A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зерендi ауданының әкiмi Б. Ғайсаның ауданның 2019 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған мiндеттерi бойынша халықпен есептi кездесулерiндегi баяндамасы

Құрметтi зерендiлiктер!

Ауданда жыл басынан барлық деңгейдегi әкiмдердiң халық алдындағы дәстүрлi есеп берулерi басталады. Бұл кездесулер атқарушы билiктiң халықпен жемiстi диалогының орны, оның көптеген проблемалық мәселелердi шешуде жауапкершiлiгiн арттыру құралы болып табылады.

Зерендi ауданының 2019 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындыларын талдай отырып, жалпы алғанда барлық негiзгi көрсеткiштер бойынша тұрақты өсiмдi сақтап қалғанымызды атап өту қажет. Экономиканың дамуы және халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыру үшiн дәйектi шаралар қолданылуда.

Жалпы, Қазақстан үшiн 2019 жыл маңызды, атаулы оқиғаларға толы жыл болғанын, оның iшiнде "Nur Otan" жетекшi партиясының құрылғанына 20 жыл, Ауғанстаннан әскерлердiң шығарылғанына 30 жыл, тың және тыңайған жерлердi игерудiң басталғанына 65 жыл толғанын атап өткен жөн. 2019 жылды — Жастар жылы деп жариялау жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа серпiнi болды.

Өткен жылдың ең маңызды оқиғаларының бiрi — Президент сайлауы болды. Қазақстан халқы елiмiздiң Тұңғыш Президентi, Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың саяси бағытын табысты жалғастырып келе жатқан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты сайлап, елiмiздiң болашағы үшiн өзiнiң бiрлiгiн, бiрауыздылығын және азаматтық жауапкершiлiгiн тағы да дәлелдедi.

Ел басшылығының алдымызға экономиканы одан әрi дамыту, халықтың өмiр сүру сапасын жақсарту турасында қойған мiндеттерiн жүзеге асыру бойынша Ақмола облысының құрамында бiздiң ауданымыз да белгiлi бiр үлес қосып келедi.

2019 жылы Зерендi ауданы 300 млрд. теңгеден астам немесе 2018 жылдың салыстырмалы кезеңiне 121,1% (228,5 млрд. теңге) құраған жалпы өндiрiс көлемiнiң айтарлықтай өсуiне қол жеткiздi.

Экономиканың жетекшi салаларының құрылымы былайша қалыптасты:

- өнеркәсiп 82%

- ауыл шаруашылығы 14,8%

- басқа салалар 3,2%.

ӨНЕРКӘСIП

Ақмола облысының өнеркәсiп өндiрiсiнiң құрылымында Зерендi ауданының үлесi 32,2% құрайды.

Өнеркәсiптiк өндiрiстегi негiзгi үлестi «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Айдабол спиртзауыты» АҚ, «Milk Projekt» ЖШС, «Алексеевка доломит кенiшi» ССКӨБ АҚ, «Неруд Көкшетау» ЖШС алады.

2019 жылы ауданның өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 248 млрд. теңгеден астам соманы немесе 2018 жылдың кезеңiмен салыстырғанда 120,7% құрады.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасы аясында 2019 жылы Қонысбай ауылдық округiнде «Блиц Терминал» ЖШС-нiң жалпы құны 1 млрд. теңге құрайтын (өндiрiстiк қуаттылығы жылына 252 тонна өнiм) құс фабрикасының құрылысы бойынша жобасы жүзеге асырылды, бүгiнгi күнi құс өсiрудiң бiрiншi блогын пайдалану кезiнде ғана 126,5 млн. теңгеге 178 тонна бройлер етi өндiрiлдi.

М.Ғабдуллин ауылдық округiнде асыл тұқымды мал басының қолданыстағы бордақылау алаңын 10 мың басқа дейiн кеңейту бойынша «Щучинский гормолзавод" ЖШС-нiң жобасы iске асырылды, жобаның құны шамамен 4 млрд. теңгенi құрады.

АГРОӨНЕРКӘСIП КЕШЕНI

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы көлемi 44,8 млрд. теңгенi немесе өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда 120% (35,3 млрд. теңге) құрады.

Барлық агротехникалық iс-шараларды тиiстi деңгейде өткiзу және бiздiң диқандарымыздың қажырлы еңбектерi арқасында 194 мың гектар алаңынан 283 мың тонна астық алынып, орташа өнiмдiлiк гектарынан 15,4 центнер құрады (облыс бойынша 2 орын).

