A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зейнетақы қоры салымшыларының жеке деректемелері туралы ақпараттарды заңсыз иелену әрекеттері туралы

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды белгiсiз тұлғалардың Қор атынан телефон мен электрондық пошта арқылы жұртшылыққа «БЖЗҚ» АҚ сыйлық ұтысын ұйымдастырғаны туралы жалған ақпарат таратып жатқанын ескертедi. Алаяқтар Қор салымшыларына сыйлықты алу үшiн сiлтемеде көрсетiлген өзге ресурстарға кiрiп, өзiнiң банкдеректемелерiн жiберудi ұсынуда. Осылайша, зейнетақы қоры салымшыларының жеке деректемелерi туралы ақпараттарды заңсыз иелену әрекетi жасалуда.

«БЖЗҚ» АҚ барлық салымшыларды Қор қандай да бiр ұтыстар ұйымдастырумен, жеке мәлiметтердi электрондық әдiспен жинаумен айналыспайтыны туралы және өз атынан мұндай iс-әрекет жүргiзуге өзге тұлғаларға құзырет бермейтiнiн ескертедi.

Құрметтi салымшылар! Өздерiңiздiң жеке мәлiметтерiңiздiң құпиялығын қамтамасыз ету үшiн мұндай электрондық хабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларға жауап бермеңiздер және электрондық жолдаудағы сiлтемелерге кiрмеңiздер. Алаяқтардың алдауына түспеу үшiн мұқият сақ болыңыздар! Олар iрi компаниялардың атын жамылып әрекет етедi. Сондықтан жеке мазмұндағы ақпараттарды бөтен адамдарға ашпаңыздар! Сыйлықтар мен ұтыстар туралы уәделерге сенбеңiздер! Бұл туралы жақындарыңыз бен таныстарыңызды ескертудi ұмытпаңыздар! Өтiнiш: мұндай қоңыраулар мен жолдаулар туралы мiндеттi түрде БЖЗҚ-ның 1418 байланыс орталығына хабарлаңыздар!

«БЖЗҚ» АҚ белгiсiз тұлғалардың жоғарыда айтылған ұтыстарды өткiзуге байланысты әрекеттерiне жауапты емес екенiн ескертедi.

Мақаланың шыққан күні: 01.11.2018 12:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.11.2018 12:10
Қаралым саны: 1989
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43