A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес Қор жұмысына баға бердi

Эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттану деректерiнiң көбеюiне байланысты БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестiң кезектi, он төртiншi отырысы онлайн түрде өткiзiлдi.

Кеңес отырысын оның төрағасы Евгений Сейпульник ашты. Ол Василина Атоянц, Алексей Байтеев, Анна Видянова мен Қуат Домбайдың Кеңес құрамынан өз ерiктерiмен шыққанын хабарлады. Үш жаңа үмiткер ұсынылды. Олар: «Қазақстан сарапшы РА» рейтингтiк агенттiгiнiң бас директоры Әдiл Мамажанов, «АЛМЭКС» холдинг тобы» акционерлiк қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Жомарт Нұрабаев, тәуелсiз экономист Айдархан Құсайынов. Үшеуi де бiрауыздан Қоғамдық кеңес құрамына қабылданды.

Одан соң «БЖЗҚ» АҚ қызметi туралы 2020 жылдың 1 маусымына жасалған егжей-тегжейлi есеп ұсынылды.

БЖЗҚ-дағы шоттардың жалпы саны 10,9 миллионға жеттi, ол жұмыспен қамтылған халық санынан 8,8 миллион адамға артық. Бұл БЖЗҚ-да зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударып отыратын жұмыс iстейтiн азаматтардың ғана емес, сондай-ақ зейнеткерлiкке шыққан алушылардың, мемлекеттiк зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырылған әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халық санатына жатпайтын өзге де азаматтардың да жинақтары бар екендiгiнiң айғағы.

Зейнетақы жинақтары 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 11,7 трлн теңгенi құрады. 2020 жылдың басынан бергi өсiм жарналар түсiмi (428 млрд теңге) мен таза инвестициялық табыс (499 млрд теңге) есебiнен болды.

Салымшылардың 70%-ға жуығының 1 млн теңгеге дейiн және 91%-ның 3 млн теңгеге дейiн жинағы бар. Бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiнiң аздығына байланысты: салымшылардың 53%-ы жарналарды 5 жылға дейiн және 75%-ы 10 жылға дейiн тұрақты түрде аударып отырған. Ал 20 жылдан астам жарна аудару өтiлi бар салымшылардың орташа жинақтары 4,9 млн теңгенi құрады, оның iшiнде ерлер арасында — 5,5 млн теңге, әйелдер арасында — 4,1 млн теңге.

Сондай-ақ жинақ деңгейi халықтың жарналар аударылатын еңбек табысының деңгейiн көрсетедi: 2019 жылы салымшылардың 53% өз кiрiсiнен 4 ең төменгi күнкөрiс деңгейiне дейiн (ЕТК) жарналар аударып отырған (2019 жылы 1 ЕТК 29 698 теңгенi құрады). Табысы орташадан төмен салымшылар жарналар аудару тұрақтылығының төмендеу деңгейiмен ерекшеленедi. Бұл ретте барлық салымшылардың жарналар аударуының орташа тұрақтылығы — жылына шамамен 8,13 жарна.

Жеке зейнетақы шоттарын (ЖЗШ) ашудың едәуiр өсуi 2020 жылдың сәуiр айына келдi. Осы айда 954 952 жаңа шот ашылды, оның iшiнде 941 425 шотты бiрыңғай жиынтық төлемдi (бұдан әрi — БЖТ) алғаш рет төлеушiлер ашты. 2020 жылдың сәуiр айында 2,98 млн БЖТ төлеушi жалпы сомасы 1,7 млрд теңге болатын 3,02 млн-ға жуық БЖТ жарнасын аударды. Бұл ретте, БЖТ төлеушiлердiң 56%-ы ауылдық жердiң, ал 44%-ы қалалық жердiң тұрғындары болды.

Белсендi салымшылар саны жыл сайын артуда. 2019 жылы 6,5 миллионнан аса салымшы зейнетақы шотын үнемi толықтырып отырған. Олардың 66% өз шотын жылына 9-12 рет толықтырып отырады, 22% салымшы жылына 1-5 рет, 12% салымшы жылына 6-8 рет жарна аударады екен.

