A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ күндізгі қызмет көрсету тәртібін 198 бөлімшесіне қайтадан орнатты

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақталуына, сондай-ақ, коронавирус iндетiмен (COVID-19) сырқаттану жағдайларының төмендеуiне байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бұрын қабылданған бiрқатар шектеу шаралары алынып тасталды.

Осыған байланысты Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бөлiмшелерiнiң көп бөлiгi үйреншiктi күндiзгi қызмет көрсету режимiне оралды. Қазiргi уақытта 198 қызмет көрсету орны алдын-ала жазылу бойынша күндiзгi, 7-еуi байланыссыз, 7-еуi қашықтықтан жұмыс iстейдi.

Күндiзгi режимде қабылдауға жазылуды enpf.kz корпоративтiк сайтында екi-үш әрекетпен-ақ оп-оңай iске асыруға болады. Сайттың басты бетiндегi «Электрондық сервистер» қосымша бетiне өтiп, «Қызмет алу кезегiн брондау» баннерiн басып, әрi қарай Сiз бiздiң филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетiңiзше таңдай аласыз.

Филиалдардың жұмыс тәртiбi жұмыс күндерi 9:00-ден 18:00-ге дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi. Түскi үзiлiс кезiнде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейiн операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртiп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнiнiң бiрiншi және екiншi жартысында жұмыс үстелiн, орындықтарды, есiк тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттық екi техникалық үзiлiс қарастырылған.

Сонымен қатар БЖЗҚ қызметiнiң өзге де түрлерiн, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, деректемелердi өзгерту, ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сiз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимiнде ала алатындығыңызды естерiңiзге саламыз (электрондық қызметтердi алу тәртiбi бойынша нұсқаулықтар тиiстi бөлiмдерде қоса берiледi).

Бұдан бөлек, БЖЗҚ-да қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған барып қызмет көрсету бөлiмi қызметi жұмыс iстейдi. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтi көзбе-көз алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. Азаматтарға барып қызмет көрсету барысында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтiнiштердi (оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштердi) ресiмдеу қызметi көрсетiледi. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтiк әлсiз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға), (мерзiмсiз уақытқа мүгедектiк берiлген 1-2 топ мүгедектерiне) санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, сапалы қызмет көрсету жүзеге асырылады.

Қор қызметкерлерi салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерiн алу үшiн қашықтықтан қолдау көрсетуге әрқашан дайын:

1) өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерiне телефон байланысы арқылы өтiнiш жасау (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмiрi бойынша Қордың байланыс орталығына жүгiну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмiрi бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;

4) www.enpf.kz корпоративтiк сайтындағы онлайн-кеңесшi;

5) өтiнiштердi enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жiберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтiк желiлердегi аккаунттар.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтiк сайтында алдын ала онлайн түрде тексерiп, кейiннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жiберу жолымен қызмет көрсету де қарастырылған.

«БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарының тiзiмi мен олардың жұмыс тәртiбi сiлтеме бойынша қолжетiмдi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 01.10.2020 15:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2020 15:19
Қаралым саны: 116
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43