2019 жылы аудан бойынша тұқымдық түрлендiруге 7 мыңға жуық аналық мал қатысты, бұл 30,5% құрайды (тұқымдық түрлендiру бойынша жұмыстарды жүргiзу аясында есептi кезеңде 266 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынды).

Өткен жылы бұқаларды бордақылау алаңдарына жеткiзу 100%-ға қамтамасыз етiлдi (1850 бас). 300 басқа арналған 1 қой шаруашылығы фермасы құрылды («Нұрсат» ШҚ, Чаглинка а/о), 10 iрi қара мал етi фермасы iске қосылды. Iрi қара мал өсiру бойынша тағы 3 ет фермасын құру жұмыстары жүргiзiлуде (Ақкөл, Күсеп, Қанай би а/о).

Iрi қара мал басы 10% — ға, оның iшiнде сиыр 8,5% — ға, жылқы 7,8% — ға, ұсақ мал 3,8% — ға, құс 5% — ға өстi.

2019 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 2,7 млрд. теңгеден астам сомаға 139 бiрлiк ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды (2018ж. — 107 бiрлiк, 1,0 млрд. теңгеге).

Өткен жылы ауданның шаруашылық субъектiлерiнiң жалпы ауданы 456,7 мың га құрайтын жайылымдарды, егiстiктердi, көп жылдық екпелер мен шабындықтарды цифрлау бойынша жұмыстар толық жүргiзiлдi.

Ағымдағы жылы Симферополь ауылында 400 басқа арналған «Мilk Projekt» ЖШС-нiң сүт-тауар фермасының құрылысы аяқталды, жобаның құны 350 млн. теңгенi құрады. Бұл кәсiпорынмен 2020 жылы Бұлақ және Садовое ауылдық округтерiнде жалпы қуаттылығы 500 бас iрi қара мал құрайтын екi сүт фермасын ашу жоспарланып отыр.

Мал шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi суландыру және айналымға тарту шеңберiнде Ортақ ауылдық округiнде ("Қадыров" ЖК) ұңғыма пайдалануға берiлдi.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Есептi жылы жер комиссиясының 23 отырысы өткiзiлiп, онда 665 өтiнiш пен қолдаухаттар қаралды.

4 аукцион өткiзiлiп, 128 млн. теңге сомасына 79 жер учаскесi сатылды.

Уақытша жер пайдалануға берiлген жер телiмдерiне 135 жалға беру шарты және 52 жер телiмдерiне жеке меншiк құқығын сатып алу шарты жасалды.

Жер учаскелерiн және жер учаскелерiн жалға алу құқығын сатудан жергiлiктi бюджетке 95,4 млн. теңге түстi. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуден жоғары тұрған бюджетке шамамен 60 млн. теңге түстi

Өткен кезеңде жалпы алаңы 43,2 мың га жерге 23 тексеру жүргiзiлдi, жалпы ауданы 47,8 мың га пайдаланылмайтын 36 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi анықталды.

Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 21 жер пайдалану субъектiсi тартылды және жалпы сомасы 6,5 млн. теңгеге он есе мөлшерде салық салу туралы хабарлама жiберiлдi (бүгiнгi таңда жер пайдаланушылармен 6,3 млн. теңге төлендi).

2019 жылы 7 субъект жалпы алаңы 13,5 мың га (жайылым) жер учаскелерiн пайдалана бастады. 2019 жылы 3 субъект өз еркiмен жалпы көлемi 1551 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден бас тартты.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Тiркелген шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 1734 бiрлiктi құрады, бұл 2018 жылғыдан 77 бiрлiкке артық (104,5%).

Шағын және орта кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамтылғандар саны 4,9 мың адамды немесе ауданның экономикалық белсендi халқының 18,3% құрады.

Есептi кезеңде шағын және орта бизнес субъектiлерiнен түскен жалпы түсiм — 1,75 млрд. теңгенi құрады немесе өткен жылдың деңгейiне 112,7% (1,4 млрд. теңге).

Бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемi 4,9 млн. теңгеге жуық, бұл 2018 жылдың кезеңiмен салыстырғанда 106,2% (4,6 млрд. тг).

49 жәрмеңке өткiзiлiп, оларда 70 млн. теңге сомасына өнiм сатылды.

