A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді

1. Сәлематсыз ба! Биыл 2 тамызда анам 59 жасқа толды, зейнетке шығуға ол қашан дайындалуы керек және бiз алдымен қай жерге өтiнiш беремiз?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар, зейнет жасына жеткен кезде Қордан зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы, соның iшiнде әйелдер төмендегiдей жасқа толғанда:

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 58,5 жас;

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап– 59 жас;

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 59,5 жас;

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 60 жас;

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 60,5 жас;

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап  — 61 жас;

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап  — 61,5 жас;

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап  — 62 жас;

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап  — 62,5 жас;

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап  — 63 жас.

Биылғы жылдың 2 тамызында Сiздiң анаңыздың 59 жасқа ендi ғана толғанын ескере отырып, зейнет жасына жетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiнiң, соның iшiнде БЖЗҚ-дан берiлетiн төлемдердi алу құқығы ол кiсiге тек 2021 жылы 60 жасқа толғанда ғана берiлетiнiн хабарлаймыз.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн (1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi үшiн), мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерi және БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн құжаттар жинағымен «Азаматтарға арналған Үкiмет» (ХҚКО) Мемлекеттiк корпорациясының бөлiмшелерiне хабарласу керек.

Бюджет қаржысы және зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдер Мемлекеттiк корпорация белгiлеген зейнетақы төлемдерi кестесiне сәйкес өтiнiште көрсетiлген банк шотына бiр күнде аударылады.

2. Қайырлы күн. Бiздiң отбасымыз қайғыға душар болып, өгей әкем өмiрден озды. Ол бiздiң асыраушымыз болғандықтан қазiр тұрмыс тауқыметiне тап болып жатырмыз. Бiлгiмiз келгенi, анамыз екеумiз өгей әкемiздiң жинақтарын ала аламыз ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабының 1-3 тармақтарына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлға немесе Қордағы жеке шотында зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына жетпеген тұлға қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерi шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi.

Жерлеуге арналған бiржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейiн зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретiнде төленедi.

Бұдан басқа «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 31 және 32 баптарында мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы төлемдерi бар тұлға қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылатындығы анықталған.

Төлем түрлерiне байланысты қажеттi құжаттардың өзектi топтамасы, олардың Қорға ұсынылатын тәсiлдерi (жеке өтiнiш бергенде/пошта байланысы арқылы/үшiншi тұлға), оларды тiркеуге қатысты талаптар, сондай- ақ, өтiнiштер бланктерi мен төлем валютасының түрлерiне байланысты оларды толтыру, БЖЗҚ байланыстары мына сiлтеме бойынша БЖЗҚ сайтында орналастырылған:www.enpf.kz.

3. Қайырлы күн! Мен 2 топтағы (мерзiмсiз) мүгедекпiн, БЖЗҚ- дан ай сайын төлемдер аламын. Алайда маған қазiр емделу үшiн ақша соншалықты қажет, сондықтан барлық жинақтарымды бiрден ала аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 30 және 31 баптарына сәйкес мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтағы жандар БЖЗҚ- дан (бар жағдайда) зейнетақы жинақтарын тек белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде алуға құқылы.

Егер жеке зейнетақы шотындағы қалдық ай сайынғы кезектi төлем жүзеге асырылғаннан кейiн республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан аз болса, аталған қалдық кезектi төлем сомасымен бiрге төленедi..

Егер зейнетақы жинақтарының сомасы алушы өтiнiш берген күнi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен аспайтын болса (2020 жылдың 1 сәуiрiнен бастап бұл сома 485 292 теңгенi құрайды = 12 * 40 441) зейнетақы жинақтарын бiр-ақ рет алуға болады.

БЖЗҚ-дан кесте бойынша берiлетiн зейнетақы төлемдерi алушының өтiнiш берген күнiнен бастап тағайындалып, зейнетақы жинақтары таусылғанға дейiн төленетiндiгiне назар аударғымыз келедi. Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру Ережелерiнде қарастырылған жағдаяттарды ескере отырып, БЖЗҚ белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн қайта есептеудi жыл сайын дербес жүргiзiп отырады.

