A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зеренді ауданының әкімі М.Мұстафиннің 2018 жылы ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың қорытындылары және 2019 жылға қойылған міндеттер бойынша тұрғындармен есепті кездесулердегі баяндамасы

Құрметтi зерендiлiктер!

Ауданда жыл басында барлық деңгейдегi әкiмдердiң тұрғындар алдында жыл сайынғы дәстүрлi есеп беру кездесулерi басталады. Бұл кездесулер атқарушы билiктiң тұрғындармен табысты диалог өткiзу алаңы және көптеген күрделi мәселелердi шешудегi жауапкершiлiктi арттыру құралы болып табылады.

Зерендi ауданын 2018 жылы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың қорытындыларына талдау жасағанда, өңiрiмiзде барлық негiзгi көрсеткiштер бойынша тұрақты өсу қарқынының сақталғанын атап өту қажет.Өткен кезеңде экономиканы дамыту мен аудан тұрғындарының өмiр деңгейiн арттыру бағытында көптеген дәйектi шаралар жүзеге асырылды.

2018 жыл Қазақстан үшiн бiрталай маңызды оқиғаларға толы болды. Олардың арасынан Бiрiккен Ұлттар Ұ йымының Қауiпсiздiк кеңесiне төрағалық жасауымызды, Астана қаласындағы Каспий маңы мемлекеттерi басшыларының Саммитiн, Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының алтыншы Съезiн, «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуын, елордамыз — Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын ерекше атап өтуге болады.

Бiздiң елiмiз мүдделi тараптарға сирия қақтығысын келiссөз арқылы шешу алаңын ұсынды. Астаналық үрдiстiң Сирия Араб Республикасындағы күрделi жағдайды реттеудегi бiрден-бiр тиiмдi әрекет, қолайлы формат екенi дәлелдендi.

2018 жылы Ақтау қаласында өткен тарихи саммитте Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы туралы қабылданған конвенцияның Қазақстан үшiн жаңа мүмкiндiктер ашқаны сөзсiз.

Өткен жылдың қарашасында ел тарихы мен халқымыздың жаһандағы рөлiн байыпты, әдiл пайымдау қажеттiлiгi аталған Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласы жарияланды. Елбасымыз көтерген бастамалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болғаны анық.

Президентiмiз адамзат өркениетiне қазақ даласы берген жетi қырын айқындап бердi. Олар: Атқа мiну мәдениетi, Ұлы даладағы ежелгi металлургия, Аң стилi, Алтын адам, Түркi әлемнiң бесiгi, Ұлы Жiбек жолы, Қазақстан — алма мен қызғалдақтың отаны.

Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрамдас бөлiктерi жаңа бiздiң ата-бабаларымыздың көпғасырлық мұраларын өзектендiрiп, осы құндылықтарды сандық өркениет жағдайында тереңiнен түсiнудi қажеттi етедi.

Бiз өткен жылы Ақмола облысы елiмiз бойынша астық жинауда бiрiншi орын алғанын атап өтуiмiз керек. Облысымыздың диқандары 4,3 млн.гектар алқаптан 5,6 млн.тонна дәндi-дақылдар жинаса, әр гектардың орташа өнiмдiлiгi 13 центнердi құрады.

Облысымыз бен елiмiздiң дамуына Зерендi ауданы да өзiнiң қомақты үлесiн қосуда.

Жалпы, өткен жыл бойы баршамыздың тарапынан ауданымызды дамыту жолында айтарлықтай игi iстер атқарылды. Бiздiң табысты көрсеткiштерiмiзге елiмiздегi әлеуметтiк-саяси тұрақтылық, iшкi және сыртқы қауiпсiздiк, этносаралық және конфессияаралық бiрлiгiмiздiң кепiл болғаны ақиқат.

Бүгiн бiз 250 миллиард теңгенi немесе 2017 жылдың осы кезеңiне 112,1% (223 миллиард теңге) құрайтын жалпы өндiрiс көлемiне қолжеткiздiк.

Өнеркәсiп кәсiпорындарының жоғары тиiмдiлiкпен өнiмдер өндiрулерi байқалады, аграрлық сектор да даму үстiнде. Нақтырақ айтатын болсақ, экономикамыздың жетекшi салаларының үлестерi төмендегiдей : өнеркәсiп 82,3%; ауыл шаруашылығы 15%; өзге салалар — 2,7%.

Соңғы жылдары өнеркәсiп өндiрiсi саласын дамытуда тұрақты оң үрдiс байқалады, осыған орай аудан аграрлықтан аграрлық-өнеркәсiптiк сипаттқа ауысуда.

ӨНЕРКӘСIП

Ауданда өнеркәсiп секторын дамыту жалғасуда. Ақмола облысының өнеркәсiп өндiрiсiнiң құрылымында Зерендi ауданының үлесi 31,8% құрайды (1 орын).

Өнеркәсiп өндiрiсiнде, жұмысшылар саны 50-ден асатын «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Айдабол спиртзауыты» АҚ, «Milk Projekt» ЖШС, «Алексеевка доломит кенiшi» ССТБК АҚ, «Ардагер Неруд» ЖШС, «Неруд Кокшетау» ЖШС, «Блиц Терминал» ЖШС кәсiпорындары негiзгi үлеске ие болып отыр.

Аудан бойынша өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 2018 жылы 205 млрд. теңгеден асты немесе 2017 жылдың осы кезеңiне 111,8% құрады. Сала өнiмiнiң нақты көлем индексi 100,5% болды.

Ауданды дамытудағы басты бағыттардың бiрi инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Индустриалдық-инновациялық даму Мемлекеттiк бағдарламасы аясында, ауданда жалпы құны 1,0 млрд.теңгеге бағаланған Қонысбай ауылдық округiндегi «Блиц Терминал» ЖШС-нiң құс фабрикасының (өндiрiстiк қуаттылығы — жылына 252 тонна өнiм, 30-ға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарланған) құрылысы, сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы ауылдық округтегi «Арай Про» ЖШС-нiң каолин тау-кен байыту комбинатының (жобаның құны 5,4 млрд.теңге, қуаттылығы — 80 мың.тонна, жұмыс орындарының жоспарлы саны — 210) құрылысы бойынша жобалар жүзеге асырылады. Аталған жобаларды ағымдағы жылы аяқтау, 240 жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

АГРОӨНЕРКӘСIП КЕШЕНI

Аграрлық секторды дамытудағы барлық iс-шаралар азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыздандыру мен нарықта бәсекеге қабiлеттi, сұранысқа ие өнiм өндiру мiндеттерiн орындауға бағытталған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы жалпы өнiмiнiң көлемi 37,4 млрд. теңге немесе 2017 жылдың осы кезеңiне (34,5 млрд.теңге) 108,2% құрады.

Жалпы өнiмнiң нақты көлем индексi өткен жыл деңгейiне 100,8% құрады.

2018 жылдың егiн науқанына оңтайлы негiз жасалды. Барлық агротехникалық iс-шаралдардың тиiстi деңгейде атқарылуы мен мен диқандарымыздың қажырлы еңбектерiнiң арқасында 177,4 мың гектар алқаптан 387,6 мың тонна астық жиналды (2017 ж. — 359,4 мың тонна), әр гектардың өнiмдiлiгi 21,5 центнердi құрады, бұл Ақмола облысы бойынша ең жоғарғы көрсеткiш.

(2018 жылы аудан бойынша көктемгi егiс 248,8 мың гектар алқапты қамтыды, оның iшiнде 177,4 мың гектары  — дәндi және бұршақты дақылдар (2017ж. — 179,5 мың гектар), 54,4 мың гектары  — майлы дақылдар (2017 жылдың деңгейiнен 8,5 мың гектарға жоғары), 14,8 мың гектар  — мал азығы дақылдары, картоп — 1,7 мың гектар және көкөнiстер — 0,39 мың гектар (өткен жылдың деңгейiнде).

Алынған жалпы өнiмнiң көлемi бойынша аудан тұқым, азықтық және жемдiк астық қорлары қажеттiлiгiмен толықтай қамтамасыздандырылды.

Аталған нәтижеге қолжеткiзуге ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан жасалған қолдау ерекше септiгiн тигiздi.

Ауданның агроөнеркәсiп кешенiн дамытуға 2018 жылы бюджеттен 744 млн. теңге сомасында өтемсiз қаражаттар бағытталды (2017ж. –1,7 млрд.теңге).

(анықтама үшiн:

1. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға — 11,1 млн. теңге (16 шаруашылық);

2. Гербицидтердi сатып алу құнын субсидиялауға — 349,7 млн. теңге (96 шаруашылық);

3. Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға — 140,7 млн. теңге (17 шаруашылық);

4. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруды субсидиялауға (тұқымды түрлендiру)  — 123,1 млн. теңге (46 шаруашылық);

5. Мал шаруашылығы өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруды субсидиялауға — 119,4 млн. теңге (22 шаруашылық).

Жыл сайын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер машина-трактор парктерiн жаңартуда. 2018 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары 1 млрд.теңгеден астам сомаға 107 бiрлiк ауылшаруашылығы техникаларын сатып алды («Көкшетау Астық Инвест ЛТД» ЖШС, «Агрофирма «Қараөзек» ЖШС, «Агро Крестьянский двор» ЖШС, «Қос Ел Агро» ЖШС, «Павловка» ЖШС, «Сенiм Жер» ЖШС, «Жаңаауыл 2012» ЖШС, «Ақжол — 2011» ЖШС, «Төлебаев С.Б.» ШҚ және басқалар). Жалпы, заманауи техниканы қолданудың арқасында, әсiресе егiн орағы кезiнде еңбек өнiмдiлiгi айтарлықтай жоғарылағанын айта кетуiмiз керек.

Еңбек өнiмдiлiгiн ұлғайту мен экономикалық тиiмдiлiктi жоғарылату үшiн агроөнеркәсiп кешенiн цифрландырудың маңызы зор.

Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне заманауи сандық технологияларды енгiзу мақсатында ауданда жаңаша егiн шаруашылығы технологиясын енгiзу бойынша базалық кәсiпорын болып «Дихан Плюс» серiктестiгi белгiлендi.