Тұтастай алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесi елдегi экономикалық ахуалдың және еңбек нарығы дамуының «айнасы» iспеттес.

Сондай-ақ, комиссиялық сыйақыны төмендету және БЖЗҚ шығыстарын оңтайландыру бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды. БЖЗҚ комиссияларының мөлшерiн жыл сайын Ұлттық Банк Басқармасы айқындайды. 2020 жылға белгiленген комиссия мөлшерi инвестициялық табыстың 5%-нан 2%-ға дейiн және зейнетақы активтерiнен айына 0,015%-дан 0,011%-ға дейiн айтарлықтай төмендедi. Соңғы жылдары қызметкерлердiң қысқаруы (25%-дан аса), бизнес-үдерiстердi оңтайландыру және автоматтандыру, қызметтердi цифрландыру есебiнен БЖЗҚ шығыстары 1 млрд теңгеден астам сомаға төмендетiлдi. Бұл жұмыс 2020 жылы да белсендi түрде жалғасатын болады. Сондай-ақ, БЖЗҚ халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, комиссиялық сыйақы мәселелерiн заңнамалық реттеу бойынша ұсыныстар енгiздi. Олар iске асырылатын болса, БЖЗҚ-ның кiрiстерi мен шығыстары салымшылардың мүддесi үшiн айтарлықтай төмендейдi.

Ұлттық банктiң Монетарлық операциялар департаментi директорының орынбасары Нұржан Нұрғазин зейнетақы активтерi бойынша 2020 жылғы бiрiншi жартыжылдықтағы инвестициялық кiрiс туралы ақпаратты ұсынды. Жыл басынан берi (маусымды есепке алғанда) салымшылардың жалпы инвестициялық табысы 566 млрд теңгенi құрады, оның 66% — ы (390 млрд теңге) — қаржы құралдары бойынша сыйақы түрiнде алынған.

Барлық зейнетақы активтерiн БЖЗҚ-ға шоғырландыру аяқталған сәттен (2014 жылғы сәуiр) басталған өткен кезең iшiнде зейнетақы активтерi 4,0 трлн теңгеден 11,8 трлн теңгеге дейiн өстi, зейнетақы активтерiнiң валюталық үлесi 17,4%-дан 33,0%-ға дейiн, шетелдiк активтердiң үлесi 6,1%-дан 23,1%- ға дейiн артты.

Активтердiң үштен бiр бөлiгi шетел валютасындағы инвестициялардан (негiзiнен АҚШ долларымен) тұратын болғандықтан, 2020 жылғы наурызда бағамдық айырма нәтижесiнде елеулi кiрiстер алынды. Теңгенiң нығаюы есебiнен сәуiр мен мамыр айларында табыстың төмендеуiне қарамастан, 2020 жылдың басынан бастап тұрақты оң кiрiстiлiк қамтамасыз етiлдi. Зейнетақы активтерi — «ұзақмерзiмдi» инвестициялар және басқару нәтижесiн дамыған елдердегiдей кем дегенде үш жылдық жұмыс қорытындысы бойынша бағалаған жөн екендiгi баса айтылды.

