A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зеренді аудандың МКБ-ның тәуекелдерді басқару жүйесі туралы ақпараты

Салық кодексiнiң 136-бабына сәйкес тәуекелдердi басқару жүйесi тәуекелдердi бағалауға негiзделген және салық органдары тәуекелдi анықтау және алдын алу мақсатында әзiрлейтiн және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.

Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мемлекетке нұқсан келтiруi мүмкiн және (немесе) нұқсан келтiре алатын салықтық мiндеттеменi орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.

Салық кодексiнiң 31-бабына сәйкес салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салықтық мiндеттеме деп танылады, соған орай салық төлеушi мынандай әрекеттердi жасауға:

1) салық органында тiркеу есебiне тұруға;

2) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды жүргiзуге;

3) салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердiң, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердiң сомасын есептеуге;

4) Салықтық нысандарды және осы Салық кодексiмен белгiленген өзге де нысандарды жасауға;

5) салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң есептелген және есепке жазылған сомасын, салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi.

Сәйкесiнше, салықтық мiндеттемелердi орындау шегiнде салық төлеушiлермен жасаған әрекеттерге байланысты әр түрлi тәуекелдер туындайды және тәуекелдер сипатына байланысты салық органдарымен тәуекелдердi бағалау, оларға әрекет ету шаралары мен оларды барынша азайтудың әр түрлi әдiстерi қолданылады.

Бұл стратегия әлемдiк тәжiрибеге сай келедi және Салықтық әкiмшiлiктендiрудi реформалау Жоспары аясында халықаралық сарапшылармен ұсынылған.

Санаттау нәтижелерiне қатысты.

Төмен, орта және оғары тәуекелдер деңгейi санатына қызметтерiн жатқызу арқылы салық төлеушiлердi (салықтық агент) санаттау салық кодексiнiң 136-бабы және «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығына (бұдан ары-ТБЖ бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.

Санаттау нәтижелерi бойынша берiлген тәуекелдер дәрежесiне байланысты, салық төлеушiнiң салықтық мiндеттемеге байланысты салықтық әкiмшiлiктендiру шаралары дифференцияланады:

1) оңайлатылған тәртiппен жекелеген ДК санаттарының қызметiн тоқтату;

2) ҚҚС бойынша тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беру;

3) салық есептiлiгiн ұсынуды ұзарту, тоқтата тұру;

4) уақытылы орындалмаған салық мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету;

5) салық берешегiн мәжбүрлеп өндiру.

№252 бұйрықтың 11-тармағына сәйкес санаттау субъектiсiнiң тәуекел дәрежесi құпия ақпарат болып табылмайтын (бұдан ары-ашық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтiк) ақпарат болып табылатын (бұдан ары-жабық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледi және жартыжылдықта бiр рет өзектендiрiледi.

Санаттау нәтижелерi бойынша берiлген тәуекелдер дәрежесi туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң ресми сайтында (Электронды сервистер/Бизнеске көмек/Санаттау нәтижелерi бойынша салық төлеушiнiң тәуекелдер дәрежесi) (http://kgd.gov.kz/ru/services/degree_of_risk) жарияланады, сондай-ақ салық төлеушiге «Салық төлеушiнiң кабинетi» (бұдан ары-СТК) web-қосымшасында iске қосылған ашық өлшемшарттар бойынша мәлiметтерiмен жеке жiберiледi.

Салық төлеушiлерге берiлген тәуекелдер дәрежесiн өзгерту мүмкiндiктерi мәселесi бойынша бiрқатар ұсыныстар:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығында мазмұндалған ашық өлшемшарттардың тiзбесi мен оларды есептеу әдiстемесiмен танысу. Өлшемшарттар тәуекелдер дәрежесiне терiс әсерi («плюс» балымен тәуекелдер дәрежесiн арттырады), сонымен бiрге оң әсерi де («минус» балымен тәуекелдер дәрежесiн төмендетедi) болатындығына назарларыңызды аударамыз.