Мал шаруашылығы саласында ет өндiру бағытында Зерендi ауданының «Щучинский гормолзавод» ЖШС кәсiпорны айқындалды.

Сандық технологияларды пилоттық шаруашылықтарда енгiзу тиiмдi нәтиже берiп, қаржының үнемделуiн қамтамасыз еттi.

Оларды енгiзiп, кеңiнен пайдалану келешекте экономиканың аграрлық секторы салаларында айтарлықтай жетiстiктерге қолжеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Өткен жылы ауданның шаруашылық субъектiлерi жайылымдарын, егiстiктерiн, көпжылдық шөптер алқаптары мен шабындықтарын цифрландыру жұмыстары жүргiзiлдi.

Аудан әкiмдiгi 2022 жылға дейiнгi Зерендi ауданының агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың тұжырымдамасын әзiрледi.

Аталған құжат мал және өсiмдiк шаруашылығындағы тиiмдiлiктi арттыруға, еңбек өнiмдiлiгiн ұлғайту мен 5 жыл iшiнде кем дегенде 2,5 есеге қайта өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмi экспортының өсiмiне, инвестицияларды тартуға, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамытуға, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолжеткiлiктi қолдаумен барынша қамтуға, суармалы жерлердi айналымға енгiзуге және агроөнеркәсiп кешенiн мемлекеттiк реттеудi жетiлдiруге, яғни Елбасымыздың ауыл шаруашылығы саласының алдына қойған барлық мiндеттердi ойдағыдай шешуге бағытталған.

2018 жылы тұқымды түрлендiруге аудан бойынша 6,2 мың бас аналық iрi қара мал басы қатыстырылды, бұл 28% құрайды (орташа облыстық 31%)(тұқымды түрлендiру бойынша жұмыстарды өткiзу аясында есептi кезеңде 210 бас бұқалар алынды).

2020 жылға дейiн аналық iрi қара мал басын 24 мыңға дейiн жеткiзiп, тұқымды түрлендiруге 7 мың басты қатыстыру жоспарланып отыр.

Ауданда мал басы мен мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудiң ұлғаю үрдiсi байқалады.

Қазiргi уақытта iрi қара мал басы 1,2%-ға, оның iшiнде сиырлар 2,2%-ға, жылқы малы 10,9%-ға, қой мен ешкi 7,2%-ға ұлғайды.

Бұл өз кезегiнде өткен жылы бордақылау алаңдарына бұқаларды жеткiзу жоспарын орындалуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi (жоспар 2055 бас, деректе 2352 бас).

2020 жылға дейiн мал басын 1,3 есе арттыру жоспарланып отыр.

Сүт-тауарлық фермаларды салу, өндiрiстiк кооперативтердi, отбасылық шағын-фермаларды құру есебiнен мал шаруашылығы өндiрiсi 107%-ға ұлғаяды.

Есептi мерзiмде Молодежное ауылында («Хасенов Г.» ЖК) 50 басқа арналған сүт-тауарлық ферма қолданысқа енгiзiлдi, «Жақсылық Агро» ЖШС-мен (Приречен а/о) 50 млн.теңгеге жуық сомаға сүт тұқымды 60 бас қара мал сатылып алынды.

Қаржылық қолдау қоры арқылы 2 шаруашылық субъектiлерi 114 бас еттi қара мал сатып алды («Жайсан» ШҚ, басшысы Е.Бекқожин (М.Ғабдуллин а/о), «Флагман Агро» ЖШС- Б.Сковородникова (Ортақ а/о), 1 шаруашылықтың құжаттары келiсуде («Ожан»ШҚ, М.Ғабдуллин а/о).

Еттi мал шаруашылығы мен қой шаруашылығын дамыту үшiн пайдаланылмайтын жайылым алқаптарын суландыру мен айналымға енгiзу аясында, 2018 жылы жоспар бойынша 1 ұңғыма болса, 2 ұңғыма пайдалануға берiлдi. («Сүлейменов» ЖК, Қонысбай а/о және «Колос — 2014» ЖШС, Чаглинка а/о).

Ауданда ет-сүт өндiрiсiн әрi қарай дамытудағы жоспарымызда:

- ағымдағы жылы «Щучинский гормолзавод» ЖШС-нiң 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын енгiзiп, 2021 жылға қарай мал басын 20 мыңға дейiн жеткiзу (М.Ғабдуллин а/о, ағымдағы жылы ауданы 40 гектар жер телiмi бөлiндi, аталған жоба жылдың аяғына дейiн iске асырылады, тартылған инвестициялардың сомасы 3 млрд.теңгеден астам);

- 2019 жылы Симферополь ауылындағы («Милк Прожект»ЖШС) 300 басқа арналған сүт-тауарлық ферманың бордақылау алаңының құрылысы жұмыстарын аяқтау;

- Приречен ауылдық округiндегi «Жақсылық Агро» ЖШС-нiң 600 аналық қара мал басына арналған сүт — тауарлық фермасының (инвестициялар сомасы 1,8 млрд. тенгеден астам, кейiннен мал басын 1200-ге дейiн ұлғайту жоспарлануда) және Садовый ауылдық округiндегi «Аққайың + Ж» ЖШС-нiң әрқайсысы 2,4 мың басқа арналған 2 сүт-тауарлық фермасының (Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен мал сатып алуға өтiнiм мақұлданды, инвестициялардың жалпы сомасы 6,8 млрд.теңге құрайды) құрылысын жүзеге асыру.

Қалыпты эпизоотиялық жағдайды сақтау мал шаруашылығын дамытудың маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады. Аудан бойынша барлық ветеринарлық-алдын алу iс-шаралары толық көлемде орындалды.

Зерендi ауданының тауарөндiрушiлерi өткiзiлетiн ауыл шаруашылық жәрмеңкелерiне белсендi қатысуда.

2018 жылғы мал шаруашылығы саласындағы жоғары көрсеткiштерiмiз үшiн Зерендi ауданының Ақмола облысы әкiмiнiң Алғыс хатымен марапатталуы бiздiң еңбегiмiздiң әдiл бағалануы деп бiлемiз.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Ауданда шағын және орта бизнестi дамыту мен қолдау басымды мiндеттердiң бiрi болып табылады.

Бұл салада 5 мыңға жуық адам немесе ауданның экономикалық белсендi тұрғындар санының 20% еңбек етуде.

Тiркелген шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 1662 бiрлiкке тең (11%-ға ұлғайды, 2017 жылы — 1498).

Шағын және орта бизнес субъектiлерiнен есептi мерзiмде жалпы түсiм 1,6 млрд.теңге құрады.

Есептi жылы Кәсiпкерлiктi қолдау картасынан тыс ауданда жалпы көлемi 300 млн.теңге сомасына 2 жоба iске асырылды (Зерендi ауылындағы «Бибi Сара» ЖШС-нiң «Зерендi Парк» демалыс аймағының, «АҢСАТ КЗ» ЖШС-нiң қонақжай кешенiнiң құрылысы).

Кәсiпкерлiктi дамыту мен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсаттарында, есептi жылы ауданның барлық ауылдық округтерiнде жалпы көлемi 650 млн.теңге сомасына 96 бизнес-жоба жоспарланып, iске асырылды, оларда 195 жұмыс орны құрылды.

Негiзiнен бұл жобалар мал мен құс шаруашылығын дамытуға (58 жоба), қызмет көрсету саласындағы объектiлердi ашуға (23 жоба — моншалар, дүкендер, сән салондары, шаштараздар, газ құю станциялары және т.б.).

96 бизнес-жобаның 55-i жеке қаражат есебiнен, қалған 41-i Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында iске асырылды. Бұл өз кезегiнде iсiн бастап жатқан кәсiпкерлердi мемлекетпен қолдаудың осы механизмiнiң орнықтылығын дәлелдейдi.

Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi, ауылдық округ әкiмдерiнiң атсалысуларымен аталған жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табады.

Ауданда «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның шеңберiнде 2018 жылы 8 өтiнiм қаралды. Конкурс қорытындылары бойынша жалпы 4 млн.теңге сомасына гранттар «Kids fantazy» жеке кәсiпкерлiгiне (А.Абайдоллаева) Зерендi ауылында шағын-аквапарк ашуға және кәсiпкер Л..Кимге органикалық өнiм өндiрiсiн (бал ара шаруашылығы) ашуға ұсынылды.

«Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасына қатысуға кәсiпорындарды тарту жұмысы жалғастырылуда.

Аудан тұрғындарын қолдау мақсатында, әлеуметтiк маңызға ие азық-түлiк тауарлары мен күнделiктi сұраныстағы тауарлардың бағаларына тұрақты бақылау мен мониторинг жүргiзу жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сату бойынша жәрмеңкелер өткiзiлуде.

Есептi жылы 23 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерi өткiзiлiп (Зерендi ауылында — 20, Көкшетау қ. — 2, Астана қ. — 1), 36,4 млн.теңгенiң өнiмдерi сатылды.

САЛЫҚТАР МЕН БЮДЖЕТ

Материалдық өндiрiс саласын дамыту бюджетке салықтар мен төлемдердiң тұрақты түсiмiн қамтамасыз етуге, оның қаржылық базасын нығайтуға мүмкiндiк бередi.

Өткен жылы аудан бойынша салықтарды жалпы түсiмi 34 375,8 млн.теңге немесе жоспардың 100,3% құрады, 2017 жылға өсiм қарқыны 164,5% құрады.

2019 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетi 101,0%-ға орындалды, жоспар 6 361,4 млн.теңге болса, барлығы 6 430,0 млн. теңге түстi.

Бюджеттiк шығыс бөлiгiнiң орындалуы жоспарлы 6 361,4 млн.теңгеден 6 355,6 млн. теңгеге немесе 99,9%-ға орындалды.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2018 жылы негiзгi капиталға инвестициялар тартуда жоғары көрсеткiштерге қолжеткiзiлдi.

Есептi жылдың қорытындылары бойынша инвестициялар көлемi 17,7 млрд. теңгенi құрап, 2017 жылдың кезеңiне 2 еседен артық ұлғайып, 209,7% құрады.

