A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап бередi

1. Биыл 25 ақпанда менiң анам 59 жасқа толады. Ол зейнеткерлiкке шығуға дайындалып жатыр. Бұл үшiн құжаттарды қайда тапсыру керек?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар, олардың iшiнде биыл 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толған әйелдер Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы. Осылайша Сiздiң анаңыз 59,5 жасқа толуға 10 күн қалғанда, яғни ағымдағы жылдың 15 тамызында зейнетақы төлемдерiн алуға өтiнiш бере алады. Алайда есiңiзде болсын, зейнетақыны 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейiн рәсiмдеу керек. Егер анаңыз одан кешiктiрсе өтiнiштi 2021 жылы 60 жасқа толғанда беруiне тура келедi.

Зейнетақы алу құқығына ие болған азаматтар зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу бойынша бiрыңғай өтiнiш пен құжаттар топтамасын тек бiр жерге — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырады. Әрi қарай Қор төлемдерi мен бюджет есебiнен берiлетiн зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) кесте бойынша алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына ай сайын бiр мезгiлде аударылып отырады. Бұл ретте алушыға мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтары мен нақты енгiзiлген МЗЖ, МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметi көрсетiледi. Яғни, бұл үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтiнiшi Мемлекеттiк корпорацияға тiркелген күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде немесе Қордан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Әрi қарай Қор төлемдерi мен бюджет есебiнен берiлетiн зейнетақылар арнайы кесте бойынша алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына ай сайын бiр мезгiлде аударылып отырады.

Зейнетақыны рәсiмдеу үшiн ХҚО-ға мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

жеке басты куәландыратын құжат;

банк шотының нөмiрi;

жұмыс орнынан айлық табыстар және мiндеттi зейнетақы жарналары туралы анықтама;

еңбек кiтапшасы;

бiлiмi туралы диплом;

әскери билет (қорғаныс iстерi бойынша жергiлiктi басқармадан);

неке туралы куәлiк;

балалардың туу туралы куәлiктерi.

Туу туралы куәлiк жоқ болса, актiлiк жазбадан үзiндi-көшiрменi немесе азаматтық хал актiсiн тiркеу туралы анықтаманы әкелуге болады. Толық ақпаратты Мемлекеттiк корпорацияның egov.kz сайтынан немесе ХҚО-ның жергiлiктi филиалдарының бiрiнен бiле аласыз.

2. Қайырлы күн. Мен 25 жыл бойы кеншi болып еңбек еттiм. 55 жасымда зейнеткерлiкке шықсам деп едiм. Аннуитеттi пайдалана отырып, мерзiмiнен бұрын зейнетке шығудың жолын айтып берсеңiз екен.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 59-бабына сәйкес 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздерi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздерi таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзiмiнен бұрын алуға құқылы. Бiрақ бұл үшiн Қордағы жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде зейнетақы төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс. Бұл ретте зейнетақы аннуитетi шарты әйелдер: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 55 жасқа толғанда жүргiзiледi.

Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу мақсатында жеткiлiктi зейнетақы жинақтарын есептеу үшiн бiздiң сайттағы «Зейнетақы калькуляторын» пайдалануыңызға болады.

Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аудару салымшының Қор кеңсесiне тiкелей өзi келуi немесе сенiм бiлдiрiлген тұлға арқылы (бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген тұлға құжаттарды Қор кеңсесiне тiкелей өзi әкелуi тиiс) жүзеге асырылады. Құжаттардың тiзiмi Қор сайтында «Қызметтер»-«Салымшылар»-«Зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына қалай аударылады» бөлiмiнде орналасқан.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударады.

3. Саламатсыз ба, бұдан екi жыл бұрын жұбайым екеумiз ұлымыздың неке тойына деп банктен несие алған едiк. Алайда қазiр қаржы жағынан қиналып отырмыз. Сұрайын дегенiм, БЖЗҚ-дағы жинақтарымыздың бiр бөлiгiн несиенi өтеуге пайдалансақ болады ма?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын несиенi өтеуге пайдалану мүмкiн емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтерiне деген құқығы заттық құқық санатына жатады және Заңда белгiленген мақсатқа ғана, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға қолданылуы мүмкiн.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерi зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59,5 жасқа толғанда) төленедi.

Оларға қоса мүгедектiгi бар жандар I немесе II топтағы мүгедектiгiнiң мерзiмсiз, яғни, өмiр бойына тағайындалу уақытына қарай Қордағы жинақтары есебiнен зейнетақы төлемдерiн ала алады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегiн растайтын құжаттар ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын толық көлемде алуға құқығы бар.

Әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргiзiледi.

Заңға сәйкес Қордағы зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдары арқылы мерзiмiнен бұрын алуға мүмкiндiк бар. Яғни, 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздерi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздерi таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзiмiнен бұрын алуға құқылы. Бiрақ бұл үшiн Қордағы жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде (2020 жылы ол — 38 636 теңге) зейнетақы төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс.

4. Қайырлы күн, мен зейнетақы шотымнан үзiндi көшiрменi БЖЗҚ сайтының жеке кабинетiнен алып тұратынмын. Бiрақ соңғы бiрнеше айда жеке кабинетке кiрмеген соң, паролiмдi ұмытып қалдым. Не iстеймiн, тағы да Қордың бөлiмшесiне баруым керек пе?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлiмiне кiру үшiн жеке сәйкестендiру нөмiрi мен құпиясөз (пароль) керек. Егер паролiңiздi ұмытып қалсаңыз, онда қайта тiркеуден өтуiңiз қажет болады. Бұл үшiн Қор сайтының «Жеке кабинет» бөлiмiне кiрiп, «Пароль ауыстыру» батырмасын басып, барлық жолақтарды толтырыңыз. Сөйтiп, Қордың дерекқорында тiркелген электрондық мекенжайыңызды немесе ұялы телефоныңызды көрсетiп, «Жiберу» түймешiгiн басыңыз.

Енгiзiлген деректер жеке зейнетақы шотын ашу жөнiндегi өтiнiште немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) туралы келiсiмде көрсетiлген деректермен сәйкес болуы керектiгiн ұмытпаған жөн. Сондықтан Қорға тек маңызды және дұрыс деректердi ұсыну қажет. Көрсетiлген электрондық мекенжайыңызға немесе ұялы телефоныңызға SMS арқылы келiп түскен бiр реттiк парольды алған соң, «Бiр реттiк пароль енгiзу» батырмасын пайдаланыңыз. Яғни, бiр реттiк парольды енгiзiп, жаңа паролiңiздi тiркеңiз. Сөйтiп үзiндi көшiрмеге қол жеткiзе аласыз.

5. Қайырлы күн! 2005-2006 жылдары менiң жұмыс берушiм зейнетақы қорына жарна ретiнде менiң жалақымның көлемiне сәйкес келмейтiн ең аз соманы аударып отырған екен. Бұл туралы менiң бұрынғы әрiптесiм айтты. Менiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысып келе жатқаныма 15 жылдан асты. Осы жылдар бойынша толық үзiндi көшiрменi қалай алуға болады?

Сiздiң басқа зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарыңыз бойынша тарихи мәлiметтердi алу үшiн Бiрыңғай жиинақтаушы зейнетақы қорының жергiлiктi филиалына жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып, өтiнiш беруiңiз керек. БЖЗҚ филиалдарының мекенжайы мен байланыс телефондарын Қор сайтының «Байланыстар» бөлiмiнде немесе 1418 тегiн телефон нөмiрiне хабарласу арқылы алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020 13:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.02.2020 13:57
Қаралым саны: 891
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43