A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Ақмола облысы Зеренді ауданы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі Зеренді ауданы аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары

Зерендi ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 22 қазандағы № 52/101
қаулысына қосымша

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Ақмола облысы Зерендi ауданы
мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауға дайындық және оны өткiзу
жөнiндегi Зерендi ауданы аумақтық сайлау комиссиясының негiзгi
iс-шараларының күнтiзбелiк жоспары

1. Сайлау округтерiн құру және сайлау округтерiнiң тiзiмiн, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсете отырып, тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмнен кешiктiрмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешiктiрмей

(14-б. 6) т., 22-б.)

2. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешiктiрмей

(13-б. 4-т.)

3. Сайлау учаскелерiнiң шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Аудан әкiмi

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күндiк мерзiмде

2020 жылғы 5 қарашадан кешiктiрмей

(23-б. 5-т.)

4. Учаскелiк сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күннен кешiктiрмей

2020 жылғы 5 қарашадан кешiктiрмей

(17-б. 2-т.)

5. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну

Саяси партияның тиiстi филиалының (өкiлдiгiнiң) жоғары басшы органы

Сайлау күнiнен екi ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгiленген мерзiмде аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергiлiктi уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(103-б.)

6. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тiзiмдi, саяси партияның тиiстi филиалының (өкiлдiгiнiң) жоғары басшы органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндiнi, азаматтардың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiмi туралы өтiнiштерiмен бiрге және тiркеу үшiн басқа да қажеттi құжаттарды ұсыну

Саяси партияның тиiстi филиалы (өкiлдiгi)

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергiлiктi уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

(103-б. 3,4-т, 5-т.)

7. Партиялық тiзiмдерге енгiзiлген мәслихат депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Саяси партия партиялық тiзiмдi ұсынғаннан кейiн

(102-б.)

8. Тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кiрiстер мен мүлiк туралы декларацияларды ұсыну

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн

(104-б. 2-т.)

9. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күнiнен екi ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгiленген мерзiмде аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергiлiктi уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

(104-б.)

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Тiркелген күннен бастап бес күндiк мерзiмде

(104-б. 5-т.)

11. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмдерiн тiркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Партиялық тiзiмдер тiркелгеннен кейiнгi жетiншi күннен кешiктiрмей

(104-б. 6-т. 1-тт.)

12. Партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сенiм бiлдiрiлген адамдарын тiркеу

Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Саяси партия сенiм бiлдiрiлген адамдардың тiзiмiн ұсынғаннан кейiн

(14-б , тт.8), 31-б.)

13. Партиялық тiзiмге енгiзiлген кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру

Ауданның мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде

(104-б. 2-т.)

14. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн

(34-б. 6-т.)

15. Бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуi және олардың жұмсалуы туралы есептердi жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 20 тамызда № 870 тiркелген) «Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына сәйкес» айына екi рет

16. Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу және оларды жабдықтау

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Үгiт басталғанға дейiн, 2020 жылғы 10 желтоқсанға

дейiн

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу

Партиялық тiзiмдердi тiркеу мерзiмi аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2020 жылғы 10 желтоқсанда жергiлiктi уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейiн басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн үй-жайлар беру және бөлiнген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесiн жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу кезеңiнде

(28-б. 4-т.)

19. Әрбiр сайлау учаскесi бойынша әкiм қол қойған сайлаушылардың тiзiмдерiн учаскелiк сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

Аудан әкiмi

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2020 жылғы 21 желтоқсанға дейiн

(26-1 б. 1-т.)

20. Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерiн танысу үшiн сайлаушыларға ұсыну

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда

2020 жылғы 26 желтоқсаннан кешiктiрмей

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiнгi он күннен кешiктiрмей

2020 жылғы 31 желтоқсанға дейiн

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Жекелеген сайлау учаскелерiнде дауыс берудi бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi сайлаушыларға жеткiзу

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейiн жетi күннен кешiктiрмей

2021 жылғы 3 қаңтарға дейiн

(38-б. 1-т., 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерiн учаскелiк сайлау комиссияларына жеткiзу

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күнiне дейiнгi бiр күнде кешiктiрмей

2021 жылғы 7 қаңтардан ерте емес және 9 қаңтарға дейiн

(37-б. 3-т.)

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерiн ашу және тиiстi хаттама жасау

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Дауыс берудiң басталуына бiр сағат қалғанда

Дауыс берудi бастаудың басқа уақыты белгiленбесе,

жергiлiктi уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс берудi өткiзу

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Сайлау күнi егер дауыс берудiң басқа уақыты белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейiн

(38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесiнде тиiстi мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамалар жасау

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудi аяқтаудың басқа уақыты белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға iлу

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейiн — дереу

(43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерiнде дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды тиiстi аудандық, қалалық, қаладағы аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

Учаскелiк сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн  — дереу

(108-б. 1-т.)

29. Аудан мәслихатының партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау нәтижелерiн белгiлеу

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткеннен кейiн екi күннен кешiктiрмей

2021 жылғы 12 қаңтардан кешiктiрмей

(14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т)

30. Аудан мәслихат депутаттарының сайлауының қорытындыларын анықтау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күннен кешiктiрмей

2021 жылғы 15 қаңтардан кешiктiрмей

(111-б. 1-т.)

31. Аудан мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей

2021 жылғы 17 қаңтардан кешiктiрмей

(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

32. Аудан мәслихатының сайланған депутаттарын тiркеу және әрбiр депутатқа куәлiк пен төсбелгiнi тапсыру

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

33. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

Саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен

кешiктiрмей

(34-б. 9-т.)

34. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздерi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде

(34-б. 4-т.)

Мақаланың шыққан күні: 28.10.2020 22:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.10.2020 22:54
Қаралым саны: 73
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43