Халықтың әлеуметтiк осал топтарына көмек көрсету үшiн аудан орталығының дүкендерiнде «Жақсылық сөрелерi» орнатылды, әрбiр ниет бiлдiрушi белгiлi бiр азық-түлiк тауарларын сатып алып, оны аталған сөрелерде қалдыра алады.

Әлеуметтiк маңызы бар азық — түлiк тауарларына бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу мақсатында тұрақты негiзде кәсiпкерлермен кездесулер өткiзiледi.

Кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту және ауыл халқын жұмыспен қамту мақсатында, есептi жылы жеке қаражат және нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасы есебiнен жалпы 260 млн.теңгеге 59 бизнес-жоба iске асырылды.

САЛЫҚТАР ЖӘНЕ БЮДЖЕТ

Өткен жылы аудан бойынша салықтардың жалпы түсiмi 54,7 млрд. теңгенi немесе жоспарға 135,4% құрады.

2020 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетiнiң кiрiс бөлiгi 100,1%-ға орындалды, бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң орындалуы — жоспар бойынша 8,4 млрд.теңге немесе 100% құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Есептi жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемi 26,7 млрд. теңгенi немесе 2018 жылға 150,4% (17,8 млрд. теңге) құрады.

Инвестициялардың негiзгi үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына — 77,4%, бюджет қаражатына — 17,4%, банк несиелерiне және басқа да қарыз қаражатына — 5,2% келедi.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемi 9,65 млрд. теңгенi немесе 2018 жылға 139% (2018ж. — 6,98 млрд. теңге) құрады.

Сонымен қатар, 8 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi (халықтың қаражаты есебiнен жеке тұрғы үй құрылысы, Зерендi ауылы, Тәуелсiздiк көшесi бойынша көп пәтерлi тұрғын үй), бұл 2018 жылдың деңгейiне 139,4% құрайды (2018ж. — 5,8 мың шаршы метр енгiзiлдi).

«Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша Ақкөл (175 учаске) және Садовое (115 учаске) ауылдарындағы жеке тұрғын үй құрылысы объектiлерiне электрмен жабдықтау желiлерiн салу бойынша екi жылдық жобалар iске асырылуда, олардың аяқталуына республикалық бюджеттен 2020 жылға жалпы 138 млн.теңге бөлiндi (Ақкөл — 71,7 млн. тг, Садовое — 66,3 млн. тг.).

Аудан орталығында тұрғын үй құрылысы бойынша белгiлi жұмыстар жүргiзiлуде. Зерендi ауылының бас жоспарын түзету мақсатында облыстық бюджеттен 47 млн.теңгеден астам қаражат бөлiндi. Жаңа тұрғын үй массивiне электрмен жабдықтау желiлерiн және су құбыры желiлерiн салуға конкурстық рәсiмдер аяқталу сатысында, аталған жобалардың құны 260 млн. теңгеден астам.

Зерендi ауылындағы Тәуелсiздiк көшесiнде жеке инвестициялар есебiнен «Регион строй» ЖШС-мен 21 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға енгiзiлдi, пәтерлер азаматтарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ жүйесi арқылы сатылады.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ағымдағы жылы «Ауыл — ел бесiгi» бағдарламасы бойынша аудан орталығының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту аясында республикалық бюджеттен 1,2 млрд.теңге қаржы бөлiндi.

Аудан орталығының 9 көшесi (Тәуелсiздiк, Лесная, Ленин, Iлиясов, Чехов, Горький, Ғабдуллин, Школьная, Гагарин) бойынша 1,0 млрд.теңгеден астам сомаға асфальт жабынды көше-жол желiсiне, сондай-ақ орталық қазандық пен су құбыры желiлерiне жөндеу жүргiзiлдi.

Жалпы, Зерендi ауылының көше-жол желiсiнiң 96 шақырымдық автомобиль жолдарының 26 километрiне жаңа асфальте төселiп, тротуарлар мен нөсер ағындары орнатылды.

Облыстық бюджет қаражаты есебiнен 50 млн. теңге сомасына аудан орталығының көше-жол желiсiнiң автомобиль жолдарына және бiрқатар ауыларалық жолдарға ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы аясында 5 ауылдық округте (Бәйтерек, Троицк, Қызылегiс, Айдабол, Күсеп) жалпы 3,9 млн. теңге сомасына кентiшiлiк жолдарды ағымдағы жөндеу және Зерендi ауылындағы су өткiзу ғимаратына 2,2 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

«Елiктi тау шаңғысы базасына кiреберiс» автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жұмыстар 215 млн.теңгеге атқарылды.