Негiзгi капиталға инвестициялардың құрылымында үлкен үлес кәсiпорындардың жеке қаражатына келедi — 78,5% немесе 13,9 млрд.теңге (негiзгi  — «Алтынтау Көкшетау» АҚ — 11,8 млрд.теңге, «Арай Про» ЖШС — 0,2 млрд.теңге, «Көкшетау Астық Инвест — 0,2 млрд.теңге, басқалары — 1,7 млрд.теңге), бюджеттiк қаражат — 18,6% немесе 3,3 млрд.теңге (3 млрд. теңге –«КазАвтоЖол» ЖШС — «Щучинск-Зерендi» тас жолын қайта жаңарту), басқа қаражат — 2,9% немесе 0,6 млрд.теңге. Нақты көлем индексi 113,8% құрады.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Өткен жылдың қорытындылары бойынша құрылыс жұмыстарының көлемi 6,9 млрд.теңгенi немесе 2017 жылдың кезеңiне 153,6% құрады (2017ж. — 4,5 млрд. теңге), құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексi 113,8%-ға тең.

Сонымен бiрге 5 804 шаршы метр баспана пайдалануға берiлдi (жеке тұрғын үй құрылысы, халық қаражаты есебiнен), бұл өз кезегiнде 2017 жылдың деңгейiне 150,7% құрайды (2017 ж. баспананың енгiзiлуi — 3 852 шаршы метр).

Аудан бойынша баспана енгiзу көрсеткiштерi динамикасының ұлғаюына қарамастан, өткiзiлген түгендеуден кейiн баспанаға мұқтаж азаматтардың кезегiнде 527 адам тұр, оның iшiнде санаттар бойынша: тұрғындрдың әлеуметтiк-осал топтары — 261, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi — 111, жетiм балалар — 134, баспанасы апатты деп танылған азаматтар — 21.

Жеке тұрғын үй құрылысына жер телiмдерiн алуға кезекте тұрғандар 959 азаматтың басым бөлiгi Зерендi ауылында — 471, Ақкөл ауылында — 131, Садовое ауылында — 246.

Адамдардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ауданда белгiлi жұмыстар атқарылуда.

Зерендi ауылында 2018 жылы жаңа тұрғын үй алабына су және электр желiлерiнiң құрылысы бойынша жұмыстар басталды, онда азаматтарға баспана салу үшiн 248 жер телiмiн бөлу көзделiп отыр (кезекте тұрғандардың санынан 52,7%). Бұл мақсатта 2018 жылы облыстық бюджеттен 87 млн.теңгеден астам қаражат бөлiндi, ал 2019 жылға 112 млн.теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Осымен бiрге, 2019 жылға жоғары тұрған бюджеттерден Ақкөл ауылында (175 жер телiмi) және Садовое ауылында (115 жер телiмi) жеке тұрғын үй құрылысы объектiлерiне инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды (электрмен қамту желiлерi) салу жұмыстарын бастауға 165 млн.теңге бөлiндi. Жұмыстар осы жылы конкурстық рәсiмдер өткеннен кейiн басталады.

Аталған жобалардың iске асуы жер телiмдерiне кезектiлiктi төмендету мәселесiн шешуге септiгiн тигiзедi, ең бастысы — азаматтарға баспана иеленуге мүмкiндiк бередi.

Аудан орталығы — Зерендi ауылында тұрғын үй құрылысы бойынша да жұмыстар жүргiзiлуде.

Қазiргi уақытта «НурИнвестГрупп» ЖШС-мен 224 млн.теңгеге Зерендi ауылы Iлиясов көшесi 61 мекенжайында 36 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысына шарт бекiтiлдi, жұмыстарды осы жылдың бiрiншi тоқсанында бастау жоспарланып отыр.

Баспана алу үшiн қосымша мүмкiндiктер «7-20-25» ипотекалық несиелендiрудiң жаңа бағдарламасының iске асуымен тiкелей байланысты болмақшы.

Зерендi ауылының Тәуелсiздiк көшесiнде жеке инвестициялар есебiнен «Регион строй» ЖШС-мен 21 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, бұл пәтерлер азаматтарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамы арқылы ұсынылады.

Кадрлар тапшылығы мәселесiн шешу мақсатында, Орталық аурухананың маңында медициналық қызметкерлерге арналған тұрғын үй салу шешiмi қабылданды.

Қазiргi уақытта «AS-проект» ЖШС жобалық ұйымымен Тәуелсiздiк көшесi 134 мекенжайында бөлiнген жер телiмiне байланыстырумен 21 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысына тегiн негiзде жобалық-сметалық құжаттама әзiрленуде.

Аудан азаматтарының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған, жоғарыда аталған барлық жобаларды уақытылы және сапалы iске асыру үшiн барлық мүмкiндiктерiмiздi жұмсайтын боламыз.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Өткен жылы инфрақұрылымды одан әрi дамыту және нығайту бойынша бiрқатар жұмыстар атқарылды.

ЖОЛДАР

Жолдарды жөндеу мәселелерi өзектi болып табылады. Есептi кезеңде Зерендi ауылында асфальт және қиыршық тас төселген жалпы ұзындығы 29,4 км көше — жол желiлерiне 33,6 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi.

Жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығына 71 жол белгiлерi сатып алынып, орнатылды, сондай-ақ 1 млн. теңгеге жолдарға таңбалау жүргiзiлдi.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша 8 ауыл округiнде (Бұлақ, Сарыөзек, Садовый, Күсеп, М. Ғабдуллин, Викторовка, Айдабол, Қызылегiс) 6,1 млн. теңге сомасына ауыл iшiндегi жолдарға ағымдағы жөндеулер жасалды.

Өткен жылдың қыркүйек айында тұрғындармен кездесулерден кейiн сiздердiң өтiнiш-тiлектерiңiз бойынша жергiлiктi бюджеттен 9 ауылдық округте (Исаковка, Айдабол, Приречен, Викторовка, Қызылсая, Троицк, Чаглинка, Зерендi, Бәйтерек) жолдарын жөндеу мен грейдерлеуге 13 млн. теңге бөлiндi.

Бiрқатар округтерде жолдарды жөндеу жұмыстары бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi шеңберiнде шаруашылық субъектiлермен жүргiздi («Баур Н» ЖШС, «Мирас жер» ЖШС Ақкөл а/о, «Қанай би 1» ЖШС Қанай би атындағы а/о, «Дихан Плюс» ЖШС Күсеп а/о, «Зерендi Астық» ЖШС, «Казахдорстрой» ЖШС М.Ғабдуллин а/о, «Жолдықов» ЖК Коктерек а., Зерендi а/о, «Алексеевка доломит кенiшi» АҚ, Алексеевка к.).

Облыстық бюджет қаражаты есебiнен «Көкшетау — Алексеевка — облыс шекарасы» (21,5 км) және «Васильковка — Бiрлестiк» (15 км) облыстық маңызы бар жолдарының учаскелерiнде орташа жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, «Красный Яр — Симферополь» жолы ағымды жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

Өткiзiлген шаралар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергiлiктi жолдардың үлесiн 52,3% -ға дейiн арттыруға мүмкiндiк бердi.

2018 жылы Заречное ауылындағы Чаглинка өзенi ар-қылы көпiр салу үшiн 16,8 млн.теңге сомасына жобалық-сметалық құжаттама әзiрлендi, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 368,3 млн. теңгенi құрады. Облыстық Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасына, Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасына көпiр құрылысын қаржыландыруға өтiнiм жiберiлдi.

Қазiргi уақытта «Ақкөл-Қазақстан» тас жолынан Уәли хан мазарына дейiн жол салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшiн аудандық бюджеттен 2,5 млн. теңге бөлiндi.

Ағымдағы жылдың жоспарында — Зерендi ауылында Тәуелсiздiк көшесiн абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзiрлеу (тротуарларды, су құбырларын және суағарлар орналастыру, автомобиль жолдарын күрделi жөндеу және жарық орнату).

Бұдан басқа, биылғы жылы Жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «Зерендi — Ермаковка — облыс шекарасы» облыстық маңызы бар жолға 21,3 млн. теңгеге және «Еленовка — Чистополье» жолына 13,8 млн. теңге сомасына орташа жөндеу жасауға ЖСҚ әзiрлеу бойынша жұмыстар жүргiзiледi.

2019 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебiнен 50 млн.теңгеге Зерендi ауылында (20,2 млн. теңге) көше-жол желiсiн, «Викторовка-Исаковка» автомобиль жолын (10,1 млн.теңге), «Шағалалы ауылына кiреберiс» жолын (10,1 млн.теңге), Алексеевка ауылының көше жолдарын (10,6 млн.теңге), сондай-ақ аудандық бюджет қаражаты есебiнен 10 млн. теңгеге аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу жасау жоспарланған.

Аудан орталығы тұрғындарының тiлектерiне сәйкес, өткен жылы «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша Зерендi ауылында 13,2 млн. теңге сомасына 2 су өткiзу құрылғылары жөнделдi (Комаров көшесiндегi су өткiзу құрылғысына ағымдағы жөндеу — 11,1 млн. теңге және Прудхозная-Победа көшесiндегi құрылысына — 2 млн. теңге).

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ

Ауданды тұрақты жылумен және сумен қамту мәселесi маңызды болып табылып, ерекше бақылауды талап етедi.

2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымында аудан бойынша 22 қазандық жұмыс iстейдi, олардың барлығында қажеттi дайындық жұмыстары жүргiзiлiп, қажеттi отын қоры сатылып алынды.

Белгiлi болғандай, өткен жылу беру маусымында желiлердiң тозуына байланысты (70% астам), Зерендi ауылының орталық қазандығында жылу беру қыс мезгiлiнде екi рет үзiлдi.

Бұл жағдай халық арасында алаңдаушылық тудырып, талай рет жиындарда, соның iшiнде Ақмола облысының әкiмi Малик Мырзалиннiң қатысуымен өткен қорытынды есеп беру кездесуiнде де көтерiлген болатын.

