A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ қызметтерін үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?

Коронавирус iндетi (Covid-19) өмiрiмiзге көп өзгерiс енгiздi. Көптеген әлемдiк компаниялар өз қызметкерлерiн қашықтан жұмыс iстеуге ауыстырды, адамдар үйлерiнен артық сылтаумен шықпауға тырысады және барлық қызметтердi онлайн режимiнде алғысы келедi.

Қазақстанда енгiзiлген шектеу шараларына қарамастан Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары алған қызметтер саны азаймақ түгiлi, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда бiршама артқанын байқауға болады. Мұндағы жетекшi рөлдi қызметтердi электрондық форматта ұсынудың жолға қойылған жүйесi атқарды.

2020 жылдың 1 тамызында БЖЗҚ салымшыларына 10,7 миллион қызмет көрсетiлдi, ол 2019 жылмен салыстырғанда 106 мың қызметке көп (өсiм — 1%). Жаңа технологиялардың дамуы мен электрондық жүйелердiң озық жұмыс iстеуiнiң арқасында барлық қызметтердiң 92,2% немесе 9,86 млн. операция онлайн түрiнде жүргiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердiң танымалдылығы 15,2% өстi. Осы талдаудан көрiп отырғанымыздай, қазiргi уақытта Қор салымшыларының көпшiлiгi қызметтердiң толық спектрiн үйден шықпай-ақ алады.

БЖЗҚ-ның онлайн қызметтерiн алу үшiн Қордың www.enpf.kz сайтына тiркелсеңiз немесе ENPF ұялы қосымшасын жүктеп алсаңыз жеткiлiктi. Өз компьютерiңiз, ноутбугыңыз, смартфон немесе планшетiңiзден жеке зейнетақы шотыңызда жатқан ағымдағы соманы көрiп, үзiндi көшiрме алып, зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақыңыздың мөлшерiн есептеп алуыңызға болады. Оларға электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин (оның орнына ЖСН қолданылады ) мен пароль арқылы кiре аласыз. Логин мен пароль тiркелген болуы тиiс, ол үшiн интернет-хабарландыру тәсiлiн таңдағаныңыз дұрыс.

Қазiргi сәтте БЖЗҚ-дан электрондық қызметтердiң төмендегi түрлерiн алуға болады:

1) ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру (өз пайдасына) туралы шарт жасау;

2) деректемелерге, соның iшiнде хабарландыру тәсiлiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;

3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзiндi көшiрме алу;

4) ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға алу;

5) ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу;

6) ЖЗШ ашу туралы өтiнiштiң/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың жаңа редакциясын («телнұсқа») алу;

7) мерзiмсiз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектiгi белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру;

8) төлем жасау және (немесе) қоныс аудару және т.б. туралы өтiнiштердiң мәртебесiн қадағалау.

БЖЗҚ тек сайт пен қосымшадағы жеке кабинеттi дамытумен ғана шектелмей, өз салымшыларына ыңғайлы болу үшiн танымал мессенджерлерге түрлi функцияларды белсендi түрде енгiзуде. Мысалы, Қорда танымал Telegram мессенджерiне арналған арнайы бот бар. Онда көптеген түрлi функциялар, соның iшiнде бастапқы кеңес алу қызметi ұсынылған. Мәселен, үйден шықпай-ақ, тiкелей өз смартфоныңыздан шағын үзiндi-көшiрменi алып, жеке кабинетке кiретiн парольдi қалпына келтiре аласыз. БЖЗҚ-ның өзектi жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткiштерiмен танысып, Қордың жақын жердегi бөлiмшесiн оп-оңай таба аласыз. БЖЗҚ-ның тiкелей көрсетiлетiн қызметтерiнен басқа Сiз валюталардың ағымдағы бағамын бiлiп, ЖҚЕ бұзғаны үшiн салынған айыппұлдардың бар-жоғын және тағы басқа да көптеген қызметтердi тексерcеңiз болады.

Үзiндi көшiрменi тiкелей боттан алу үшiн қол қойылған интернет-хабарландыру туралы келiсiмiңiз болуы тиiс. Хабар алу тәсiлiн БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетке электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың көмегiмен кiрiп, өзгертуге болады. Ботта оператормен байланысқа шығуға мүмкiндiк беретiн қызмет бар. Егер роботпен өткен бастапқы кеңес алу Сiздiң көңiлiңiзден шықпаса, ол кеңес берушiге автоматты түрде ауысады.

Осылайша БЖЗҚ-ның көптеген салымшылары электрондық қызмет алуға көшiп, олардың ыңғайлы және тиiмдi екенiне көздерiн жеткiзiп те үлгердi.

Мақаланың шыққан күні: 01.10.2020 14:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2020 14:38
Қаралым саны: 127
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43