A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімдігі 5 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 8 сәуірден бастап 2019 жылғы 26 сәуірге дейін 18-30-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 29 сәуірде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 141, кіші мәжіліс залы мекенжайы бойынша шығарылады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады::

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

3) тартылатын инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдігі немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі.

Инвестициялар сомасында өнімді сақтау және қайта өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жай салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Көкшетау қаласы, Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады. http://kokshetau.akmo.gov.kz / және "Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ, http://ozo-kokshetau.akmo.gov.kz/ немесе тел.: 253556, 251580, 254679.

№ лота Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы(алқаптардың құрамы мен түрлері) Ауданы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 Краснояр ауылдық округі табиғи жайылымдар 67,6 20,8 Кәдімгі қара топырақ Суландырылмаған Мал шаруашылығы
2 тыңайған 304 41,8 Кәдімгі қара топырақ Суландырылмаған Аграрлық
3 табиғи жайылымдар 38 20,8 Кәдімгі қара топырақ Суландырылмаған Мал шаруашылығы
4 тыңайған 172,9 34,2 Кәдімгі қара топырақ Суландырылмаған Аграрлық
Мақаланың шыққан күні: 02.04.2019 11:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.04.2019 11:41
Қаралым саны: 2845
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43