2020 жылғы 13 шілде - Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы  | «БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»
A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

20 қыркүйек 2019 жыл

«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есiк күнi»

«Ашық есiк күнi» Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшiн дәстүрлi түрде өткiзiлуде. Бүгiн халықпен кезектi кездесу өттi, ал басты күн тәртiбiндегi тақырып — «Ерiктi зейнетақы жарналары».

Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ, себебi ерiктi зейнетақы жарналары келешекте еңбек сiңiрген демалысқа шыққан кезде азаматтар үшiн қосымша қаржылық қолдау бола алады.

Ерiктi зейнетақы жарналарының басты артықшылығы — салымшы өзi үшiн отбасы бюджетiне ыңғайлы соманы анықтап, шотқа салуға құқылы. Бұл жерде аударым сомасы ғана емес, олардың жүйелiлiгi де маңызды. Кездесуде заңды тұлғалардың өз қызметкерлерi үшiн ақшаны ерiктi түрде қалай сала алатынын бiлгiсi келетiн түрлi компаниялар өкiлдерiнiң көп болғанын атап өткiмiз келедi.

Жеке тұлғалардың үшiншi тұлғалар үшiн ерiктi жарналар салу мәселесiне де көңiл бөлiндi. Көбiне бұл рөл жақындар немесе туғандар үлесiне тиiп жатады, мысалы, үй шаруасындағы өз жұбайының зейнетақы шотын толтыратын жолдасы, қазiр жұмыс iстей алмайтын ата-анасы үшiн ерiктi жарналар салатын балалары немесе басқа туысқандары және үшiншi тұлғалар.

Ерiктi зейнетақы жинақтарын жалпы зейнет жасынан әлдеқайда ертерек — 50 жастан бастап пайдалануға болатынына ерекше көңiл бөлiндi. Бұл туралы толық ақпаратты https://www.enpf.kz/ru/services/recipient/voluntary-benefits.php сiлтемесi арқылы бiле аласыздар.

«Ашық есiк күнiне» келген адамдар зейнетақы калькуляторы арқылы өз зейнетақысын мiндеттi жарналарды ескерiп есептеп қана қоймай, ерiктi жарналар салғаннан кейiнгi мүмкiн пайданы да есептеп көрдi.

«БЖЗҚ» АҚ филиалдарының барлығында iс-шараға қызығушылықпен көп адам қатысып жандандыра түстi.

«Ашық есiк күнiнiң» соңында қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тiлектерi мен ескертулерiн айту мүмкiндiгi берiледi. Олардың барлығы жуырда мiндеттi түрде ескерiлетiн болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 23.09.2019 14:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.09.2019 14:44
Қаралым саны: 1101
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43