A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
ҚР ҚДМ үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді

ҚР Қоғамдық даму министрлiгi Азаматтық қоғам iстерi комитетi Үкiметтiк емес ұйымдар дерекқорына мәлiметтердi ұсынудыңкезектi есеп кезеңiнiң өтуi туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы 31 наурыз жексенбiге түскенiне байланысты ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi ұсыну мерзiмi 2019 жылғы 1 сәуiрде аяқталады (ҚР Азаматтық кодексiнiң 175-бабына сәйкес егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге тура келсе, содан кейiнгi ең таяу жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып саналады).

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бiрлестiк (саяси партиялар, дiни бiрлестiктер мен кәсiптiк одақтар түрiнде құрылған қоғамдық бiрлестiктердi қоспағанда), коммерциялық емес акционерлiк қоғам (құрылтайшысы немесе акционерi мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлiк қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтiк және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгi нысанындағы үкiметтiк емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептiлiк нысанын уақтылы толтыруды ұсынады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тiркелу мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс және мемлекеттiк гранттар шеңберiнде әлеуметтiк бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтiк жобаларды iске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшiн сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшiн мiндеттi шарт болып табылады.

ҮЕҰ қызметi туралы мәлiметтердi электрондық түрде infonpo.kz веб-портал арқылы ұсыну үшiн Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегi бөлiмшесiнде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Интернет арқылы тапсыруға мүмкiндiгi жоқ азаматтар үшiн мәлiметтердi пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискiлерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкiндiгi қалды.

ҮЕҰ қызметi туралы мәлiметтердi iлеспе хатпен бiрге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жiберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8, 15-кiреберiс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлiгiнiң Азаматтық қоғам iстерi комитетi.

ҮЕҰ дерекқорына мәлiметтердi уақтылы ұсынбағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк көзделген.

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2019 10:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2019 10:28
Қаралым саны: 2164
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43