A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Конкурс өткiзу туралы хабарлама

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкiмiнiң» Ақмола облысы, Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерiнiң тiзбесi

ТАБЛИЦА EXCEL

ЖИЫНЫ2029,2 га

ЕСКЕРТПЕ:

Жеке тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс;

3) тартылған инвестициялардың көлемiн растау туралы банк кепiлдiктерi немесе қаржы институты кредит комитетiнiң оң шешiмi (Инвестиция сомасында өнiмдердi сақтау және өңдеу объектiсiн салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды).

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыныстың беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң 2020 жылдың «10» қарашадан бастап 2020 жылдың «2» желтоқсан аралығында мына мекен-жай өтiнiм қабылдау және тiркеу жүргiзiледi: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесi 3, 2 қабат, 14 кабинет.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурс 2020 жылғы 3 желтоқсанда сағат 09:00-де Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесi 3, кiшi мәжiлiс залы мекенжайы бойынша өткiзiледi.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Жақсы ауданының әкiмдiгiнiң http://zhaksy.gov.kz интернет-ресурстарынан немесе "Жақсы аудынының жер қатынастары бөлiмi" ММ-нiң телефондар бойынша алуға болады: 8 (71645) 2-20-25

объявление каз (XLSX 12 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 14.10.2020 10:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.10.2020 10:12
Қаралым саны: 64
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43