A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні – зейнетақыны бірге жоспарлайық

2019 жылғы 29 қараша

«Ашық есiк күнi» — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) салымшылары үшiн дәстүрлi шараға айналды. Бұл жолы БЖЗҚ филиалдарының қызметкерлерi салымшылар мен алушыларды Қор кеңселерiнде емес, «Нұр-Отан» партиясының өңiрлiк филиалдарында қарсы алды.

«Зейнетақыны жоспарлау» — күн тәртiбiндегi басты тақырып болды.

Өздерiңiзге белгiлi, Қазақстанда зейнетақы жүйесi бiрнеше деңгейден және төлем көздерiнен тұрады. Базалық және ортақ зейнетақы мемлекеттiк бюджет есебiнен, ал жинақтаушы зейнетақы — мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленедi.

Зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершiлiгi мемлекет, жұмыс берушi және жұмыскер арасында оңтайлы үлестiрiлген. Сондықтан мiндеттi зейнетақы жарналарын жұмыс берушiнiң Қорға уақытылы аударып отыруы жұмыскер үшiн өте маңызды. Өйткенi болашақ зейнетақының қандай болатындығы жарналардың көлемi мен аударылу жиiлiгiне тiкелей байланысты.

Қордағы жинақ ақшаңыздың жай-күйiмен үнемi хабардар болып отыру үшiн ұялы телефоныңызға Қордың ENPF мобильдi қосымшасын жүктеп алуыңызға болады. Онда push-хабарлама қызметi бар. Оны пайдалану үшiн қосымшаның «Баптау» бөлiмiне кiрiп, (push-хабарламаны қосу/өшiру) осы қызметтi iске қоссаңыз болды. Сонда зейнетақы шотыңызға мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары келiп түскен сәтте, экранда пайда болатын қысқаша хабарлама Сiзге бұл туралы хабарлап отырады.

«Ашық есiк күнi» барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары келушiлерге мобильдi қосымшаның басқа да мүмкiндiктерi туралы әңгiмеледi. Мысалы, зейнетақы калькуляторы. Сол арқылы болашақ зейнетақыңыздың болжамды мөлшерiн есептей аласыз. Зейнетақы калькуляторы келушiлер арасында ерекше сұранысқа ие болды. Көп адам қосымшаны осы шара барысында телефондарына жүктеп алып жатты. Бұдан басқа, азаматтар ерiктi зейнетақы жарналарына да қызығушылық танытты. Бұл жарналар болашақ зейнетақының көлемiн арттыруға едәуiр септiгiн тигiзедi.

Қор мамандары «Жинақтар құнсызданып кетуi мүмкiн» деген қауесеттердi жоққа шығарды. Жинақтаушы жүйде мұндай жағдай орын алуы мүмкiн емес. Өйткенi мұнда әрбiр салымшының атына жеке зейнетақы шоты ашылады. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түсiп отырады. Мұны Қор сайтының жеке кабинетi арқылы көз жеткiзуге болады. Жинақ ақша әрбiр салымшының меншiгi. Оның үстiне бiздiң елiмiзде зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететiн бiрегей модель жұмыс iстейдi. Соған сәйкес мемлекет инфляция деңгейiн ескере отырып, жарналардың мiндеттi түрлерiнiң нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Аталмыш шара елiмiз бойынша жоғары деңгейде өттi. Қатысуға ниет бiлдiрушiлер көп болды және олар жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметiне ерекше қызығушылық танытты. Сондай-ақ шараға мемлекеттiк/ мемлекеттiк емес органдардың: тұрғындарға әлеуметтiк қызмет көрсететiн қоғамдық бiрлестiктер, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар Басқармасы және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының өкiлдерi қатысты.

«Ашық есiк күнi» соңында барлық қатысушыларға арнайы бағалау сауалнамасын толтыру ұсынылды. Сауалнамда келтiрiлген пiкiрлер мен ұсыныстардың барлығы жақын уақытта ескерiлетiн болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 03.12.2019 10:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.12.2019 10:58
Қаралым саны: 285
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43