A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Ұялы қосымшаның жаңа мүмкіндіктері

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар мен алушыларға арналған ұялы қосымшасы қолдануға барынша ыңғайлы бола түстi.

Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тiлiнде жұмыс iстейтiн ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмiрлерi мен мекенжайларын көруге болады. Ендi осы қызметтердiң қатары жаңа мүмкiндiктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына өтiнiш жасауға мүмкiндiк беретiн қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкiндiк берiлсе, онлайн-бот арқылы жиi қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.

Пайдаланушылар ұялы қосымшада тiркелу үшiн бiр реттiк парольдi қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретiнде жiберiледi.

Ұялы қосымшада екi әдiс бойынша: жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) мен құпиясөздi (пароль) енгiзу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесiне арналған Touch ID және IOS жүйесiне арналған Face ID сканерлiк жүйесiн қолдана алады.

Қордың ұялы қосымшасын әдеттегiдей Google Play және App Store дүкендерiнен жүктеп алынады.

«БЖЗҚ» АҚ ұялы қосымшасы жаңғыртылғанға дейiн оны 2,5 миллионнан астам адам жүктеген. Қордың бұл электрондық қызметi бүгiнде салымшылар мен алушылар арасында ерекше танымал болып отыр.

Айта кетелiк, «БЖЗҚ» АҚ өзiнiң ұялы қосымшасын алаяқтар мен хакерлердiң шабуылынан қорғауға ерекше көңiл бөледi. Сондықтан жеке ақпараттардың құпия сақталуына уайымдаудың қажетi жоқ.

Мақаланың шыққан күні: 04.10.2019 14:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2019 14:58
Қаралым саны: 1134
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43