A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Бірыңғай жиынтық төлем- Жартыжылдық қорытындысы

2019 жылдың басынан бастап Қазақстан заңнамасында жаңа жаңалық — Бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгiзiлдi. Оны енгiзудiң басты себебi — бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметiн тiркеудi жеңiлдету.

Бүгiнгi күнi бұл төлем 4 мiндеттi төлемдi бiр реттiк төлеммен алмастырады. Олар:

- жеке табыс салығы;

- БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарнасы;

- мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударым (МӘСҚ);

- әлеуметтiк медициналық сақтандыру Қорына әлеуметтiк жарна (ӘМСҚ).

БЖТ төлеушiлер — кәсiпкерлiк қызметтi жеке кәсiпкер ретiнде тiркеусiз жүзеге асыратын, бiр уақытта келесi шарттарға жауап беретiн тұлғалар: бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеген; жалданған қызметкердiң еңбегiн пайдаланбайтын, салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсететiн және акцизделетiн тауарларды қоспағанда, өздерi өндiретiн жеке қосалқы шаруашылықтардың ауылшаруашылық өнiмдерiн сатумен айналысатын тұлғалар болып табылады.

Сауда және ойын-сауық орталықтарының (СОО) аумағында қызмет атқаратын (белгiлi жұмыстарды орындайтын) жеке тұлғалар; жеке практикамен айналысатын адамдар, тұрғын емес үй-жайларды жалға берушiлер, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен азаматтар, сондай-ақ, оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖТ төлеушiлер ретiнде есептелмейдi.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодексiнiң (Салық кодексi) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушiлерi болып табылатын жеке тұлғалар үшiн БЖЗҚ-ға өз пайдасына төлеуге жататын, мiндеттi зейнетақы жарналары 2019 жылы төмендегiдей:

-республикалық және облыстық маңызға ие қалаларда, астанада — 2525 теңге

-өзге елдi-мекендерде — 1262 теңге.

Төлем жасаушыларға бұл соманы өз бетiмен 4 төлемге бөлудiң қажетi жоқ, ол бюджетке түскеннен кейiн тағайындалуы бойынша автоматты түрде бөлiнедi.

Бiрыңғай жиынтық төлем сомасы «Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ-мен келесi шамаларға бөлiнедi:

10% — жеке табыс салығы (ЖТС);

20% — әлеуметтiк аударымдар (ӘА);

30% — мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ);

40% — мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдар (ММСА).

Бiрыңғай жиынтық төлемнiң мөлшерi алынған табыстың мөлшерiне тәуелдi емес және қосымша есептеулердi (кiрiстер, шығыстар, шегерiмдер, пайда) талап етпейдi.

Табыс алынған әр ай үшiн бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеу қажет.

Бiрыңғай жиынтық төлем режимiне түсетiн азаматтардың барлық төлемдердi жеңiлдетiлген шарттарда төлеуге және әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне қатысуға мүмкiндiктерi бар. Сондай-ақ, БЖТ артықшылықтарына мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiне қатысу және сомасы мен түрлерi бойынша шектеусiз медициналық қызметтерге қол жеткiзу, ММСА енгiзiлгеннен кейiн медициналық мекеменi таңдау құқығына ие болу жатады. Жүйеге қатысушының сондай-ақ, еңбек ету қабiлетiнен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктiлiк пен босану, бала асырап алған, бала күтiмi жағдайында да әлеуметтiк төлемдердi алуға құқығы бар.

БЖТ төлеушiлерi болып табылатын қазақстандықтар үшiн жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу арқылы жүйеге қатысу өтiлiне байланысты базалық зейнетақы төлемiн алу басты артықшылықтардың бiрi болып табылады. БЖЗҚ-да өзiнiң зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа БЖТ төлеушiлерi үшiн ендi зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты базалық зейнетақы төлемiн алу мүмкiндiгi пайда болды.

Осылайша төлемнiң осы түрi енгiзiлген күннен бастап өткен бiрiншi жартыжылдықта 121 977 жеке тұлға БЖТ арқылы БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 112 млн теңге көлемiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын төледi.

Бiрыңғай жиынтық төлемнiң тағы бiр артықшылығы мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк көмек түрiндегi минималды жәрдемақыға айтарлықтай қаржылық өсiмнiң қосылуы, сонымен қатар азаматтардың табысын растау арқылы несиенi төлеу қабiлеттiлiгiнiң жоғарылауы болып табылады. Яғни, БЖТ-нi төлеушi ендi тұрақты төлемдер арқылы төлем қабiлеттiлiгiн растап, банктен ресми түрде несие ала алады.

БЖТ екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жалпы сомамен төленуге жатады (мысалы, «Қазпошта» АҚ арқылы). Төлемдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының банктiк шотына аудару керек. Бұдан әрi Мемлекеттiк корпорация төлемдi жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтiк төлемдер түрiндегi төлемдерге бөледi, содан кейiн ЖТС аймақ бюджетiне, ал әлеуметтiк төлемдердi БЖЗҚ, ӘСМҚ және ММСА аударады.

БЖТ төлеушiлер салық есептiлiгiн ұсынбайды. Қызметтiң басталуын тiркеу (хабарлау) және қызметтi тоқтата тұру (тоқтату) туралы өтiнiш талап етiлмейдi. Жеке тұлға төлем жүргiзген күннен бастап бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеушi болып есептеледi. Егер жеке тұлға төлемдi тоқтатса, онда ол БЖТ-ның төлемшiсi болып есептелмейдi.

Мақаланың шыққан күні: 20.08.2019 12:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.08.2019 12:44
Қаралым саны: 614
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43