2020 жылғы 13 шілде - Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы  | Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын қалай алуға болады?
A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын қалай алуға болады?

Қазақстаннан басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен бұрынғы отандастарымыздың көпшілігін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын қалай алуға болатындығы мазалайтыны белгілі.

Айта кету керек, жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) есепке алынатын жинақ ақша салымшының меншігі болып табылады және салымшы келіп алғанша, тіпті ол шетелге көшіп кетсе де Қорда мерзімсіз сақтала береді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ел аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттар ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде алуға құқығы бар.

Сонымен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтық жоқ адамдар Қорға өздері келіп өтініш бергенде мына төмендегі құжаттарды ұсынады:

1) БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша толтырылған өтініш;

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) алушының банк шоты туралы мәлімет.

БЖЗҚ жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған соң, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш жасаған шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не болмаса азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

Егер өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты

Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынса, сондай-ақ шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күші жойылған жағдайда БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады. Егер алушының шоты Қазақстан аумағында жұмыс істейтін екінші деңгейдегі банкте/жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымда ашылса, зейнетақы төлемдері ұлттық валюта – теңгемен аударылады. Ал егер алушының шоты Қазақстан аумағынан тыс жердегі шетелдік банктерде ашылған болса, АҚШ долларымен, евро, фунт стерлинг немесе ресейлік рубльмен аударылады.

Егер өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не болмаса азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және жарамдылығы туралы мәліметтер алынса, сондай-ақ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткені жайында мәліметтер болмаса, БЖЗҚ өтініш жасалған күні құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан немесе құжаттарды алған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады. Сондықтан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетпей тұрып, елден кетуге арналған құжаттарды белгіленген тәртіпте рәсімдеу қажет.

Егер шетелдік және азаматтығы жоқ адам бұлай істемесе, Қордан зейнетақы жинақтарын алу үшін Қазақстанға қайта келіп, елде тұруға ықтиярхат алып, ҚР Ішкі істер министрлігінің көші-қон органдарында елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдеуіне тура келеді. Айта кетелік, бұл шара шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтың Қазақстанда орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстаннан кетуді рәсімдеуге қатысты ақпараттардың барлығын ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына жіберіп отырады. Ал БЖЗҚ құжаттарды тексеруге алған кезде өтініш берушінің шетелге көшетіндігін растау үшін осы Мемлекеттік дерекқорға сауал жібереді.

 

 

 

Мақаланың шыққан күні: 13.04.2020 13:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.04.2020 13:54
Қаралым саны: 338
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43