Облыс басшыс зерендiлiктердiң өтiнiшiн қабыл алып, аудан орталығы мен Гранитное ауылының жылу және су құбырларын жөндеуге облыстық бюджеттен 433 млн. теңге бөлiндi. Жөндеу жұмыстары белгiленген уақытта ы аяқталды, жылу қалыпты режимде берiлуде.

Зерендi ауылында орталық қазандықтың қазандық қондырғысы мен М.Ғабдуллин атындағы орта мектептiң жылу жүйелерiн ауыстыру үшiн жергiлiктi бюджеттен 23,3 млн. теңге бөлiндi.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында есептi жылы Зерендi ауылында (Колбаскин , Школьная, Нагорная, Ключевая көшелерiнде) жаңа қазандық және инженерлiк желiлердi салу үшiн 7,5 млн. теңге сомасына жобалық-сметалық құжатнама жасалды. Жоғары бюджеттен қаржыландыруға өтiнiм беру жоспарлануда.

СУМЕН ҚАМТУ

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету және осы мәселенiң маңыздылығы туралы айтатын болсақ, сапалы сумен қамтамасыз ету мiндетi бiртiндеп шешiлуде.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде Қонысбай (Қонысбай а/о), Қызылтаң (Ортақ ауылы) ауылдарында сумен жабдықтау жүйелерiн ағымды жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, Қараөзек ауылында (С.Сейфуллин а/о) ұңғыма қазылып, Айдабол ауылындағы су мұнарасына қоршау орнатылды. Аталған мақсаттарға 2,2 млн. теңге жiберiлдi.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау желiлерiне 3 млн. теңгеден астам сомаға залалсыздандыру шаралары қабылданды. Жалпы, аудан бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету (77 елдi мекендегi 33 елдi мекенде су құбыры бар) 26868 адам немесе 69,4% -ды құрайды (2017 жылы — 26656 адам немесе 68,7%).

Зерендi ауданында сапалы, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында бiрқатар жұмыстар жүргiзiлуде.

Викторовка селосы су желiлерiнiң тозуына байланысты сағаттық режим бойынша су беру мәселесiн шешу үшiн су құбырларын күрделi жөндеуге 4,4 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзiрлендi, құрылыс-монтаждық жұмыстардың құны 385,7 млн. теңгенi құрады.

Қазiргi уақытта тұрғындар тасымалды суды пайдаланатын Березняковка және Заречное ауылдарында су құбыры мен тарату желiлерiн салу үшiн 5,8 млн. теңге сомасына жобалық-сметалық құжаттама әзiрлендi, оған сәйкес құрылыс жұмыстарының бағасы 700 млн. теңгеден астам.

Осы екi жоба бойынша да жоғары бюджеттен қаржы бөлуге өтiнiш берiледi.

Аудандағы тұрғындар саны 1600-ден астам iрi елдi мекендердiң бiрi Алексеевка ауылында соңғы жылдары үздiксiз сумен қамтамасыздандыру мәселесi көтерiлуде. Ағымдағы жылы су құбырына күрделi жөндеу жасау үшiн жобалық-сметалық құжатнама әзiрлеуге аудандық бюджеттен 10 млн.теңге қарастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз.

«Зерендi- Сервис» кәсiпорнының қажеттiлiктерi үшiн жалпы 59 млн.теңгеге 4 бiрлiк арнайы техника (трактор МТЗ-80, жүк көтергiш машина, қоқыс жинау және ассенизаторлық машиналары) сатып алу жоспарлануда (аудандық бюджеттен 20 млн. теңге, облыстық бюджеттен 39 млн. теңге).

ТУРИЗМ

Қазақстан халқына Жолдауында Президентiмiз бiздiң бай және мәдени әлеуетiмiздi пайдалану үшiн сырттан келетiн және iшкi туризмдi дамытуға ерекше назар аудару қажеттiгiне назар аударған болатын.

Ауданда туристiк кластердi дамыту бойынша бiрқатар жұмыстар атқарылуда.

39 туристiк нысандар жұмыс iстеуде, олардың 9-ы жыл сайын қызмет етiп, 2 мыңға жуық туристерге орын ұсынуда (1665 орын).

Есептi жылы «Elikti Park» тау-шаңғы базасы екi жұлдыздық және «Аврора Гарден» отбасылық демалыс орталығы екi жұлдызды санаттылық сертификаттарына ие болды.

Өткен жылда туризм нысандары 48205 адамға қызметтер көрсеттi, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңiне 100,2% құрайды (48085 адам).

Жылдан жылға туристiк бизнес нысандарынан салық түсiмдерi мен көрсетiлген қызмет көлемдерiнiң ұлғаюы байқалады (2018 жылы 462,8 млн.теңге құрады, 2017 жылдың көрсеткiшiне 100,1% құрайды (462,2 млн.т.).

Туристiк кластердi әрi қарай дамыту үшiн Зерендi ауданында 2018-2020 жылдарға арналған Зерендi курорттық аймағын дамыту жоспары әзiрлендi, оның аясында жалпы 1,3 млрд.теңге сомасына 28 iс-шара көзделдi (тарихи-мәдени туристiк маршруттарды әзiрлеу, «Elikti Park» тау-шаңғы базасына жолдың құрылысы, «Зерендi Щучинск» тас жолының бойында жол маңындағы сервис нысандарының құрылысына М.Ғабдуллин, Серафимовка ауылдарының жаңа бас жоспарларын әзiрлеу, жарнамалық-ақпараттық қалқандарды орнату және т.б.).

Астананың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында, Ақмола облысы әкiмiнiң қатысуымен «Zerenda Park» демалыс аймағының салтанатты ашылуы өттi. Сондай-ақ, «Аңсат КЗ» қонақжай кешенiнiң демалыс корпусы, «Парус» демалыс аймағындағы әкiмшiлiк ғимараты мен асхана, «Elikti Park» тау-шаңғы базасындағы және «Аврора Гарден» демалыс орталығындағы ашық бассейндер пайдалануға енгiзiлдi.

Туризм объектiлерiнен өткен жылдың бiрiншi жартыжылдығы бойынша ғана инвестициялар 215,0 млн.теңгеден астам соманы құрады.

Зерендi көлiнiң жағалауы бизнес нысандарымен қарқынды игерiлуiне байланысты азаматтардың суға шомылу қолжетiмдiлiгi шектелетiнi белгiлi. Сондықтан жергiлiктi тұрғындар мен аудан орталығының қонақтарына коммуналдық жағажай айқындалды.

Осы мақсатта «Көкшетау» МҰТП Зерендi филиалымен меморандум бекiтiлiп, оған сәйкес жағажай үшiн қашықтығы 500 метр жағалау алқабы бөлiндi, ал «Бибi Сара» ЖШС-нiң басшылығымен («Zerenda Park» қонақжай кешенiн ашқан) жағажайды жайғастыруда қолдау көрсетiлдi.

Туризмдi дамыту мақсатында, ауданда әртүрлi iс-шаралар өткiзiледi. Осылайша, «Elikti Park» тау-шаңғы базасында жыл сайынғы байк-рок фестиваль өтiп, оған елiмiздiң және жақын шетелден екi мыңнан астам туристер қатысты. Бүкiләлемдiк туризм күнiне орай Зерендiнiң туристiк нысандары бойынша велоэкскурсия және спорттық-әуесқойлық балық аулау өткiзiлдi, оларға 200-ден астам зерендiлiктер мен қонақтар қатысты.

Ауданға келген туристердiң қолайлығы үшiн туризм бөлiмiнiң жанында Байланыс орталығы құрылды. Аудан қонақтары 79-0-79 нөмiрiне қоңырау шалып, туристiк әлеует, орналасу орындары мен ұсынылатын қызметтер туралы қосымша ақпаратты бiле алады. Жыл iшiнде халықтың барлық топтары үшiн туристiк қызметтердi қамтитын эконом класты тур-пакеттер әзiрлендi.

Ағымдағы жылы «Щучинск-Зерендi» жаңа автомобиль жолы iске қосылады. Аталған жол Зерендi ауданында туризмнiң дамуына жақсы әсер етiп, шағын кәсiпкерлiктi дамытуға ықпалын тигiзедi — бұл жол бойындағы сервис объектiлерiнiң құрылысы (ЖҚС, кемпингтер, дәмхана-қонақжайлар, доңғалақ жөндеу цехтерi және т.б.).

Зерендi өлкесiнде туризмдi дамытуда аталған жолдың бойындағы Қараүңгiр көлiнiң жағалау аймағы ерекше назар аударуды талап етедi. Жол бойындағы сервис нысандарының құрылысы үшiн осыдан бұрын бизнес субъектiлердiң жеке меншiгiне берiлiп, қазiргi уақытта мақсатты пайдаланылмайтын жер телiмдерiн (алаңы 17 гектар) қайтару мәселелерiн қарау қажет.

Тас жолдардың бойында сервис объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер телiмдерiн беру көзделген (Зерендi, Серафимовка, Ақкөл, Молодежное ауылдары).

Қазiргi уақытта Зерендi ауылының маңында «Сусин» жеке кәсiпкерлiгiнiң iрi габариттi көлiкке арналған автожуу және доңғалақ жөндеу қызметi бар дәмхана-қонақжайдың құрылысы жүзеге асырылуда.

2019-2021 жылдарға арналған Зерендi курорттық аймағын дамыту жоспарына бiрқатар жобалар енгiзiлдi, олардың iшiнде: Зерендi ауылының шекарасындағы этноауылдың құрылысы, «Elikti Park» тау-шаңғы кешенiнiң кеңейтiлуi, «Zerenda Park» демалыс аймағындағы аттракциондары қарастырылған балалар паркiнiң құрылысы, Қошқарбай ауылында «Aspan Park» демалыс аймағының құрылысы.

Елiктi тау-шаңғы базасына жол салу жобасын аяқтау үшiн ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 215 млн.теңге бөлiндi. Осы жобаның iске асуы белсендi қысқы туризмдi дамытуға жағдай жасайды.

Зерендi курорттық аймағы Қазақстан туристификациясы картасының 50 орындарының қатарына енгiзiлдi, аталған негiзде Зерендi курорттық аймағын әрi қарай дамыту жол картасының жобасы әзiрленiп, Мәдениет және спорт министрлiгiне келiсуге жолданды.

