A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы шоттарына 428 миллиард теңгеден аса қаржы аударды

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемiнде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткiштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95% астамы БЖЗҚ — ға мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) түрiнде аударылған түсiмдердiң үлесiнде, оның сомасы — 408 млрд теңге, ал мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) — 20 млрд теңгеден астам, ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) — 134 млн теңгенi құрады.

Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша заңды тұлғалар 385 млрд. теңгеден астам, жеке тұлғалардан — 21 млрд. теңге, ал бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушiлерден 2 млрд. теңге аударылды.

Өзiнiң жеке зейнетақы шоттарын биыл кем дегенде бiр рет (2020 жылғы қаңтар — мамыр) толтырған белсендi салымшылардың жалпы саны 8,3 млн. адамнан асты. Бұл 2019 жылғы белсендi салымшылардың санынан 1,2 есе көп, ол кезде бұл көрсеткiш 6,6 млн. адам болды.

Естерiңiзге сала кетейiк, 2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1 миллион бiрлiкке артты. Ағымдағы жылдың бiрiншi қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бiрлiктi құраса, 1 маусымда 11,6 миллионға (11 682 546) жеттi. ЖЗШ ең көп ашылған ай сәуiр болды, бұл айда 954 952 шот ашылды, екiншi орынды мамыр айы иелендi — 52 530, одан әрi ақпан — 30 455 жаңа ЖЗШ.

Мамыр айында өткен аймен салыстырғанда БЖТ бойынша аударылған жарналар үлесiнiң төмендеуi байқалды. Сәуiр айында 3 миллионнан астам жарна төлендi, мамыр айында БЖТ бойынша жарналар саны 317 573 бiрлiктi құрады. БЖТ жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмей кәсiпкерлiк қызметпен айналысып жүрген, сондай-ақ жалдамалы қызметкер еңбегiн пайдаланбайтын, салық агенттерiне қызмет көрсетпейтiн және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнiмдерiн басқа жеке тұлғаларға сатумен айналысып жүрген (жылдық табысы 1175 АЕК-тен аспауы тиiс) жеке тұлғаларға арналған. БЖТ зейнетақы төлемiн алуға және жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қарай базалық зейнетақы төлемiн алуға; мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болуға; еңбек ету қабiлетiнен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктiлiк және босануға, бала асырап алуға, 1 жасқа толғанға дейiнгi бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемдер алуға құқық бередi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2020 16:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.08.2020 16:55
Қаралым саны: 256
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43