A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Жарқайың ауданында жерлерді ұсыну бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Державин қаласы, Ленин көшесі, 34 үй мекен-жайы бойынша 2019 жылғы 11 қарашасынан бастап 2019 жылғы 29 қарашасын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: 2019 жылдың 2 желтоқсанында сағат 10.00-де мекен-жай Державин қаласы, Ленин көшесі, 34 үй.

№п/п Жер учаскесінің орналасқан жері (Лоттың №) Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
10 № 11 лотЖаңадала ауылдық округі Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымжақсартылған жайылым 224,6

129,4
95,2


22,4
28,2
күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
11 № 12 лотЖаңадала ауылдық округі Барлық алаңы:соның ішінде:табиғи жайылымжақсартылған жайылым 346,2

201,9
144,3


14,1
27,7
күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
12 № 13 лотКостычев ауылдық округі жақсартылған жайылым 303,5 33,1 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
13 № 14 лотПригород ауылы табиғи жайылым 502 18,7 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
14 № 15 лотПригород ауылы табиғи жайылым 57 15,1 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
15 № 16 лотПригород ауылы табиғи жайылым 441 24,8 күңгірт-күрең топырақ Суландырылған мал шаруашылығы
16 № 17 лотГастелло ауылы табиғи жайылым 21,3 22,6 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
17 № 18 лотГастелло ауылы табиғи жайылым 203,9 23,3 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
18 № 19 лотГастелло ауылы табиғи жайылым 69,2 22,1 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
19 № 20 лотНахым ауылдық округі жақсартылған жайылым 34,4 33,2 күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
20 № 21 лотКостычев ауылдық округі жақсартылған жайылым 300 31,1 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
21 № 22 лотУәлихан ауылдық округі егістік 203 27,7 күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік шаруашылығы
22 № 23 лотКостычев ауылдық округі Барлық алаңы:соның ішінде:егістіктабиғи жайылым 559,7

286,5
273,2


30,4
31,0
күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған өсімдік шаруашылығымал шаруашылығы

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағындағы көрсетілген ақпараты қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста қамтылуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Жарқайың ауданы әкімдігінің http://zharkain.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 8(71648)92387 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 15.10.2019 10:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.10.2019 10:41
Қаралым саны: 1564
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43