Осы салада жоспарланған жобалардың, жоспарлар мен бағдарламалардың iске асуы туризмнiң қарқынды дамуына, экономиканың нығаюына және жергiлiктi бюджеттiң толықтырылуына оң әсерiн тигiзедi.

БIЛIМ БЕРУ

Бiздiң өңiрде бiлiм беру, денсаулықсақтау, мәдениет және спорт салаларын дамытудың айтарлықтай әлеуетi бар.

Аудандық бюджеттiң негiзгi шығын бабы бiлiм беру саласы болып табылады. Оның қалыптылығын қамтамасыздандыру және дамытуға 2018 жылы аудандық бюджеттiң жалпы шығынының 74%-ға жуығы бағытталған.

Аудандық бiлiм беру жүйесiнде 77 мекеме (63 жалпы бiлiм беретiн мектептер және олардың жанындағы 43 шағын орталықтар, 10 бала бақшалары, 1 кешкi мектеп, қосымша бiлiм беретiн 3 мекеме) жұмыс iстейдi. Мектептердегi оқушылар саны өткен оқу жылының соңында 5652 болды. Қорытынды аттестацияны 11 сыныптардың 202 оқушылары бердi (100%).

Қорытынды аттестациялау емтихандарының нәтижелерi бойынша 13 мектеп бiтiрушi «Алтын белгi» иегерлерi атанды, 5 түлек үздiк аттестат алды. 9-шы сыныпты 566 оқушы бiтiрдi, олардың 43 үздiк аттестат алды.

Ұлттық бiрегей тестiлеу қорытындысы бойынша 2018 жылы орташа аудандық көрсеткiш 75,56 баллды құрады (2017 жылы  — 73,03 балл болған), бұл өткен жылғы нәтижеден 2,53 баллға жоғары.

Бiлiм беру ұйымдарында 1153 мұғалiм жұмыс iстейдi. Педагогтық қызметкерлердiң бiлiмдiк деңгейi 2018 жылы 84% құрады (969 мұғалiмнiң жоғары бiлiмдерi бар).

Жоғары және бiрiншi санаттары бар мұғалiмдердiң үлестерi, педагогикалық қызметкерлердiң жалпы санының 50%-на тең (581 мұғалiм).

Бiлiм берудiң жаңартылған мазмұнына көшу шеңберiнде ауданның 2,3,5,6,7,8 сыныптармен жұмыс iстейтiн мұғалiмдерi жыл iшiнде осы бағыт бойынша арнайы курстардан өттi. Бүгiнде олардың саны 660 асты.

Елбасымыздың Жолдауын орындау мақсатында 1, 2, 5, 7 сыныптардың мұғалiмдерiне 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 30% көлемiнде қосымша төлем жасалады, ал қыркүйектен бастап 3, 6, 8 сыныптар мұғалiмдерiнiң еңбекақылары жоғарылайды.

Оқушылардың бiлiм алуларына қолайлы жағдайлар жасау үшiн мектептердiң материалдық базалары жақсартылуда. Оны жүзеге асыруда мақсаттық трансферттермен қатар, бюджеттiк және демеушiлердiң қаражаттары бағытталуда.

«Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша 2018 жылдан, Н.Горбунова директорлық жасайтын «Азат НҚП» ЖШС демеушiлiк қаражаттары есебiнен жалпы сомасы 1,2 миллион теңге тұратын 7 тегiн IT — сыныптары жұмыс iстей бастады. (Алексеевка ОМ, Доломитов ОМ, Викторовка ОМ, №1 Зерендi ОМ, Куропаткино ОМ, М.Ғабдуллин атындағы Зерендi қазақ ОМ, Ақадыр ОМ).

ТОО «Дихан плюс» ЖШС өз қаражаттары есебiнен 2 жыл бойы Куропаткино ОМ оқушыларының ағылшын тiлiн игеру бойынша онлайн-курсына төлем жасауда.

2017 жылдан бастап жалпы бiлiм беретiн аудан мектептерiн роботтық техникалар элементтерiмен жабдықтау жұмыстары жүргiзiлуде, қазiргi кезеңде 27 мектептiң оқушыларына техникаға, конструкциялар жасауға, бағдарламаларды игерулерiне мүмкiндiктер жасалып, мұнымен қатар бiлiм алушыларды зерттеу және өнертапқыштыққа тарту жұмыстары жүргiзiлуде.

Жергiлiктi бюджеттiң қаражаттары есебiнен 2018 жылы 5 мектепке (Приречен ОМ, Ақкөл ОМ, Абай ОМ, М.Ғабдуллин атындағы Зерендi қазақ ОМ, № 1 Зерендi ОМ), жалпы сомасы 1,3 млн. теңгенiң мультимедиялық жабдықтары сатылып алынды.

Балаларды тасымалдау үшiн 3 дана автокөлiк — Алексеевка ОМ мен Ақкөл ОМ үшiн -2 автобус (24,7 млн. теңге) Бәйтерек ОМ үшiн (6,5 млн. теңге) бiр Газель автокөлiгi алынды.

Оқулықтарды, оқыту-әдiстемелiк кешендердi сатып алу және жеткiзуге 76,6 млн. теңге бөлiнiп, оқушыларды қажеттi оқу материалдарымен толықтай қамтамасыздандыру мүмкiндiгi берiлдi.

Ауданның 15 жалпы бiлiм беретiн мектептерi мен 2 бала бақшаларының (Уголкий НМ, Викторовка ОМ, Первомай НМ, Пухальск НМ, Васильков НМ, Приречен НМ, Ортақ ОМ, Ортағаш НМ, Доломитов ОМ, Алексеевка ОМ, Ақан НМ, Азат НМ, №1 Зерендi ОМ, М.Ғабдуллин атындағы Зерендi қазақ ОМ, Қарағай БМ, Викторовка селосындағы және Азат стансасындағы балалар бақшалары) терезе блоктарын ауыстыруға 30 млн.теңгеге жуық қаражаттар бағытталды.

Есептi жылы Зерендi селосындағы М.Ғабдуллин атындағы жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу ғимараты қайта жөндеуден өтiп, жаңа спорттық зал салынды. Аталған жұмыстарды атқаруға облыстық бюджеттен 320 миллионнан аса теңге бөлiндi. Биылғы жылы осы бiлiм ордасына жоспар бойынша 9 млн. теңгенiң жабдықтары алынбақшы.

Оқушылардың жағдайын жақсарту мақсатында ағымдағы жылы Чаглинка орта мектебiне күрделi, Бiрлестiк ОМ спорттық залына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге ЖСҚ (жобалық сметалық құжатнама) әзiрлеу және Қызылсая ОМ терезе блоктарын ауыстыру жұмыстарының жүзеге асырылуы жоспарлануда. Аталған мақсатқа бюджеттен 11,5 млн. теңге бөлу қарастырылған.

Еленовка селосы тұрғындары тарапынан 1964 жылы пайдалануға берiлген Еленовка орта мектебiне күрделi жөндеу жасау мәселесi бiрнеше рет көтерiлген болатын.

Былтырғы жылы аудандық бюджеттiң есебiнен ЖСҚ әзiрленiп, республикалық бюджеттен (138,4 млн.теңге), аудандық бюджеттен 10%-дық қосымша қаржыландыру шартымен қаражат бөлу өтiнiмi құпталды.

Балалар демалысы ұйымдары тораптарын кеңейту мақсатында Зерендi селосына жақын жердегi көл жағалауында орналасқан, бүгiнде жұмыс iстемей тұрған «Искорка» сауықтыру лагерiн мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк шеңберiнде сенiмдi басқаруға беруге әлеуеттi инвесторлар iздестiрiлуде.

Бiлiм беретiн 63 мекеменiң 57-сiнде ыстық тамақ беру ұйымдастырылған (90,5%), 5562 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыздандырылған.

581 шәкiртке тегiн тамақ берiледi, олардың iшiнде Жаппай бiлiм беру Қаражаттары есебiнен  — 427, демеушiлiк көмектiң есебiнен 154 (№2 Зерендi ОМ — «Зерендi Астық» ЖШС- 15 бала, Азат негiзгi мектебi — «Азат НҚП» ЖШС — 38 бала, Молодежный орта мектебi — «Мирас» АФ ЖШС — 50 бала, Павловка бастауыш мектебi  — «Павловка» ЖШС — 11 бала, Қазақстан негiзгi мектебi — «Береке 2050» ЖШС — 24 бала, Красныйкардон негiзгi мектебi  — « Жыланды» АШК ЖШС — 16 бала) тамақтанады.

Мектеп оқушыларын тамақтандыруға ықпал жасап отырған шаруашылық жүргiзушi құрылымдардың басшыларына алғыс бiлдiрудiң артық болмасы анық.

Аудан бойынша 2018 жылы 1-ден 6 жас аралығындағы балаларды мектеп алдындағы тәрбиемен қамту 78,9%-ды құрады (2017 жылы  — 75,4%), 3-тен 6 жасқа дейiнгiлер  — 100% (2017 жылы  — 97,5%).

Көптеген жылдар бойы қалыптасқан дәстүрге сай Зерендi ауданы өз оқушыларының тек бiлiмдегi ғана емес, спорттағы жетiстiктерiн де мақтан тұтады.

Чаглинка ОМ 9 сынып оқушысы Шакерхан Диас пауэрлифтингтен әлем чемпионатының күмiс, Азия чемпионатының күмiс және қола жүлдегерi атанды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ауданның медициналық көмек көрсететiн емдеу мекемелерi тораптарының құрамына орталық аудандық аурухана, 8 дәрiгерлiк амбулатория, 4 фельдшерлiк — акушерлiк пункт және 54 медициналық пункттер кiредi. Олардың соңғыларының 14-i және 2 дәрiгерлiк амбулатория Көкшетау қаласының №1 Емханасына берiлген.

Зерендi ауданының денсаулықсақтау мекемелерi нысандарының жалпы жабдықталуы 2018 жылы 3,3% ұлғайды.