Осы аталған жәйттарды ескере отырып, Сiзге зейнетақы жинақтарының барлық сомасын бiржола төлеуге БЖЗҚ-ның құқығы жоқ. Сондықтан зейнетақы төлемдерi Сiзге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп пен мөлшерде ай сайынғы негiзде төленiп отыратын болады.

4. Қайырлы күн, көршiм Ауғаныстан елiнiң азаматы болып табылады және менiң мейрамханама жұмысқа орналасқысы келедi. Қазақстан Республикасының азаматы болмағандықтан ол үшiн мен зейнетақы жарналарын аудара аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланды. Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басын куәландыратын құжаттары бар болған жағдайда (шетелдiк үшiн — бұл Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар құжат, азаматтығы жоқ адамға — азаматтығы жоқ адамның куәлiгi), Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие.

Егер шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына өзгелей заңдық негiзде келген жағдайда, онда олар Қазақстан Республикасына уақытша келгендер болып табылады және Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие болмайды, соның iшiнде оларға БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аударуға тыйым салынады.

Осылайша Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу құқығына ие. Мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ)/ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келiсiм-шарт жасасуды есепке алу үшiн жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашуға орай өтiнiш беруге қатысты мәселеге тоқтала кетсек, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап МЗЖ есепке алу үшiн БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу автоматты түрде жүзеге асырылады, сәйкесiнше, оны ашу үшiн жеке тұлғалардың Қорға келулерiнiң қажетi жоқ. Жеке тұлғаларда МЗЖ есепке алу үшiн БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоттары болмаған жағдайда ол электронды төлем тапсырмасында көрсетiлген жеке тұлғаның деректемелерiне БЖЗҚ-ға агент аударған, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамынан түскен МЗЖ алғашқы сомасы негiзiнде ашылады. Осыған байланысты жеке тұлғалардан БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшiн ЖЗШ ашуға орай өтiнiш қазiр талап етiлмейдi.

5. Қазақстанда цифрландыру туралы жиi айтылады және коранавирус iндетi кезiнде онлайн дамуына тереңiрек тоқталу қажет. Ендеше бұл мәселе БЖЗҚ-да қалай жолға қойылған? Электрондық тәсiлмен қызмет алатын адамдар қатары соншалықты көп пе?

Жаңа технологиялардың дамуы мен электрондық жүйелердiң озық жұмыс iстеуiнiң арқасында БЖЗҚ қызметтерiнiң 90% бүгiнде онлайн пiшiмде көрсетiледi. Осылайша бiздiң салымшыларымыз (алушылар) өз денсаулықтарын қатерге байламай, қызметтердiң тұтас спектрiн үйден шықпай-ақ ала алады: ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен өз пайдаларына зейнетақымен қамсыздандыру туралы келiсiм-шартты жасасу; жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзiндi көшiрменi қарау; электронды пошта арқылы өзiне ЖЗШ-нан үзiндi көшiрменi жiберу; зейнетақымен қамсыздандыру туралы келiсiм-шарттың жекелеген деректемелерiне өзгерiстер енгiзу; мерзiмсiз белгiленген 1 және 2 топтардағы мүгедектiктiң тағайындалуына байланысты өтiнiш беру және өзге де қызметтер (қызметтердiң толық тiзiмiмен БЖЗҚ сайтында танысуға болады).

2020 жылдың 1 шiлдесiне қарай БЖЗҚ салымшыларына 9,4 миллионнан астам қызмет көрсетiлгенiн атап кеткен жөн. Бұл өткен жылғы көрсеткiштен 2,7% жоғары. Барлық қызметтердiң 91,4% (немесе 8 566 698 операция) электрондық пiшiмде жүргiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн пiшiмнiң танымалдылығы 16,4% өстi.

Бұдан бөлек БЖЗҚ салымшылары қажеттi кеңестердi 1418 нөмiрi арқылы байланыс орталықтарында (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн), сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративном сайтында, +7 777 000 14 18 нөмiрi арқылы WhatsАpp және Viber чат-боттарында және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан ала алады.

Мақаланың шыққан күні: 24.08.2020 17:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.08.2020 17:31
Қаралым саны: 160
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43