2019 жылы мектеп және мектепке дейiнгi мекемелердiң жанында орнатуға арналған 120 жол белгiлерiн сатып алуға 1,4 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiндi.

Жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтуге 11 ауылдық округке (Сарыөзек, Исаковка, Айдабол, Викторовка, Қанай би, Приречен, Садовый, Чаглинка, Қызылегiс, Қызылсая, Бәйтерек) өткен жылы аудандық бюджеттен жалпы сомасы 24,3 млн. теңге қаржы бөлiнiп, игерiлдi.

«Ауыл — ел бесiгi» бағдарламасы аясында Зерендi ауылында 31,6 млн. теңгеге ұзындығы 2 километрден астам су құбыры желiлерiне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, бұдан басқа, аудан орталығы бойынша 2 км жылу желiлерi жөнделдi.

Қонысбай ауылында «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы аясында 1,5 млн. теңгеге сумен жабдықтау желiлерiн ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Алексеевка кентiндегi су құбыры желiлерiн қайта жаңартуға 8,5 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзiрлеу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, жобаны iске асырудың болжамды сомасы 380 млн. теңге құрайды.

Өткен жылы ауданның ауылдық елдi-мекендерiн абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау айлығы шеңберiнде 199 таза бейсенбiлер мен сенбiлiктер өткiзiлдi, 3 мың текше метрге жуық түрлi қоқыс пен қалдықтар шығарылды, 24 заңсыз қоқыс орындары жойылды, шамамен 3,5 мың ағаш пен бұта отырғызылды.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы аясында 10 ауылдық округте 16 млн. теңгеден астам сомаға көше бойындағы шамдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Зерендi ауылында жалпы сомасы 7 млн. теңгеге 4 балалар алаңы, 2 "Воркаут" спорт алаңы жабдықталды, сонымен қатар ауданның 7 ауылдық елдi- мекенiнде жалпы сомасы 6 млн. теңгеге балалар алаңы орнатылды.

Қызылсая, Ақан, Уголки, Баратай ауылдарында ҚТҚ полигондары үймелендi.

ТУРИЗМ

Зерендi ауданында адамдарды орналастыра алатын 40-тан астам туризм объектiлерi бар, олардың 11-i жыл бойы жұмыс iстейдi.

Соңғы жылдары туризм саласына инвестициялар құю 375 млн. теңгеден асты, өткен жылы туризм объектiлерi 85 мың адамға қызмет көрсеттi (туристiк объектiлердiң деректерi бойынша).

Есептi кезеңде туризм объектiлерiнен түсетiн салықтардың жалпы түсiмi шамамен 80 млн. теңгенi құрады (2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 102,0% (76,6 млн.теңге).

Зерендi курорттық аймағын дамыту үшiн 2025 жылға дейiнгi Зерендi курорттық аймағын дамыту жоспары әзiрлендi және Ақмола облысының әкiмiмен бекiтiлдi.

Ағымдағы жылы «Щучинск-Зерендi» жаңа автомобиль жолы iске қосылды, ол ауданда туризмдi одан әрi дамытуға жақсы серпiн бередi, сондай — ақ шағын кәсiпкерлiктi дамытудың маңызды факторы болады. Ол жаңа жол бойындағы сервис объектiлерiнiң құрылысы (ЖҚС, кемпингтер, дәмхана-қонақ үйлер, дөңгелек жөндеу және т.б.), бұл өз кезегiнде жаңа жұмыс орындарын ашады.

Бiздiң ауданымыздың аумағында көптеген қасиеттi жерлер бар, өңiрiмiз сонысымен де туристердi өзiне тартады.

Туристер көп баратын киелi орындардың бiрi — Уәли хан, Қосағалы батыр, Бөгенбай би мазарлары, Балқадиша мүсiнi, Кеңөткел ауылындағы жерлеу орындары және тағы басқалары. «Әулие бұлақ» және «Әулие тас» қасиеттi жерлерде қажылық жасауды ұйымдастыру үшiн орындар бар.

БIЛIМ

Аудан бойынша 10 балабақша жұмыс iстейдi (соның iшiнде 3 жекеменшiк балабақша Зерендi, Айдабол, Садовое ауылдарында). Бүгiнгi таңда 3-6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен қамту 100% — ды құрады.

