A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Шектеу шаралары енгiзiлгеннен кейiн «БЖЗҚ» АҚ филиалдары қалай жұмыс iстеуде?

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуiне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттанудың өсуiне байланысты 5 шiлдеден бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бiрқатар шектеу шараларымен он төрт күндiк карантин енгiзiлдi.

Осылайша коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң өңiрлiк филиалдарының төмендегiдей жұмыс тәртiбi туралы хабарлайды.

Жетi өңiрде алдын ала жазылу бойынша күндiзгi қызмет көрсету режимi сақталады (филиалдың барлық қызметкерлерiнiң 50% аспайтын бөлiгi жұмыспен қамтылады). Күндiзгi қабылдау Алматы, Шығыс Қазақстан (Қарауыл ауылы, Ақтоғай станциясы, Қалбатау ауылындағы бөлiмшелерден және Семей қаласындағы өңiрлiк филиалдан басқа), Батыс Қазақстан, Қызылорда (Жаңақорған ауылындағы бөлiмшеден басқа), Маңғыстау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Жезқазған қаласындағы өңiрлiк филиалда жүзеге асырылады.

Жазылуды enpf.kz корпоративтiк сайтында екi-үш әрекетпен-ақ оп-оңай iске асыруға болады. Сайттың басты бетiндегi «Электрондық сервистер» қосымша бетiне өтiп, «Қызмет алу кезегiн брондау» баннерiн басып, әрi қарай Сiз бiздiң филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетiңiзше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртiбi жұмыс күндерi 9:00-ден 18: 00-ге дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi.

Түскi үзiлiс кезiнде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейiн операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртiп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнiнiң бiрiншi және екiншi жартысында жұмыс үстелiнiң үстiн, орындықтарды, есiк тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттан екi техникалық үзiлiс қарастырылған.

Қалған облыстарда «БЖЗҚ» АҚ бiрқатар шектеу шараларын 31 шiлдеге дейiн күшiнде қалдырды. Осылайша азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлiмшелерi құжаттарды байланыссыз қабылдау және қашықтықтан қызмет көрсету режимiне ауыстырылды.

Филиалдардың байланыссыз қызмет көрсету бойынша жұмыс тәртiбi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейiн созылады. Мұндай режимде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан және Түркiстан облыстық филиалдары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы филиалдар жұмыс iстейдi. Байланыссыз қызмет көрсететiн филиалдардың мекенжайлары enpf.kz сайтына орналастырылған.

Қордың кезекшi қызметкерлерi алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтiк қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (ерекше жағдайларда Қор қызметiн тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтiнiштердi ресiмдеу.

БЖЗҚ қызметiнiң өзге де түрлерiн, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, деректемелердi өзгерту, ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сiз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимiнде ала аласыз (электрондық қызметтердi алу тәртiбi бойынша нұсқаулықтар тиiстi бөлiмдерде қоса берiледi).

Еске сала кетейiк, БЖЗҚ-да барып қызмет көрсету бөлiмi де бар. Қазiргi уақытта ол қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, штат санының 50% аспайтын бөлiгiн тарта отырып жұмыс iстейдi. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтi көзбе-көз алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтiнiштердi (оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштердi) ресiмдеу және халықтың әлеуметтiк әлсiз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшiн барып қызмет көрсетуге қажеттiлiк туындаған жағдайда олар барып қызмет көрсетудi барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады.

Сонымен қатар Қор қызметкерлерi салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерiн алу үшiн қашықтықтан көрсетiлетiн қызметтердi төмендегi тәсiлдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан дайын:

1) өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерiне телефон байланысы арқылы өтiнiш жасау (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмiрi бойынша Қордың байланыс орталығына жүгiну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмiрi бойынша WhatsApp, Viber, Facebook, ВКонтакте чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтындағы онлайн-кеңесшi;

5) өтiнiштердi enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жiберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтiк желiлердегi аккаунттар.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтiк сайтында алдын ала онлайн түрде тексерiп, кейiннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жiберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

«БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарының тiзiмi мен олардың жұмыс тәртiбi сiлтеме бойынша қолжетiмдi.

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2020 16:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.08.2020 16:57
Қаралым саны: 262
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43