A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Қазақстан әлемнің үздік зейнетақы жүйесі бар жиырма елінің қатарына енді

Сақтандыру саласындағы әлемдiк көшбасшылардың бiрi немiстiң ең iрi сақтандыру компаниясы Allianz зейнетақы жүйесiнiң сапасы мен ұлттық зейнетақы жүйелерiнiң тұрақтылығы туралы есеп дайындады. Allianz Global Pension Report есебiнде зейнетақы жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығының алғышарттары, демография және 70 елдiң өзара сәйкес келетiн зейнетақы төлемдерi қолданылды (2020 жылғы наурыздағы мәлiметтер).

Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан үздiк жиырмалыққа енiп, 3,48 көрсеткiшпен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерi арасында көшбасшы атанды. Бұрынғы КСРО елдерiнен Қазақстанның алдында 13-шi орынға ие болған Латвия ғана тұр. Эстония мен Литва сәйкесiнше 25 және 27 орындарда орналасқан. Ресей рейтингте 33-шi, ал Украина 56-шы орынға жайғасты.

Швецияның зейнетақы жүйесi ең үздiк атанып, 2,91 балл жинады, одан кейiн Бельгия — 2,92, Дания — 2,96, Жаңа Зеландия — 3,00, ал АҚШ-тың зейнетақы жүйесi 3,04 ұпаймен үздiк бестiктi құрады. Сондай-ақ, ондыққа Австралия, Нидерланды, Норвегия, Болгария және Канада ендi. 70 елден құралған тiзiмдi Шри-Ланка, БАӘ және Ливан елдерi түйiндедi.

Allianz компаниясы өзiнiң Allianz (API) зейнетақы индексiн қолданды, ол жан-жақты талдауға негiзделген. Индекс үш шағын топтан тұрады және 1–ден 7 балға дейiнгi шкала бойынша бағаланатын 30 түрлi өлшемдi қамтиды, мұндағы 1- ең жақсы баға. Шағын топтар бойынша барлық сараланған аралық қорытындыларды жинақтай отырып, API талдауға енген 70 елдiң әрқайсысын 1-ден 7 баллға дейiн бағалап, тиiстi зейнетақы жүйесi туралы жан-жақты түсiнiк алуға мүмкiндiк бередi.

Бiрiншi шағын топ демографиялық үрдiстер мен қаржылық мүмкiндiктер мәселелерiн қамтиды. Атап айтқанда, зейнетақыға жұмсалатын мемлекеттiк шығындар, халықтың қартаюы және т. б..

Екiншiсi зейнетақы жүйесiнiң жалпы тұрақтылығына қатысты. Екiншi шағын топтың ерекшелiгi — осы көрсеткiштер бойынша көшбасшылыққа жақында зейнетақы жасын ұлғайтқан және бюджетке түсетiн жүктеменi азайтқан Индонезия мен Болгария елдерi шықты. Бiрақ екiншi топтың төменгi сатыларында Сауд Арабиясы, Шри-Ланка және Малайзия елдерi жайғасқан, бұл елдердегi зейнетке шығу жасы әлi де 60 және одан төмен, басқа демографиялық факторлар жоқ.

Үшiншi шағын топ зейнетақы жүйесiнiң адам қартайғанда лайықты өмiр сүру деңгейiн қаншалықты қамтамасыз ете алатындығын бағалайды. Мұнда Австрия, Италия, Жаңа Зеландия және Нидерланды сияқты жоғары зейнетақы төлемдерi бар елдер көш бастап тұр. Бұл шағын топтың төменгi бөлiгiнде Нигерия мен Лаос сияқты дамушы елдер орналасқан.

Allianz компаниясының бас экономисi Людовик Субран атап өткендей, қазiр зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерiне басқа заманауи сын-қатерлерге қарағанда азырақ көңiл бөлiнедi.