Мұнымен қатар 2018 жылы тұрғындардың дәрiгермен қамтылуы 2,3%-ға, дәрiгерлердiң санаттық көрсеткiшi  — 7,6 %-ға өстi.

Ағымдағы жылы аудан бойынша балалардың дүниеге келуi 24,2%-ға ұлғайғаны байқалады, аналардың өлiмi орын алмаған, құрт ауруынан (туберкулез) шетiнеу тiркелмеген (2017 жылы  — 1).

Өткен кезең iшiнде 429 сәби туған (2017жылы  — 291), соған қарамастан нәресте өлiмiнiң 2 жағдайы тiркелгенiн атап өту керек (2017 жылы  — 3).

Денсаулық сақтау нысандарының материалдық базалары жақсаруда, облыстық бюджеттiң есебiнен 4,2 млн. теңге сомасына арнайы автокөлiк, 4,7 млн. теңге сомасына физиотерапиялық жабдықтар сатылып алынған, 33 млн. теңгеге Айдарлы және Садовый елдi мекендерiнiң медициналық пункттерiне күрделi жөндеулер жасалды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iстерi басқармасының Медициналық орталығының басшылығымен келiсiм бойынша, өткен жылдың тамыз айында аудандық емханада шектеулi мамандандырылған дәрiгерлердiң қабылдауы ұйымдастырылды.

Барлық қажеттiлiктер жасалған ауданымыздың 150-ге тарта тұрғындары бiздiң ауруханада жоқ кардиологтың, аритмологтың, нефрологтың және көптеген басқа мамандардың тексерулерiнен тегiн өтiп, кеңестерiн алды. Осы дәстүр ағымдағы жылы да жалғасын табатын болады.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң саясатына сәйкес бiздiң барлық iс-әрекеттерiмiздiң басты көрсеткiшi болып аудан тұрғындарының тыныс-тiршiлiгiнiң сапасы мен әлеуметтiк стандарттарын тұрақты көтеру болып табылады. Басқаша айтар болсақ ауданның жергiлiктi атқарушы органының қызметi толықтай тұрғындардың өмiр сүру деңгейi мен әл-ауқатын көтеруге бағытталған.

Зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, арнаулы әлеуметтiк көмек көрсету, әлеуметтiк сала қызметкерлерiне жалақы төлеу бойынша қарыздың орын алуына жол берiлмеген.

Белгiленген жұмыссыздық деңгейi 01.01.2019 жылы — 0,13% құрады (01.12.2018 жылы  — 0,13%).

724 жұмыс орындары құрылған (тұрақтылары  — 432, уақытшалары  — 292), ал жылдық жоспар 420 жұмыс орны.

Тiркелген жұмыссыздар саны есептi жылдың соңында 30 адамды құрады. (01.12.2018 жылы  — 30).

Тұтастай алғанда есептi кезеңдегi әлеуметтiк төлемдер сомасы 78,5 млн.теңгенi құрады (АӘК  — 36,8 млн.теңге, тұрмыстық көмек — 1,7 млн.теңге, мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыздандыру  — 1 млн.теңге, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмiмен жеке санаттарға төлемдер жасау — 31,1 млн.теңге:

- айтулы даталарға бiржолғы төлемдер 1 млн. теңгенiң маңында болды (Чернобыль АЭС апатты қалпына келтiру күнiне  — 137,1 мың теңге, ауғандық жауынгерлерге  — 192,4 мың теңге,саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне — 625 мың теңге).

- мерекелiк даталарға төлемдер 14,5 млн. теңгенi құрады (8 Наурыз күнi көп балалы аналарға  — 3 млн. теңге, 9 мамырға — 4,1 млн. теңге, Қарттар мен мүгедектер күнiне  — 7,4 мың теңге);

- азаматтардың әр санаттарының өтiнiштерi бойынша төлемдер 11,2 млн. теңге, колледждерде бiлiм алатын студенттерге — 4,4 млн.теңге;

2015 жылдан бастап аудандық бюджеттiң есебiнен жоғары медициналық оқу орындарының студенттерiне төлемдер жасалуда (2015-2017 жылдары  — 11,6 млн.теңге).

Тек өткен жылы ғана 13 студенттiң оқуына 7,8 млн. теңге төлем жасалды.

Ауданда 1506 мүгедектер тұрады, 2018 жылы 64 протездi –ортопедиялық бұйымдар, 15 тифлоқұралдар, 10 есту аппараттары берiлдi. 161 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтылды. Мұнымен қатар 58 адам шипажайларда санитарлық-курорттық емделуден өттi.

Әлеуметтiк көмек бөлiмшесi 179 адамға үйлерiнде қызмет көрсетедi (олардың арасынан 166 жеке басты қарт азаматтар болып табылады, 11 мүмкiндiктерi шектеулi балалар).

Ағымдағы есептi кезеңде жоспардағы 29 орнына 31 мүмкiндiктерi шектеулi жандар жұмысқа орналастырылған.

Аудандық Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесiмен келген тұлғалар саны 85,5% құрады, жеткiзiлген жоспар 78,9% болатын (өтiнiш бiлдiрген 745 адамның 637 жұмысқа орналастырылды).

Жұмыспен қамту орталықтарын жүйелендiру шеңберiнде, Астананың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында ауданда заманауи, жетiлдiрiлген кеңсе ашылып, өңiр тұрғындары тиiстi қызметтердi шұғыл, сапалы және жайлы жағдайларда алу мүмкiндiгiне ие болды.

«2017-2021 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасы бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға, кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастыруға, жастар практикасына және қоғамдық төлемдi жұмыстар атқаруға жоспардағы 306 орнына 416 адам жiберiлдi.

Өз бизнесiн ашуға немесе ауқымын кеңейтуге 100 Бағдарламаға қатысушыларға (жоспар 36) жалпы сомасы 318,1 млн.теңгенiң несиелерi, олардың iшiнде «Егiнжай» өсiмдiк шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша  — 2 өтiнiш бiлдiрушiге 12 млн.теңге сомасында, «Кәсiпкер» бағдарламасы бойынша бизнестi дамыту және ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуы үшiн  — 10 қатысушыға 55,1 млн.теңге сомасында, «Игiлiк» бағдарламасы бойынша малшаруашылығын дамытуға  — 88 азаматтарға 251 млн.теңге сомасында берiлдi.

Мұнымен қатар, жаңа бизнес идеяларын жүзеге асырулары үшiн 50 қатысушыға жалпы сомасы 12 млн.теңгенiң кепiлдiктер (гранттар) төлемдерi жасалды.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Ауданда мәдениет мекемелерiнiң тораптары 58 нысандардан тұрады, олардың қатарында аудандық Мәдениет үйi, орталықтандырылған кiтапхана, 36 селолық клубтар және 20 селолық кiтапханалар бар.

Өткен жылы 2165 әлеуметтiк-маңызды және мәдени-жаппай шаралары ұйымдастырылды, оларға 68 мыңнан астам адам қатысты.

Ауданның үздiк шығармашылық ұжымдары мәдени шараларға, халық шығармашылығы сайыстарына, байқауларға белсендiлiкпен қатысады.

Астананың 20 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауында аудандық Мәдениет үйiнiң ұжымы «Әуелеген әсем ән» эстрадалық-вокалды жанры бойынша лауреат атанды.

2018 жылы клубтық мекемелердiң материалды-техникалық базаларын нығайту мақсатында бюджеттен 13,1 млн. теңге бөлiндi (костюмдер сатып алуға  — 5,2 млн.теңге, Ақкөл және М.Ғабдуллин, Красный кордон, Ортағаш, Қызылегiс селолық клубтарына жылу беру қазандарын алуға  — 1,6 млн.теңге, музыкалық жабдықтар сатып алуға 1,4 млн. теңге, жылжымалы сахнаға 3,5 млн. теңге, жылу беру жүйесiне электрлiк қыздырғыштар және насостар алуға — 0,6 млн. теңге және басқа шығындар 0,8 млн. теңге).

Осы жерде бiрнеше жылдардан берi Айдабол селосы тұрғындарының тарапынан мәдени орталық ашу мәселесiнiң көтерiлiп келе жатқанын атап өткен орынды.

Өткен жылы 2,5 млн. теңгеге жобалау-сметалық құжатнама әзiрлендi, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сомасы 233,8 млн. теңгенi құрады. Сараптама алынғаннан кейiн жоғары тұрған бюджетке қаржыландыру үшiн өтiнiм берiлетiн болады.

Зерендi ауданында көркемөнерпаздардың 4 ұжымының «Халықтық» атағы бар («Сударушка» фольклорлық ансамблi, «Шежiре» халықтық фольклорлық ансамблi, «Зерен» би ансамблi, «Арқа әуенi» фольклорлық-этнографиялық ансамблi), «Арқа әуенi» фольклорлық-этнографиялық ансамблi аталған атаққа 2018 жылы ие болды.

Тұрғындарды жаппай спортқа тарту қоғамның ойдағыдай дамуының және ұлттық стратегиялық мүдделерге қол жеткiзудiң мiндеттi алғышарттары болып табылады.

Қазiргi кезеңде денешынықтыру және спортпен айналысу үшiн ауданымызда 199 спорттық құрылғылар бар. Былтырғы жыл iшiнде өңiрiмiзде өткен 133 бұқаралық- спорттық шараларға 12 мыңнан астам адам қатысты. Аталған шаралар қатарына бүгiнде дәстүрлi құзырына ие Зерендi шаңғы марафонын, «Зерендi Барысы» күрес турнирiн, Тимур Сегiзбаевтың жүлдесiн сарапқа салу, Куленюктер отбасын еске алу футбол турнирлерiн және т.б. жатқызуға болады.

Ауданымыздың спортшылары бiрнеше жылдардан берi облыстық спартакиадаларда айтуға тұрарлық нәтижелер көрсетуде. 2018 жылғы «Хрустальный колос» қысқы спартакиадасында аудан құрамасы жалпыкомандалық 1 орынды, «Ақ бидай» жазғы спартакиадада  — 2 орынды жеңiп алса, мүмкiндiктерi шектеулi тұлғалардың «Үмiт» спартакиадасында бiздiң спортшыларымыз 3 орыннан көрiндi.

