A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Есіл ауданында жерлерді ұсыну бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 49 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 13 мекен-жайы бойынша, 2019 жылғы 28 қарашадан бастап 2019 жылғы 23 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылдың 24 желтоқсанда сағат 09.00-де Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6 мекен-жайы бойынша шығарылады.

Лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Алқаптардың құрамы Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 330 32 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
2 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 355 31,9 күңгірт-күрең топырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
3 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 381 33 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
4 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 341 33 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
5 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 414 26 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
6 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 529 36 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
табиғи жайылым 3 31,6
Барлығы: 532 36
7 Курский ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу егістік 241 31,7 күңгірт-күрең топырақ суландырылмаған өсімдік шаруашылығы

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелерді орындау;

Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды.Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Есіл ауданы әкімдігінің http://esil.gov.kz/интернет-ресурстарында немесе «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 87164721647 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 08.11.2019 17:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2019 17:31
Қаралым саны: 1378
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43