A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу аясында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Нұр-Отан» партиясының өңiрлiк филиалдарында «Ашық есiк күнi» шарасын өткiзедi.

Басты тақырып: «Зейнетақыны жоспарлау».

Қазiр зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты ең бiр маңызды сұрақтардың бiрi — болашақ зейнетақыны қалыптастыру. Өйткенi әрбiр Қазақстан азаматы болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды. Ал бұған қалай қол жеткiзуге болады? Болашақ зейнетақының көлемiн алдын-ала есептеудiң жолы бар ма? Ерiктi жарналар зейнетақыны арттыруға қаншалықты септiгiн тигiзедi?

Қор мамандары мен әлеуметтiк қамсыздандыру саласында жұмыс iстейтiн мемлекеттiк құрылымдардың өкiлдерi осы және өзге де сұрақтарға жан-жақты жауап беретiн болады.

«Ашық есiк күнi» шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат — жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi жайында салымшыларға толыққанды мағлұматтар беру.

Бiз сiздердi Көкшетау қаласы, Ауельбеков көшесi 117 үй мекенжайында орналасқан «Нұр-Отан» ғимаратында күтемiз!

Мақаланың шыққан күні: 21.11.2019 16:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2019 16:00
Қаралым саны: 958
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43