63 жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi, онда 5 596 бала оқиды.

2019-2020 оқу жылының басынан М.Ғабдуллин атындағы мектеп мектеп-гимназияға ауыстырылды, Ақкөл орта мектебiнiң жанында кадет сыныбы ашылды.

Қорытынды аттестаттау емтихандарының қорытындысы бойынша 7 түлек «Алтын белгi» иегерi атанса, 1 түлек үздiк аттестатқа ие болды.

Аудан мектептерiнде Жалпыоқыту қоры есебiнен әлеуметтiк қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 724 баланы тегiн және бағасы жеңiлдетiлген тамақпен 100% қамту қамтамасыз етiлдi (оның iшiнде 349 көп балалы отбасыдан).

Жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтiк қолдауға мұқтаж санаттағы 181 балаға 1,5 млн. теңге сомасына материалдық көмек көрсетiлдi. 2019 жылдың қараша айында жалпы бiлiм беру қорынан көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан 750 оқушыға 9,7 млн.теңге аударылды.

Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендердi (4,9,10 сыныптар және басқа сыныптар үшiн қосымша оқулықтар) сатып алу үшiн 2019-2020 оқу жылына 70,4 млн. теңге бөлiнiп, игерiлдi.

Жазғы кезеңде оқушылардың 100%-ы әртүрлi демалыс және жұмыспен қамту түрлерiмен қамтылды.

Барлық мектептер интерактивтi құралдармен жабдықталған, 178 мультимедиялық жабдықтар жиынтығы бар. Қазiргi уақытта террористiк тұрғыдан осал тiзiмiне кiретiн 12 бiлiм беру ұйымдарында бейнебақылау жүйесi орнатылған.

Өткен жылы Еленовка орта мектебiнде күрделi жөндеу жүргiзiлдi (республикалық және жергiлiктi бюджет қаражатынан 159 млн. астам теңге бөлiндi).

Аудандық бюджет есебiнен 11,5 млн. теңгеден астам сомаға №1 ЗОМ, №2 ЗОМ кiреберiсiн, М. Ғабдуллин ауылындағы мектептiң шатырын, Азат НМ жылыту жүйесiн жаңарту, Алексеевка ОМ спорт залының шатырын ауыстыру және Бiрлестiк ОМ спорт залын жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ауданның медициналық көмек көрсететiн емдеу мекемелерiнiң желiсiне орталық аудандық аурухана, 8 дәрiгерлiк амбулатория, 4 фельдшерлiк-акушерлiк және 54 медициналық пункт кiредi, оның iшiнде Көкшетау қаласының №1 Қалалық емханасына 14 медициналық пункт және 2 дәрiгерлiк амбулатория жалға берiлдi.

Зерендi ауданы бойынша денсаулық сақтау объектiлерiнiң жалпы жабдықталуы 72,3% — ға дейiн артты (2018ж. — 63,3%).

Есептi кезеңде тұрғындарды дәрiгерлермен қамтамасыз ету 2018 жылғы 8,3 промилледен 2019 жылы 9,8-ге дейiн артты.

Денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалдық базасы жақсаруда, облыстық бюджет есебiнен 28 млн. теңгеге 4D УЗИ аппараты сатып алынды, "SOS" медициналық жүйесi, оттегi концентраторы орнатылды, ИТП палатасына, операциялық және педиатриялық бөлiмшеге орталықтандырылған оттегi жеткiзу жүйесi тартылды.

Өз қаражаты есебiнен аудандық аурухана корпусының оңалту бөлiмшесiн, Чаглинка дәрiгерлiк емханасы жанындағы жаңадан ашылған мейiрбикелiк күтiм бөлiмшесiне жөндеу жүргiзiлдi, аурухана корпустарының бiрi медицина қызметкерлерiне арналған жатақхана болып қайта құрылды (15 орынға).

Аудандық аурухана жанынан 20 орындық оңалту бөлiмшесiн ашуға республикалық бюджеттен 52 млн. теңге бөлiндi.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

Есептi жылы 747 жаңа жұмыс орны құрылды (жоспар 643), 39 мүмкiндiгi шектеулi адам жұмысқа орналастырылды (жылдық жоспар 29 адам).

