кеңес алу үшiн сiзде жеке басын куәландыратын құжат, еңбек кiтапшасы, бiлiмi туралы диплом және әскери билетi болу керек. Сондай-ақ әйелдерге неке туралы, баланың туу туралы куәлiктерiн беру керек.Еңбек кiтапшасы болмаған жағдайда сiз мұрағаттық анықтамаларды, сот шешiмiн, жұмыс өтiлiн растайтын құжаттарды ұсына аласыз.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды заңға сәйкестiгiн тексередi.Еңбек өтiлiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарда сәйкессiздiк болған жағдайда филиал қызметкерi өтiнiш берушiге құжаттарды растау бойынша әрi қарайғы әрекеттер туралы хабарлайды.

Содан кейiн электрондық поштаға өтiнiш түскеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi алдын-ала есептеу туралы ақпарат бередi.Мемлекеттiк корпорация филиалының әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмдерiне жеке жүгiнген кезде өтiнiш берушi сол күнi консультация мен алдын-ала есеп алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» КЕ АҚ Ақмола облысы
бойынша филиалы

Мақаланың шыққан күні: 11.10.2019 11:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.10.2019 11:15
Қаралым саны: 1128
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43