- Covid-19 коронавирустық инфекциясы басталғанға дейiн бiз аса үлкен мәселе — климаттың өзгеруiне тап болдық. Бiз қазiр осы және басқа да күрделi мәселелердiң шешiмiн табуымыз керек. Бiрақ тағы бiр назар аударуды талап ететiн мәселе туындап отыр, оны да талқылап, оң шешiмiн табу керек. Сонымен демографиялық өзгерiстер ескерiлiп, бүгiнгi зейнеткерлерге бағытталған саясат тiкелей және ауыспалы мағынада есептесуге тура келетiн жас ұрпақтың мүдделерiне сәйкес келмейдi. Бiз бүкiл әлем бойынша жасаған зейнетақы жүйесiнiң талдаулары мен рейтингтерi зейнетақы саясатының дұрыс құрылымы, мемлекет пен зейнетақы қорларының (мемлекеттiк және жеке) рөлi туралы қоғамдық пiкiрталастарды жандандыруға көмектеседi деп үмiттенемiз. Қазiрде бүкiл қоғам жаппай Covid-19 тақырыбына алаңдап отырғанымен, зейнетақы саясаты — аса маңызды мәселе. Iндетпен күрес жүргiземiз деп оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Бүкiл әлем бойынша зейнетақы жүйесiнiң үлкен дағдарысы жақындап келедi және бұл мәселенi бүгiн шешу қажет, — дейдi Людовик Субран.

Өкiнiшке орай, жақын арада әлемнiң барлық елдерi зейнетақымен қамсыздандыру тауқыметiне тап болады, өйткенi, 30 жылдан кейiн 2050 жылы әлемдегi зейнеткерлiк жастағы адамдардың саны 1,5 миллиардтан асады. Демографиялық жағдайдағы күрт өзгерiс зейнеткерлердiң демографиялық жүктемесiнiң жаһандық коэффициентiнiң жоғарылауымен дәл сипатталады: 2050 жылға дейiн ол 1950 жылдан бастап соңғы 70 жылға қарағанда 25-77%-ға тезiрек өседi. Көптеген дамушы елдерде осы көрсеткiш алдағы үш онжылдықта екi еседен астам артады, бұл Еуропа мен Солтүстiк Америкада осындай дамуға қол жеткiзген уақыттың жартысынан аз бөлiгi. Ең жарқын мысал — Қытай, онда демографиялық жүктеменiң бұл көрсеткiшi 17%-дан 44%-ға дейiн артады. Алайда дамыған елдер үшiн алаңдаушылықтың негiзгi себебi — бұл көрсеткiштiң абсолюттi деңгейi, мысалы, батыс Еуропада ол 51% жетедi.

Биыл зейнетақы жүйелерiне тағы бiр қиындық туындады, ол — әлемнiң барлық дерлiк елдерiнiң экономикасына қатты соққы боп тиген коронавирус iндетi (Covid-19). Қор нарықтарындағы баға белгiлеудiң, қуат тасығыштарға баға мен пайыздық мөлшерлемелердiң төмендеуi зейнетақы активтерiнiң, сондай-ақ азаматтардың жеке жинақтарының азаюына әсер еттi. Бiрақ Covid-19 факторы уақытша болуы керек, өйткенi, зейнетақы активтерi ұзақ мерзiмдi инвестициялар болып табылғандықтан ол кейiннен бұрынғы жетiстiктердi қайтарып қана қоймай, кiрiстiлiктi арттыруы керек. Бiрақ бар мәселе коронавирус iндетiнен кейiн экономиканың қайта қалпына келуiне байланысты.

Қазiрдiң өзiнде Allianz сарапшылары ел үкiметтерiне зейнетақы жүйесiн бiртiндеп реформалауды бастауды ұсынып отыр. Осы шаралардың бiрi — зейнеткерлiк жасты өмiр сүру ұзақтығына сәйкес түзету, сондай-ақ зейнеткерлiк жасқа жеткеннен кейiн азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi. Бұл ретте зейнеткердiң өмiр сүру сапасы зардап шекпеуi керек және ол зейнеткерлiк жасқа жеткеннен кейiн лайықты төлемдер алуы тиiс.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 24.08.2020 17:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.08.2020 17:34
Қаралым саны: 195
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43