A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Жеке зейнетақы шотынан берiлетiн үзiндi көшiрменiң түрлерi туралы

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы бiрнеше тәсiл арқылы бiлуге болатынын естерiңiзге салады, атап айтсақ:

•Электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тiркелген ЖСН мен парольдi пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) «Жеке кабинетте».

•Жүйеде авторланып алғаннан кейiн Google Play немесе App Store-дағы БЖЗҚ ұялы қосымшасынан алуға болады.

«Жеке кабинет» пен ұялы қосымшаның барлық функционалын пайдалану үшiн «Интернет» ақпарат беру әдiсiн таңдау қажет. Бұл әрекеттi enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызметтер» бөлiмiнде ЭЦҚ көмегiмен онлайн арқылы аласыз.

Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi БЖЗҚ ұялы қосымшасынан немесе enpf.kz сайтынан ала отырып, салымшылар мен алушылар зейнетақы жинақтарының жай-күйi, яғни түскен жарналар мен инвестициялық кiрiс туралы толық ақпаратты көре алады.

•egov.kz электрондық үкiмет порталында mgov.kz мемлекеттiк мобильдi деректер қорында тiркелген телефон нөмiрiне келетiн ЭЦҚ немесе бiр реттiк пароль көмегiмен алуға болады.

Сiздiң назарыңызды egov.kz порталында ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi екi түрлi форматта алуға болатынына аударамыз:

зейнетақы аударымдары туралы анықтама, онда зейнетақы жарналарының аударылғандығы туралы мәлiметтер инвестициялық кiрiс есебiнсiз көрсетiледi,

зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы инвестициялық кiрiс есебi қамтылған ақпарат. Дәл осы себеппен кейбiр салымшылар мен алушылар үзiндi көшiрмелердiң аталған екi түрiн салыстыра отырып, өз зейнетақы шоттарынан айырмашылықты көредi.

Сiзге egov.kz сайтындағы инвестициялық табыс есебi көрсетiлген үзiндi көшiрмеге сұраныс жасауға немесе enpf.kz сайтында және БЖЗҚ ұялы қосымшасында берiлетiн үзiндi көшiрменi алуға кеңес беремiз.

Сондай-ақ үзiндi көшiрменi жылына бiр рет зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ЖЗШ ашу туралы өтiнiште көрсетiлген мекенжайға, сонымен бiрге электрондық пошта мекенжайына өзiңiз таңдап алған кезеңдiлiкпен алуға болады.

Сiздiң зейнетақы жинақтарыңыз Сiздiң меншiгiңiз болып есептеледi. Мемлекет алушылардың зейнетақы төлемiн алу құқығы туындаған сәттегi инфляция деңгейiн ескере отырып, олар аударған мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталатынына кепiлдiк бередi (Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы).

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2020 11:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.05.2020 11:45
Қаралым саны: 717
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43