A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Жұмыс жоғалтқан кезде

Жұмысынан айырылғандарға тағайындалатын әлеуметтiк төлем

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетiнiн бiлесiз бе? Ол қандай жағдайда төленедi және оған өтiнiштi қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегiдей, #oqy&toqy айдарында айтатын боламыз. Аталған жәрдемақыға өтiнiш берудiң бiрнеше жолы бар:

Egov.kz порталы арқылы

– порталға кiрiп, iздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау» деген қызмет атауын терiңiз

– қызметтi онлайн сұратыңыз

– портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды

– анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгiңiздi растаңыз

– эЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз

– қызметтiң нәтижесiн жеке қабинетiңiзден бiле аласыз.

ХҚО арқылы

– ХҚО-ға кезектi алдын ала онлайн брондаңыз

– ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлiк, жұмыссыз ретiнде тiркелгенiңiз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз

Жұмыспен қамту орталығы арқылы

Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тiзiмi тапсырылады.

Ескерту, жәрдемақыға өтiнiш берушi жұмыссыз ретiнде тiркелген және бұған дейiн ресми жұмыс iстеген азамат болуы керек.

Өтiнiш 8 жұмыс күнi iшiнде қаралады

Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейiн төленуi мүмкiн және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады

Жәрдемақы мөлшерi азаматтың әлеуметтiк сақтандыру жүйесiндегi төлемдер негiзiнде тағайындалады

Iске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз

«Азаматтарға арналған үкiмет»
Ақмола облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 15.10.2020 13:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.10.2020 13:02
Қаралым саны: 34
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43