Жұмысқа орналасу мәселесi бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығына өтiнiш бiлдiрген тұлғалардың iшiнен жұмысқа орналасқандар үлесi 82,1% құрады, жылдық жоспар 78,9% болған (817 жүгiнгендердiң 671-i жұмысқа орналастырылды).

Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiмен 204 адамға қызмет көрсетiледi (оның iшiнде 189 жалғыз басты қарт азаматтар, 4 мүгедек, 11 ерекше қажеттiлiктерi бар балалар).

«Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасы бойынша «Бастау Бизнес», «Жас кәсiпкер» жобаларына сай кәсiпкерлiк негiздерiне оқытуға, әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға, жастар практикасына және ақылы қоғамдық жұмыстарға 530 адам жiберiлдi (жоспар 401 адам).

Өз бизнесiн ашу немесе кеңейту үшiн бағдарламаның 86 қатысушысына (жоспар 36) жалпы сомасы 346,3 млн. теңгеге несие берiлдi.

Жаңа бизнес идеяларды iске асыру үшiн 62 қатысушыға жалпы сомасы 15,6 млн. теңгеге гранттар төлендi. «Жас кәсiпкер» жобасы бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасы және мүгедектер санатындағы 55 жас азамат жалпы 28 млн. теңге құрайтын мемлекеттiк грантқа ие болды.

2019 жылы АӘК алушылар саны 465 отбасын құрады (2317 адам), оларға 235 млн. теңгеден астам қаражат төлендi.

Медициналық жоғары оқу орындары мен колледж студенттерiне 2015 жылдан бастап аудандық бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысы төленедi. Өткен жылы медициналық ЖОО-ның 13 студентiн оқытуға 8,4 млн. теңге, колледждiң 61 оқушысына 9,7 млн. теңге төлендi.

Жалпы, есептi кезеңде әлеуметтiк төлемдер сомасы 289 млн. теңгенi құрады (АӘК — 235,4 млн. теңге, тұрғын үй көмегi — 2,9 млн. теңге, мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету — 1,1 млн. теңге, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша жеке санаттағы азаматтарға төлемдер — 49,6 млн. теңге).

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Ауданның мәдениет мекемелерiнiң желiсi 59 объектiден тұрады, оның iшiнде аудандық Мәдениет үйi, орталық кiтапхана, 36 ауылдық клуб, тiлдердi оқыту орталығы және 20 ауылдық кiтапхана бар.

Өткен жылы 3650 әлеуметтiк-маңызды және мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлдi, қатысушылар саны 114 мыңнан астам адамды құрады.

Есептi мерзiмде «Арқа әуенi» халықтық фольклорлық ансамблiнiң солистi Алма Аханова «Қазақстан Республикасының өнер саласының үздiгi» құрметтi атағына ие болды, мәдениет ардагерi Күләш Рахымжанова мен солист Ұлтай Жүнiс республикалық және облыстық конкурстардың жеңiмпаздары болды. ҚР Мәдениет Министрлiгiнiң құрмет грамотасымен қажырлы еңбегi үшiн музыкант Бақыт Ұлатай марапатталды.

Республикалық «Үздiк кiтапханашы» байқауында кiтапханашы Гәкку Ғабдылманова 1 орынға ие болды.

Мәдениет мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн 2019 жылы аудан бюджетiнен 12,4 млн. теңге бөлiндi (сахналық костюмдердi тiгу, кiтаптар мен кiтапхана жабдықтарын, музыкалық аппаратура сатып алу, пеш-қазандықтарды ауыстыру, ауылдық клубтардың жылыту жүйелерiн жөндеу, құрал-саймандар және басқа да құралдар алу).

«Ауыл — ел бесiгi» арнайы жобасы аясында аудандық мәдениет үйiнiң шатырына, қасбетiне, спорт залына, жылу және кәрiз жүйелерiне күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, оған республикалық бюджеттен 63,5 млн. теңгеден астам қаржы бөлiндi.

Қазiргi уақытта дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшiн ауданда 200 спорт ғимараты жұмыс iстейдi. Өткен жылы ауданда 132 iс-шара өткiзiлiп, оған 12,5 мың адам қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елiктi ауылында тазы жарысы бойынша ауданның ашық Кубогы өткiзiлiп, Қазақстанның түрлi өңiрлерiнен өз жануарларымен 50-ден астам итбегiлер қатысты.

