A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Атбасар ауданында жерлерді ұсыну бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

Шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Атбасар ауданы әкімдігі конкурс өткізіледі.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі.

№п/п Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот № ) Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы Жалпы аудаңы, га Жалға беру мерзімі, жыл Алқаптардың құрамы,оның ішінде Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет Сумен қамтамасыз етілуі
Егістік Жайылым-дық Шабын-дық
1 Покровка ауылдық округі әкімшілік шекарасында, (қашықтығы 11 км, № 5 ЛОТ) Шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін Мал шаруашылығы 200 га,20 жыл   200 га, оның ішінде: 157гаөнделген   36,4 Суландырылмаған

ЕСКЕРТПЕ:

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1)конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау міндеттемелер;

3)Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң 2019 жылғы 28 қазандан бастап 2019 жылғы 8 қараша қоса алғанда аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс қорытындысы 2019 жылғы 11 қараша сағат 15.00-де Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Шөкан Валиханов көшесі 9, 4 қабат, кіші мәжіліс залы мекенжайы бойынша шығарылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Атбасар ауданы әкімдігінің http://atbasar.akmo.gov.kz интернет-ресурстарынан немесе "Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ-нің телефондар бойынша алуға болады: 8 (71643) 2-43-71, 2-49-13.

Мақаланың шыққан күні: 11.10.2019 17:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.10.2019 17:34
Қаралым саны: 1090
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43