A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ өзінің салымшыларына 210 миллиард теңгеден астам қаражат төледі

2019 жылдың 12 айында 314 мыңнан астам алушы үшiн 210 миллиард теңгеден астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды. Оның iшiнде:

 — зейнет жасына толуға байланысты — 69,8 млрд теңге;

- мүгедектiгi бар жандарға — 1,8 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты — 50,5 млрд теңге;

- мұрагерлiк бойынша — 27,9 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты — 3,2 млрд теңге;

- өмiрдi сақтандыру бойынша ұйымдарға — 56,9 млрд теңге

- басқа тұлғаларға — 0,1 млрд теңге төлендi.

Кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы — 21 165 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем — 514 666 теңге болды. Салыстыра қарасақ, 2018 жылы БЖЗҚ-дан 168,6 млрд теңге төлендi. Бұл жерде өсiм сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдарға байланысты болып отыр. Мысалы, 2018 жылы 26 млрд теңге, ал 2019 жылы бұдан екi есе жоғары — 56,9 млрд теңге аударылды. Оған басты себеп — былтырғы жылы зейнетақы аннуитетiн алу үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарымен (МЗЖ) бiрге мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарынан (МКЗЖ) қалыптасқан жинақтарды пайдалану мүмкiндiгi туындады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2020 15:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.02.2020 15:33
Қаралым саны: 959
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43