Облыстық кешендi спартакиадалардың қорытындылары бойынша Зерендi ауданы облыс аудандары арасынан бiрiншi нәтиже көрсеттi.

Өткен жылдың наурызында Мәдениет және спорт министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында бiздiң ауданымыздың денешынықтыру және спорт бөлiмi Қазақстан Республикасы бойынша үздiк деп танылып, арнайы сертификатпен және естелiк кубокпен марапатталды.

Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысатындар 11461 адамды немесе олардың жалпы санының 29,6% құрады. Бұл Ақмола облысы бойынша екiншi көрсеткiш.

ТIЛДIК ЖӘНЕ IШКI САЯСАТ

Ауданымызда бес саяси партиялардың филиалдары, 26 дiни бiрлестiктер және 5 намазхандар, 16 үкiметтiк емес ұйымдар, Достық орталығы өз қызметтерiн жүзеге асыруда. Тұрғындарға ақпаратты 3 бұқаралық ақпарат құралдары бередi.

Газеттердiң беттерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: кiрiстерi мен өмiр сүру сапасы» тақырыбындағы Жолдауын, мұнымен қатар «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың Жетi қыры» (500-ден аса материалдар) ұдайы жарияланып отырылады.

Ағымдағы жылдың басынан бiз «Kөкше» облыстық телеканалымен белгiлi бiр деңгейде хабарлар берiп отыру мақсатында 240 мың теңге сомасына келiсiм жасадық.

Тiл саясаты саласында мемлекеттiк тiлдiң кеңiнен қолданылуын қамтамасыздандыру жұмыстары жалғасуда. Тұрғындарымыздың жоғары буын өкiлдерiнiң арасында мемлекеттiк тiлдi меңгергендер санының өскенi байқалуда.

Ауданымызда азаматтарымыздың мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн игерулерiне қажеттi жағдайлардың барлығы жасалған Тiлдердi оқыту орталығы жұмыс iстейдi.

Ономастика саласында да, атап айтқанда идеологиялық тұрғыдан ескiрген елдi мекендер мен көшелердiң атаулары өзгертiлiп, жаңалары берiлуде. Жеке тұлғалардың есiмдерiн беруге шектеу жасау қағидасын басшылыққа алып, ономастикалық нысандарға бүгiнгi заман талаптарына сәйкес келетiн тарихи, дәстүрлi атауларын беру жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы 8 селолық округтердiң 20 көшелерiн және бес елдi мекеннiң (Куропаткино селосын — Өркен ауылына, Березняковка селосын — Елiктi ауылына, Трофимовка селосын– Қайыңды ауылына, Чаглинка селосын — Шағалалы ауылына, Раздольное селосын — Өзен ауылына) атауларын өзгерту бойынша ұсыныстар жасалып, облыстық құрылымдармен келiсiлуге жiберiлдi.

Тәуелсiздiк Күнiн мерекелеу шаралары шеңберiнде аудан орталығының бұрынғы Мир көшесiне Тәуелсiздiк атауы берiлiп, салтанатты тұсаукесер рәсiмi ұйымдастырылды. Аталған бастамалардың село тұрғындары тарапынан Ақмола облысының әкiмiмен болған кездесуде енгiзiлгенiн мақтанышпен атап өтуге болады.

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Өңiрiмiзде 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар Тораптық кестеге сәйкес жүргiзiлдi. Аудандық ауқымдағы 58 шараның қатарына «Тәрбие және бiлiм» — 27 , «Рухани қазына» кiшi бағдарлама шеңберiнде  — 19, «Атамекен» кiшi бағдарлама шеңберiнде  — 8, «Ақпарат толқыны» кiшi бағдарламалар шеңберiнде  — 4 шаралар енген.

«Қазақстанның қасиеттi географиясы», арнайы жобасына ерекше назар аударылуда, өйткенi қасиеттi жерлер мен рухани құндылықтар бiздiң халқымыздың рухани байлығының тiрегi болып табылатыны ақиқат.

2018 жылы әр санаттағы жалпы саны 114 адамды қамтыған 7 саяхат ұйымдастырылды. Бiлiм бөлiмi Ақмола және Қызылорда облыстарының қасиеттi жерлерiне ауысымды бару келiсiмдерiне сәйкес 17 баланың Қызылорда облысының қасиеттi жерлерiне баруларына жағдай жасады.

Қараша айында туризм бөлiмi 27 еңбек ардагерiн Бурабай ауданының қасиеттi жерлерiне саяхаттық жол жүру ұйымдастырды.

Өңiр тұрғындарының тiлектерi бойынша ағымдағы жылы бiз аудандық тарихи-өлкетану мұражайын ашуды жоспарлап отырмыз.

Бұрынғы Молақ ауылының жұртында («Интернационал» колхозы) өмiрден жеңiлмей өткен Мұсақұл балуанды еске алуға арналған мәдени-танымдық шара өттi. Оның бағдарламасына ұлы бабаға ескерткiш тас орнату салтанатты митингiсi, ән мен билер орындалған концерт және спорттық сайыстар ендi.

С.Сейфуллин атындағы ауылда Ақмола және Солтүстiк Қазақстан облыстары жастарының қатысуымен ұлттық ат спорты түрлерiнен сайыстар өттi.

2018 жылы «Қайырымды ел — Ақмола» жобасының «Туған жер» арнайы жобасы шеңберiнде науқас балаларға көмек көрсету мақсатында 3 қайырымдылық аукциондары ұйымдастырылып, жалпы сомасы 6,3 млн. теңге қаражаттар жиналды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Ардагерлердi ардақтайық», «Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» партиялық жобалары шеңберiнде, Астананың 20 жылдық мерейтойының құрметiне Зерендi селосындағы Мәлiк Ғабдуллин атындағы жалпы бiлiм беретiн мектептi қайта жөндеу жұмыстарын жүзеге асырып жатқан «Норд Строй KZ» ЖШС демеушiлiк қолдауымен 23 еңбек ардагерлерi мен ата-анасының қарауынсыз қалған 7 бала Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы «Зеленый бор» шипажайына демалуға жiберiлдi. Мұнымен қатар «Аврора Гарден» отбасылық демалыс Орталығы 10 еңбек ардагерлерiне апталық демалыс ұсынды.

«Азаматтық бастамалар картасы» жобасының шеңберiнде 7 әлеуметтiк жобалардан (селолық клубтар мен мектептердi жөндеу, қасиеттi жерлер мен елдi мекендердi жайғастыру, спорт алаңдарын және т.б.), тұратын Зерендi ауданының Әлеуметтiк бастамалар картасы әзiрлендi. Оларды жүзеге асыру тартылатын демеушiлiк қаражаттардың көмегiмен 2018-2019 жылдары атқарылатын болады. Қазiргi кезеңде 2017 жылы бастау алған 1 әлеуметтiк жоба  — Уәли хан мазарын жайғастыру жұмыстарын жобасы жалғасуда, оны меценат- «Берекет-2050» ЖШС директоры Б.Козлов жүзеге асыруда. Оның 2017 және 2018 жылдары салған инвестициялары 10,2 млн. теңгенi құрады (2017 жылы  — 6 477 265 теңге, 2018 жылы  — 3 689 640 теңге).

Жайғастыру, ақпараттық сөрелер қою, келушiлер үшiн киiз үй орнату жұмыстары ағымдағы жылда жалғасатын болады.

Кәсiпкер, Зерендi ауданының тумасы Ж.Жолдықов екiншi жоба- Көктерек ауылын жайғастыруға айтарлықтай, атап айтқанда 10 млн.теңге қаражат бөлдi (ескi мал фермаларының қалдықтарын жинап, шығару, аумақты қалыпқа келтiру, ауылiшi жолдарын жөндеу, құдық аумағын қалпына келтiрiп, жайғастыру). Жұмыстар 2019 жылы жалғаспақшы.

Ауданның туристiк нысандарының басшылары («Сұңқар» СК, «Зерен» ДО, «Аврора Гарден» ОДО, «Елiктi Парк» ТЛБ , М.Ғабдуллин атындағы СКО», «Зерен- Тур» ДО, «Қарағайлы» ДО, БО «Зерендi Парк» ДБ) әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн тұрғындар санатына жататын отбасылардың балаларына, жаңа жылдық тәттi тағамдарға толы сыйлықтар мен әсем ойыншықтар ұсынып, қайырымдылық акциясын өткiздi.

Ағымдағы жылы Абай ОМ отбасылық тәрбие кабинетi ашылды. Осындай кабинеттердi ауданның барлық мектептерiнде ашу қажет деп есептеймiн.

Меценаттардың «Жомарт жүрек» аудандық Форумы өткiзiлдi. Оның негiзгi мақсаты тұрғындарды, бизнес құрылымдары өкiлдерiн, меценаттарды шағын отандарын дамытуға, қайырымдылық қызметтерiне, меценаттыққа қатысуларын көтермелеу, ынталандыру және игi iстерiне қолдау бiлдiру болып табылады.

2018 жылы «Жыл меценаты» номинациясында жеңiмпаз болып кәсiпкер Б.Козлов, келесi номинацияларда  — «Туған өлке»  — Ж.Жолдықов, «Жыл қайырымдылық жасаушысы» — Н.Горбунова, «Жүректен жүрекке » — А.Сұлтанова, «Алтын ұя»  — Сайран және Гүлнәр Ибраевтардың отбасы жеңiмпаз болып танылды.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

2018 жылы мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған жүйелi жұмыстар жалғасын табатын болады. Осы мақсатқа аудандық бюджеттен 7 млн. теңге бөлiндi.

2017-2021 жылдары жастардың 86 өкiлдерi белсендi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасының қатысушылары болды. Жұмыспен қамту органдары 178 жастарды жұмысқа орналастырды, олардың iшiнде 4 адам әлеуметтiк жұмыс орындарына, 28 адам жастар практикасына жiберiлдi. «Жасыл ел» жалпыұлттық бастаманы жүзеге асыру шеңберiнде, студенттердiң арасынан 43 жас өрен жұмысқа орналастырылды.