Ұлттық және халықтық спорт түрлерi бойынша «Құлагер» облыстық спартакиадасында аудан командасы 2 орынды, «Ақ бидай» жазғы спартакиадасында 3-орынды, мүмкiндiгi шектеулi адамдар арасындағы «Надежда» спартакиадасында 3 орынды иелендi.

Биыл облыстық «Хрустальный Колос» қысқы спартакиадасы бiздiң ауданда өтетiндiгi қуантады.

Жалпы, дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде айналысатын азаматтарды қамту 11,5 мың адам құрады, бұл жалпы халық санының 30%-нан жоғары.

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

2019 жылы аудан бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары мен арнайы жобалары бойынша 110-нан астам iс-шара өткiзiлiп, оған қатысушылар саны 27 мыңнан асты.

«Қазақстанның киелi географиясы» арнайы жобасы аясында аудандық мәдениет үйiнде «Ұлы даланың ұлы есiмдерi» фотогалереясы, «Ауданның киелi жерлерi» стендi орнатылды. Зерендi ауданында барлығы 16 тарихи-мәдени мұра объектiсi бар.

2019 жылы ауданның киелi жерлерiне 4 мыңға жуық адам келдi, олардың қатарына Қазақстанның барлық аймақтарынан келген орта және жоғары буын оқушылары мен туристерi кiрдi.

Есептi кезеңде 5 тарихи ескерткiш қайта жаңартылды: Уәли хан, Қосағалы батыр, Бөгенбай би мазарлары, «Әулие тас» және «Дүйсен би» кешендерi.

Жеке кәсiпкер, меценат Жұмағүл Жолдықов облыстық салтанатты марапаттау рәсiмiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында құрылған «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты атанды.

Белгiлi зерендiлiк кәсiпкер және меценат, «Агрофирма Берекет-2030» ЖШС басшысы Борис Козлов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуенi» республикалық форумында «Жомарт жан» төсбелгiсiне ие болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жыл қорытындысына сәйкес, облыс бойынша Зерендi ауданы үш үздiктердiң қатарында атап өтiлдi.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

2019 жылы мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi басымдықтарын iске асыруға бағытталған жүйелi жұмыс жалғастырылды. Аудан бюджетiнен осы мақсаттарға 11 млн. теңгеден астам қаржы бөлiндi.

Жастар жылы және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында Зерендi ауылында жастарға арналған заманауи Coworking-орталығы ашылды, оның жұмысы жаңа жобаларды iске асыруға, аудан жастарының бiлiмiн жақсартуға және нығайтуға бағытталған.

Iске асырылып келе жатқан «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша 2019 жылы жалпы сомасы 3,5 млн.теңгеге 20 жас адам көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етiлдi (денсаулық сақтау — 4 адам, бiлiм беру — 14 адам, мәдениет — 1 адам, АӨК — 1 адам), тұрғын үй сатып алу үшiн 85,8 млн. теңгеге 24 бюджеттiк кредит берiлдi (денсаулық сақтау — 5 адам, бiлiм беру — 16 адам, мәдениет — 3 адам).

Есептi жылы Жастар ресурстық орталығы шамамен 7 мың адамды тарта отырып, 80-нен астам iс-шара ұйымдастырды.

Жастардың әлеуетiн дамытуға бағытталған «Jas project» жобасы аясында 37 адам 13 әлеуметтiк маңызды жобаны жүзеге асыруға гранттарды иелендi, онлардың iшiнде 29 жұмыссыз және 8 өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Ауданда құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Жүйелi тәртiпте әр түрлi жедел-алдын алу iс-шаралары өткiзiледi.

Жалпы, өткен жылы ауданда 319 қылмыс тiркелдi (2018 ж. — 355).

Ауыр қылмыс түрлерiнiң 25,0% — ға, мал ұрлығының 13,5% — ға, пәтерлерден жасалған ұрлау қылмыстардың 9,5% — ға өсуiне жол берiлген.

Сонымен бiрге, денсаулыққа ауыр зиян келтiру түрлерi бойынша қылмыстың 87,5% — ға, тонау — 50% — ға, бөтен мүлiктi ұрлау — 22,6% — ға төмендегенi байқалады.

2019 жылы учаскелiк полиция инспекторларының қызметiн жақсарту үшiн тұрғын үймен бiрiктiрiлген 5 тiрек пунктi ашылды (Чаглинка, Қонысбай, Ақкөл, Алексеевка, М.Ғабдуллин), аудандық полиция бөлiмiнiң кезекшi бөлiмiне УАЗ автокөлiгi базасында мамандандырылған автокөлiк сатып алынды.

