A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Салымшылармен өзара әрекеттесудің жаңа арнасы

Алматы, Қазақстан — «БЖЗҚ» АҚ Whatsapp қызметiнiң — тұтынушылармен, оның iшiнде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмiрi бойынша қашықтықтан өзара әрекеттесудiң жаңа арнасын енгiзгендiгiн хабарлайды.

Жаңа қызмет Қор бөлiмшесiне келмей-ақ немесе байланыс орталығына хабарласпастан жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен БЖЗҚ қызметi туралы қажеттi ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ пайдаланатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметiнiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн жетiлдiруге және дамытуға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

"БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 01.11.2018 12:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.11.2018 12:26
Қаралым саны: 2132
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43