Жүзеге асырылудағы «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша 2018 жылы 30 адам жалпы сомасы 5 млн. теңгенiң көтерме жәрдемақысымен қамтамасыздандырылды. (денсаулықсақтау — 10 адам, бiлiм беру — 18 адам, мәдениет — 2 адам.), мекенжай сатып алу үшiн сомасы 214,6 млн. теңге 62 бюджеттiк несиелер берiлдi.

- денсаулықсақтау — 10 адам: Чаглинка с/о — 1адам, Қызылегiс с/о — 1 адам, Зерендi с/о — 8 адам;

- бiлiмберу  — 46 адам: Ақкөл с/о — 2 адам, Бұлақ с/о — 3 адам, Зерендi с/о — 14 адам, Айдабол селосы — 2 адам, Қызылегiс с/о — 2 адам, Күсеп с/о — 2 адам, Бәйтерек с/о — 2 адам, Садовый с/о — 1 адам, Симферополь с/о — 2 адам, Қонысбай с/о — 2 адам, Чаглинка с/о — 14 адам;

- мәдениет  — 5 адам: Зерендi с/о — 4 адам, Троицк с/о — 1 адам;

әлеуметтiк қамтамасыздандыру — 1 адам, Зерендi с/о).

Ағымдағы жылы жастардың ресурстық орталығы 6,2 мың адамды тарту арқылы 60-тан аса шаралар ұйымдастырды, жастардың 75 өкiлдерiне әртүрлi мәселелер бойынша кеңестер берiлдi.

Өткiзiлген шаралардың қатарынан жыл сайынғы «Рухани жаңғыру — жастарға жарқын жол» жастар форумын, жастардың «Еңбек әулетi — ел дәулетi» ұранымен өткен еңбек әулеттерiмен кездесулерiн, «Алау» әскери-спорттық, «Ер есiмi — ел есiнде» патриоттық акциясын, жас отбасылардың «Отбасы өмiр аясы» конкурсын және басқаларды атауға болады.

Мемлекет Басшысының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Осыған орай жастардың әртүрлi форматтағы шараларын өткiзу қарастырылған.

Ағымдағы жылы бiз жастардың заманауи Коворкинг-орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз, ол барлық тiлек бiлдiрушiлерге қолжетiмдi болады.

Орталықта WI-FI аймағы, психологиялық жеңiлдеу, оқу бұрышы қарастырылған, мұнымен қатар принтрлi компьютерлер орналастырылады.

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Ауданда құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртiптiң сақталуына ерекше назар аударылуда. Осы мақсаттарда құқыққорғау, жергiлiктi атқарушы органдар және қоғам өкiлдерiнiң арасында өзара iс-қимылдарды жетiлдiру, ақпараттармен ауысу, құқықбұзушылықты ескерту және жолын кесу шаралары жүзеге асырылады. Әртүрлi шұғыл-алдын алу шаралары да ұдайы жүргiзiлiп отырылады.

Тұтастай алғанда өткен жылы ауданда 355 қылмыстар тiркелген (2017 жылы  — 337). Ауыр қылмыс түрлерiнiң 6,7%, бөтен мүлiктi қымқыру 12%, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 9,5% өсуiне жол берiлген.

Мұнымен қатар түрлiлiгi бойынша аса ауыр қылмыстардың 50%, бұзақылықтың 77,8%, пәтерлердi тонау қылмыстарының 63,2% төмендегенi байқалады.

Құқыққорғау органдарының қызметтiк үрдiстерiнде материалды-техникалық жабдықтау аса маңызды мәселе болып қалуда.

Өткен жылы аудандық бюджеттен полиция бөлiмiне компьютерлiк жабдықтар, көп функциялы қондырғы, графикалық планшеттер сатып алуға қаражаттар бөлiндi.

Ағымдағы жылы Зерендi селосында бейнебақылау камераларының жұмысын қамтамасыздандыру үшiн аудандық бюджеттен қаражаттар бөлу жоспарланған.

Ақмола облысы әкiмiнiң бастамасымен, полицияның учаскелiк инспекторларына қалыпты жағдай жасау мақсатында 2019 жылы тұрмыстық мекенжаймен жабдықталған (Чаглинка, Қонысбай, Ақкөл, Алексеевка, М.Габдуллин елдi мекендерiнде), жалпы сомасы 75 млн. теңге тұратын 5 учаскелiк пункттер салынбақшы. Қазiргi кезеңде жер учаскелерiн бөлу мәселесi қаралуда.

Құрметтi зерендiлiктер!

Жергiлiктi үкiметтiк органдардың барлық қызметi iшкi тұрақтылықты сақтауға, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың саясатын, «Қазақстан -2050» Стратегиясының, «Нұрлы жол-болашаққа бағдар», «100 нақты қадам» бағдарламаларының негiзгi бағыттарын, Президентiмiздiң 2018 жылдың 5 қазанында жарияланған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбымен жарияланған Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi, азаматтық бiрлiктi, тұрғындардың мемлекеттiк органдарға сенiмiн көтерудi қамтамасыздандырып, ары қарай дамыту болып табылады.Бүгiнгi нақты жағдайда, ең дамыған 30 мемлекеттiң қатарына қосылу бойынша қойылған мiндеттердi орындау үшiн, сiздер мен бiздерге әлемде орын алып отырған жағдайға бейiмделуiмiз қажет.

Бiздiң алдымызға өңiрiмiздiң ары қарай дамуының заманауи басымдықтарын айқындау, экономиканың басымдықты салаларының резервтер өсiмiн мейлiнше тиiмдi пайдалану бойынша нақты мiндеттер жүктелiп отыр.

Осыған байланысты жақын болашақта жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысы төмендегi негiзгi бағыттарға топтастырылатын болады.

Селолық округтердi ары қарай дамыту аса өзектi мәселелердiң бiрi болып қалуда. Негiзгi назар «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберiнде, мұнымен қатар жергiлiктi бюджеттiң қаражаттары, әлеуметтiк әрiптестiк шеңберiнде демеушiлердi тарту арқылы аса өзектi проблемаларды шешуге аударылатын болады.

Жұмыспен қамту саласында негiзгi мiндет жұмыссыздық деңгейiн төмендету, өздерiн өздерi кәсiппен қамтып отырған тұрғындарды белсендi жұмысқа тарту, еңбек нарығының тиiмдiлiгiн көтеру болып қалмақшы.

Тұрғындардың өмiр сүру сапасын көтеру үшiн әлеуметтiк сала нысандарын салуды, инфрақұрылымдарды жөндеу жұмыстарын жалғастырамыз.

Өткен жылдарда қол жеткiзiлген нәтижелерi негiзiнде, экономиканың тұрақты өсiмiн қамтамасыздандыру 2019 жылдың басты мiндетi болып қалады.

Агроөнеркәсiп кешенiнде бiздiң алдымызға ауылшаруашылығының басымдықтағы дақылдарын әртараптандыру, цифрландыру және «ақылды технологияларды» жылжыту, ауылшаруашылығы малдары санын көбейту, ауыл шаруашылығы өнiмдерi көлемiн ұлғайту және өңдеудi жоғарылату мiндеттерi қойылып отыр.

Инвестициялар тарту, жаңа ауылшаруашылығы, өнеркәсiп және басқа нысандарды қолданысқа енгiзу жұмыстарын жалғастырамыз.

Шағын және орта бизнестi ары қарай дамыту үшiн мемлекеттiк және үкiметтiк емес бағдарламалар шеңберiнде қолда бар тетiктердiң барлығы пайдаланылады.

Елбасымыз  — мемлекет кепiлдiгiнiң және әр тұлғаның өз денсаулығы мен бiлiмiне жоғары жауапкершiлiгiнiң жаңа қағидаларын айқындады. Осыған орай аталған бағытта салалық мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасады.

Денсаулық саласында ұсынылатын медициналық қызметтердiң сапасын көтеру бойынша, денсаулықты қорғау және салауатты өмiр салтын қалыптастыру, медициналық мамандарды тарту жұмыстары жалғасатын болады.

Қымбатты жерлестер!

Бiздiң аудан өндiрiстiк әлеуетпен және еңбек қорларымен қамтамасыздандырылған, сондықтан оларды толық көлемде пайдалану мақсатында бiзге бар күш-қуатымызды алдымызда тұрған мiндеттердi орындауға жұмылдыруымыз қажет.

Осы игi iстiң арқасында ғана бiз зерендiлiктердiң әл-ауқатын жақсартып, республикамыздың әлемдiк рейтингте жоғарылауына өзiмiздiң лайықты үлесiмiздi қоса аламыз.

Келген 2019 жыл айтулы оқиғаларға толы болмақшы, атап айтқанда елiмiздегi ең беделдi «Нұр Отан» партиясының құрылғанының 20 жылдығы, Ауғанстаннан әскер шығарудың 30 жылдығы, Қазақстанда тың және тыңайған жерлердi игерудiң 65 жылдығы, тағы басқалар аталып өтiлмекшi. Олар қазақстандықтардың саяси және рухани тұрғыдан қуатты болуына, бiрлiктерi мен толеранттылықтарының нығаюына оң әсерiн тигiзерi сөзсiз.

Ойымызды қорытындылайтын болсақ айтарлықтай ауқымды iстер атқарылған, дегенмен алдағы кезеңде атқарылатыны да ұшан-теңiз. Әрқайсымыз өз жұмыс учаскелерiмiзге жауаптымыз. Сондықтан әрқайсымыз өз орындарымызда Президентiмiздiң Қазақстан халқына жасаған Жолдауында жүктелген басты басымдықтарды жүзеге асыру үшiн жұмысты қойылған мiндеттерге сәйкестендiре ұйымдастыруымыз қажет.

Ал ең бастысы баршамыз бiрлiгiмiздi сақтап, тұрақтылығымыз бен өзара келiсiмiмiздi нығайтып, бүгiнгi қолда бар бағасыз өмiрлiк құндылықтарымыз  — балаларымыз бен ата-аналарымыздың бақыты, ертеңгi күнге деген сенiмiмiздi жоғалтып алмау бағытында бар күш-жiгерлерiмiздi жұмсауымыз керек екенi ақиқат.

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2019 08:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 09:00
Қаралым саны: 3260
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43