Зейнетақы активтерiнiң нақты оң кiрiстiлiгiн ерекше атап өткен Нұрғазин 2020 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы инфляция 4,20% кезiнде кiрiстiлiк 4,97%-ды құрағанын және оң болып қалатынын айтты. 2014 жылдан бастап алты жыл iшiнде жинақталған инфляция 64% болғанда жинақталған кiрiстiлiк 78%-ды құрады, осылайша кiрiстiлiк инфляциядан 14%-ға артық көрсеткiшке ие.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов барлық зейнетақы жинақтарын банк депозиттерiне аудару туралы айтылған пiкiрге қысқаша түсiнiктеме бердi. Ол зейнетақы қорлары мен банктер — әртүрлi қаржы институттары екенiн атап өттi. Зейнетақы активтерiн тек депозиттерге орналастыру — халықаралық тәжiрибеге сәйкес келмейдi. Бүкiл әлемде зейнетақы қорлары инвестициялық табыс алу үшiн депозиттердiң өзiн қоса алғанда, әлдеқайда көп құралдарға ие. Басқару стратегиясына байланысты зейнетақы активтерi қор нарығындағы облигацияларға және акцияларға, әртүрлi валюталардағы қаржы құралдарына, бүкiл әлем бойынша экономиканың түрлi секторлары эмитенттерiнiң бағалы қағаздарына инвестицияланады. Инвестицияларды әртараптандыру есебiнен кiрiстiлiк пен сенiмдiлiк қамтамасыз етiледi. Дамыған экономикалардағы коммерциялық банктер депозиттерiнiң кiрiстiлiгi бағалы қағаздар нарығындағы кiрiстiлiктен тарихи тұрғыда төмен. Сондықтан келешекте Қазақстандағы инвестициялау тиiмдiлiгi бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялар, басқарушы компаниялардың бәсекелестiк нарығын институционалдық қалыптастыру есебiнен өсуге тиiс. Бұл ретте кез келген елдiң зейнетақы активтерi, әдетте, қор нарығы арқылы отандық экономиканы қорландыру көзi болып табылады.

БЖЗҚ-ның Жұртшылықпен байланыс департаментi БАҚ-пен байланыс бөлiмiнiң бастығы Марина Ақмаева БЖЗҚ-ның ақпараттық-түсiндiру жұмысы және 2019 жылдың қорытындысы бойынша тәуелсiз әлеуметтiк зерттеу нәтижелерi туралы баяндап бердi. 2019 жылы халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы бiлiм деңгейi көтерiлдi. Қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейi 63,4%-ды құрады (алдыңғы 2018 жылғы көрсеткiш 60,2%-ға тең). Қаржылық сауаттылықтың iлгерi деңгейi 26,9% құрады (2018 жылы 25,3%).

Репрезентативтi зерттеу барысында салымшылармен байланыс арналарына талдау жүргiзiлдi. Респонденттер үшiн жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы ақпараттың негiзгi көзi БЖЗҚ ресми сайты (29%), БЖЗҚ өңiрлiк кеңселерi (23,8%), ENPF ұялы қосымшасы (9,2%), БЖЗҚ-ның байланыс орталығы (4%) болып табылады. Нәтижесiнде ақпаратты БЖЗҚ-дан тiкелей алуды қалайтын қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келедi (66%).

Отырыс соңында Қоғамдық кеңес мүшелерi нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан, Ұлттық Банк зейнетақы активтерiн сенiмдi басқарып отырғанын, БЖЗҚ тұрақты және ашық жұмыс iстеп жатқанын, БЖЗҚ қызметкерлерi салымшылардың зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жетiмдiлiгiн және зейнетақы қызметтерiнiң сапасын «24/7» режимiнде қамтамасыз етiп отырғанын атап өттi, бұл қорға және зейнетақы жүйесiне деген сенiмдiлiктi қолдауға ықпал етедi.

Қоғамдық кеңестiң келесi отырысын 2020 жылдың шiлде айының соңында өткiзу жоспарланды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

За первое полугодие 2020 года ЕНПФ выплатил своим вкладчикам более 82 миллиардов тенге

За первые шесть месяцев 2020 года Единый накопительный пенсионный фонд осуществил выплаты 226 573 получателям. В общей сложности было осуществлено свыше одного миллиона пенсионных выплат и переводов в страховые организации на общую сумму 82,2 миллиарда тенге, в том числе:

- выплаты по достижению пенсионного возраста — 30,2 млрд тенге;

- переводы в страховые организации — 19,2 млрд тенге;

- в связи с выездом на ПМЖ — 16,8 млрд тенге;

- выплаты по наследству — 13,7 млрд тенге;

- выплаты на погребение — 1,4 млрд тенге;

- выплаты по инвалидности — 805 млн тенге.

При этом сумма средней ежемесячной выплаты по графику (в связи с достижением пенсионного возраста) составила 22 535 тенге, а максимальная сумма ежемесячной выплаты составила — 506 980 тенге.

ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz)

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2020 17:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.08.2020 17:05
Қаралым саны: 263
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43