A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы

"Қазақстан Республикасында үкiметтiк емес ұйымдар мен мемлекеттiң өзара iс-қимылын дамыту жөнiндегi 2016-2020 жылдарға арналған Ұлттық жоспардың" 31-тармағын және Ақмола облысының "Nur Otаn" партиясы төрағасының бiрiншi орынбасарының 18.04.2019 жылғы № 008 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстанның үздiк әлеуметтiк жобалары" конкурсын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi ереженi орындау мақсатында "Қазақстанның үздiк әлеуметтiк жобалары" облыстық конкурсын өткiзу 2019 жылдың шiлде айының үшiншi онкүндiгiнде жоспарланған.

Байқауға қатысу үшiн өтiнiм 2019 жылдың 1 шiлдеге дейiн қабылданады.

Байқаудың мақсаты партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлердi ардақтайық» және «Кедергiсiз келешек» жобаларымен қамтылған адамдарға ұсынылатын қызметтердi қоса алғанда әлеуметтендiруге, өзектi әлеуметтiк мәселелердi шешуге бағытталған үздiк бастамашыл әлеуметтiк жобаларды анықтау, iрiктеу, көтермелеу және iлгерiлету болып табылады.

Әлеуметтiк жобалардың авторлары Қазақстан Республикасының аумағында бастамашыл әлеуметтiк жобаларды iске асырушы жеке тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, бастауыш партия және басқа да коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде туындаған барлық сұрақтар бойынша Зерендi ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ-iң көрсетiлген телефонына 8 (71632) 21171,21168 хабарласуларыңыз қажет. Электрондық мекенжайы : sobes_zer_08@mail.ru

Жүктеу: «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ (DOCX 33 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 29.05.2019 16:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.05.2019 16:30
Қаралым саны: 2568
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43