2) СТК-не жiберiлген iске қосылған ашық өлшемшарттар (көрсеткiштер, мәндер, баллдар саны) бойынша есептiң түсiндiрiлуiн талдау;

3) нәтижелермен келiскен жағдайда, тәуекелдер дәрежесiне әсер еткен көрсеткiштердi назарға алып, оларды салық есебiнде ескеру;

4) ашық өлшемшарттарды есептеу бойынша қандайда бiр мәнiмен келiспеген жағадайда, электронды түсiнiктеменi «Салық төлеушiнiң кабинетi» web-қосымшасы арқылы жiберу;

5) түсiнiктеме дәлелденген жағдайда, өлшемшарттар қайта есептеледi және аталған қайта есептеу тәуекелдер дәрежесiн өзгертсе «Салық төлеушiнiң кабинетi» web-қосымшасына тиiстi хабарлама жолданады.

Өз кезегiнде, аумақтық мемлекеттiк кiрiстер органдарына салық төлеушiлерден түскен электронды түсiнiктемелерiн тұрақты түрде тексеру қажет.

Салықтық тексеру жүргiзу кестесiне енгiзуге қатысты

Салықтық тексеруге iрiктеу үшiн тәуекелдер дәрежесiн бағалау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсiпкерлiк кодексiнiң 141-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттiк органдардың тәуекелдердi бағалау жүйесiн қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2018 жылғы 31 шiлдедегi №3 бұйрығына және «Тәуекел жәрежесiн бағалау негiзiнде ерекше тәртiп бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексеру субъектiлерiн (объектiлерiн) iрiктеу үшiн тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттарын бекiту туралы» (бұдан ары-Бiрлескен бұйрық) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 28 қарашадағы №1030 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2018 жылғы 28 қарашадағы №86 бiрлескен бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бiрлескен бұйрықтың 7-тармағымен салық тексерiсi субъектiнiң (объектiнiң) тәуекел дәрежесiнiң жалпы көрсеткiшi тәуекел дәрежесi құпия ақпарат болып табылмайтын (бұдан ары-ашық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтiк) ақпарат болып табылатын (бұдан ары-жабық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемшарттары бойынша есептелетiндiгi бекiтiлген.

Бiрлескен бұйрықтың 6-тармағына сәйкес ашық өлшемшарттар тiзбесiне мыналар енгiзiлдi:

1) салықтық жүктемесiнiң коэффициентi;

2) жалған кәсiпорындармен, әрекетсiз салық төлеушiлермен және олардың тiркелуiн сот жарамсыз деп таныған салық төлеушiлермен операцияларды, сондай-ақ сот оларды жасау iс жүзiнде жұмыстарды орындаусыз, қызметтердi көрсетусiз, тауарларды тиеп жөнелтусiз жүзеге асырылған деп таныған мәмiлелердi жүзеге асыру; 3) 0,98-ден 1-ге дейiнгiлердi қоса алғанда аралықтағы түзетуге дейiнгi жылдық жиынтық табыс сомасына шегерiмдер сомасының арақатынас коэффициентi;4) корпоративтiк табыс салығы бойынша шегерiмдердiң сомасын ұлғайтумен және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын ұлғайтумен қосымша салық есептiлiгiн ұсыну;

5) корпоративтiк табыс салығы бойынша салық есептiлiгiн нөлдiк көрсеткiштермен табыс ету, бұл ретте сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру және (немесе) мемлекеттiк сатып алуларға қатысу;

6) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалардың болуы. 8-тармаққа сәйкес салықтық тексерулер тәуекел дәрежесiнiң неғұрлым жоғары ықтималдылық көрсеткiшi бар тексерiлетiн субъектiлердiң (объектiлердiң) басымдылығынан шыға отырып ықтималдық көрсеткiшi 51 пайыздан артық болған кезде салық төлеушiлерге қатысты тағайындалады.

Салықтық тексеруге субъектiлердi (объектiлердi) iрiктеу нәтижесi бойынша берiлген тәуекелдер дәрежесi туралы ақпарат, тексерулердi жүргiзудiң жартыжылдық кестесi нысанында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында жарияланады.

Зерендi ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 19.09.2019 12:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.09.2019 12:12
Қаралым саны: 1168
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43