Құрметтi зерендiлiктер!

Жергiлiктi билiк органдарының барлық қызметi iшкi саяси тұрақтылықты сақтауға, Мемлекет басшысының саясатын және «Қазақстан — 2050», «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол», «100 нақты қадам» стратегияларын, Президенттiң Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негiзгi бағыттарын iске асыруға, этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi, азаматтық бiрлiктi одан әрi нығайтуды қамтамасыз етуге, халықтың мемлекеттiк органдарға деген сенiмiн арттыруға бағытталған.

Бүгiнгi күнi, әлемнiң дамыған 30 елiнiң қатарына кiру бойынша қойылған мiндеттерге қол жеткiзу үшiн бiз барлығымыз әлемде қалыптасып келе жатқан заманауи шынайылыққа бейiмделуiмiз қажет.

Бiздiң алдымызға өңiрiмiздi одан әрi дамытудың қазiргi басымдықтарын дұрыс айқындау, экономиканың басым салаларында өсу резервтерiн барынша пайдалану бойынша нақты мiндетi қойылды.

Осыған байланысты, алдағы кезеңге жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысы келесi негiзгi бағыттарға шоғырланатын болады.

Негiзгi мәселелердiң бiрi ауылдық округтердi одан әрi дамыту болып қалады. «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, әлеуметтiк серiктестiк шеңберiнде демеушiлердi тартумен де аса өткiр проблемаларды шешуге баса назар аударылатын болады.

Жұмыспен қамту саласында негiзгi мiндет, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықты өнiмдi жұмыспен қамтуға тарту, еңбек нарығының тиiмдiлiгiн арттыру болады.

Халықтың өмiр сүру сапасын арттыру үшiн әлеуметтiк сала объектiлерiн салу мен жөндеудi, инфрақұрылымды жөндеудi жалғастырамыз.

Өткен жылдардың қол жеткiзiлген нәтижелерiн ескере отырып, 2020 жылға арналған негiзгi мiндет экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету болады.

Агроөнеркәсiптiк кешенде ауыл шаруашылығы басым дақылдарын әртараптандыруды жүргiзу, цифрландыру және «ақылды технологияларды» iлгерiлету, ауыл шаруашылығы малдарының басын, өнiм көлемiн ұлғайту және қайта өңдеу бойынша мiндет қойдық.

Инвестицияларды тарту, жаңа ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп және басқа да объектiлердi енгiзу жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.

Шағын және орта бизнестi одан әрi дамыту үшiн мемлекеттiк және үкiметтiк бағдарламалар шеңберiнде қолда бар қолдау құралдары пайдаланылатын болады.

Әлеуметтiк саладағы мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру жалғасады.

Құрметтi жерлестер!

Бiздiң аудан өндiрiстiк әлеуетпен және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етiлген, сондықтан оларды барынша пайдалану мақсатында алдымызда тұрған мiндеттердi iске асыру үшiн барлық күш-жiгерiмiздi жұмсауымыз қажет.

Тек осының арқасында ғана зерендiлiктердiң әл-ауқаты жақсарады және республиканың әлемдiк рейтингiнiң жоғары сатысына қол жеткiзуiне лайықты үлес қосамыз.

Келген 2020 жыл Алтын Орданың 750 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 75 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы сияқты маңызды оқиғалармен атап өтiледi.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы бiз Зерендi ауданының 85 жылдығын атап өтемiз, бұл мерейтойды жоғары ұйымдастышулық деңгейде өткiзуiмiз керек.

Қорытынды жасай отырып, атқарылған жұмыстар аз емес, бiрақ алда әлi де көптеген мәселелердi шешуiмiз қажет. Сондықтан, баршамызға өз орындарымызда қойылған мiндеттер бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыруымыз керек.

Ал ең бастысы  — баршамыз бiрлiгiмiздi сақтап, тұрақтылығымыз бен өзара келiсiмiмiздi нығайтып, бүгiнгi қолда бар бағасыз өмiрлiк құндылықтарымыз  — балаларымыз бен ата-аналарымыздың бақыты, ертеңгi күнге деген сенiмiмiздi жоғалтып алмау бағытында бар күш-жiгерлерiмiздi жұмсауымыз керек.

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020 17:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 09:50
Қаралым саны: 996
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43