A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз

Өткен өмiрiне сын көзбен қарап, өзiне есеп беретiн ең саналы кезең — «алтын күздi» басынан әр адам өткередi. Көпшiлiгiмiз бұл сәттi тағатсыздана күтемiз, бiрақ күнделiктi күйбең тiршiлiкпен жүрiп, бұл күн туралы мүлде ұмытып кететiндер немесе зейнетақыны ресiмдеудi кейiнге қалдыратындар да жоқ емес. Сондықтан зейнетақыны дер кезiнде нелiктен ресiмдеу керектiгiн бiз «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамы (филиал атауы) директоры (филиал директорының аты-жөнi) бiлген едiк.

- (филиал директорының аты, әкесiнiң аты), зейнет жасына толған адамға қашан және қайда хабарласу керек?

- Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуына және еңбек сiңiрген демалысқа шығуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн алушыларға тұрғылықты жерi бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе электрондық үкiметтiң веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып жүгiну қажет.

- Бұл тек БЖЗҚ-дан берiлетiн төлемдерге қатысты ма әлде мемлекеттiк зейнетақы төлемдерi үшiн де осындай әрекет жасалуы керек пе?

- Бұрын бұл екi түрлi өтiнiш беру арқылы жасалатын: зейнетақы жинақтары төлемiн алу үшiн жұртшылық БЖЗҚ-ға, Мемлекеттiк зейнетақы тағайындау үшiн ХҚКО-ға жүгiнетiн. Ал 2018 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттiк бюджеттен және БЖЗҚ-дан жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға ХҚКО-ға бiрыңғай өтiнiш беру бойынша «композиттiк» қызмет енгiзiлдi.

- Бұл өте ыңғайлы екен! Мұны қай кезде жасау керек?

- ХҚКО-ға зейнетақы алу үшiн берiлетiн өтiнiш пен құжаттарды зейнет жасына толғанға дейiн 10 күнтiзбелiк күн бұрын беруге болады.

Әсiресе бұл мемлекеттiк зейнетақы алу үшiн маңызды, өйткенi ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтiлiн тексеру қажет, сондай-ақ, заң бойынша жасына байланысты зейнетақы мен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау өтiнiш берiлген күннен бастап жүргiзiледi. Өтiнiш пен қажеттi құжаттар Мемлекеттiк корпорацияда (ХҚКО) тiркелген күн өтiнiш берiлген күн болып есептеледi.

Естерiңiзге сала кетейiк, жасына байланысты берiлетiн зейнетақыны бiздiң елiмiзде жалпыға бiрдей тағайындалған зейнеткерлiк жасқа толған адамдар ала алады: ерлер — 63 жаста, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда (жыл сайын әйелдердiң зейнеткерлiк жасы өсе бередi, ол 2027 жылы ерлердiң зейнет жасымен теңескенге дейiн жалғасады).

Сондай-ақ, БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдерiн алу үшiн егер мүгедектiгi мерзiмсiз уақытқа тағайындалған болса, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар, БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар жүгiне алады.

- Сiз бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектiгi бар адамдар туралы айттыңыз, оларға да ХҚКО-ға келу керек пе?

- Егер мүгедектiгi мерзiмсiз уақытқа тағайындалған болса, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектiгi бар адамдар зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн БЖЗҚ бөлiмшелерiне немесе БЖЗҚ веб-сайты арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып өтiнiш берулерi қажет. ХҚКО-да 1 және 2 топ мүгедектiгi мерзiмсiз уақытқа тағайындалуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемiн жасауға берiлген өтiнiштер қабылданбайды.

- БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы соншалықты көп емес азамат жинағын бiр мезгiлде бiрден ала алады ма?

- Егер жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы өтiнiш берген күнi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана алуына болады. 01.04.2020ж. бастап ең төменгi зейнетақы мөлшерi 40 441 теңгенi құрайтын болғандықтан, бiржолғы төлем жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 485 292 теңге шегiнде болған жағдайда жүзеге асырылады.

- Төлемдер бойынша статистиканың қазiргi жағдайы қандай және оларға карантиндiк iс-шаралар әсерiн тигiздi ме?

- 2020 жылдың басынан бастап 2020 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дан зейнеткерлiк жасқа жетуiне және мерзiмсiз уақытқа бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектiк белгiленуiне байланысты жалпы сомасы шамамен 25 млрд теңге болатын 741, 5 мың төлем жүзеге асырылды.

Карантиндiк iс-шаралар БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiне әсер етпейдi, өйткенi зейнетақы капиталы әр адамның бүкiл еңбек еткен уақыты бойында қалыптасты, ал төлемдер әрбiр алушы үшiн қатаң белгiленген кесте бойынша зейнетақы жинақтары таусылғанға дейiн жүзеге асырылады.

ТЖ кезеңiнде мемлекет басқалармен қатар ең төменгi күнкөрiс деңгейi сияқты көрсеткiштi де қайтадан қарастырды; тиiсiнше, БЖЗҚ-дан төленетiн ай сайынғы ең төменгi төлем мөлшерi КД-ның 54% төмен болмауы тиiс, яғни 16 838,82 теңгеден 17 640,72 теңгеге дейiн артты.

- Сұхбатымызды осындай оптимистiк нышанда аяқтаймыз. Рахмет!

Обращайтесь за пенсией своевременно

В жизни каждого человека наступает «золотая осень» — пора созерцания и заслуженного отдыха. Многие ждут этого дня с нетерпением, но есть и такие, кто в повседневных заботах забывают об этом дне или откладывают поход за оформлением пенсии «на потом». Почему это необходимо сделать своевременно, мы узнали у директора (название филиала) АО «Единый накопительный пенсионный фонд» (имя-фамилия директора филиала).

- (Имя-отчество директора филиала), когда и куда необходимо обратиться человеку, достигшему пенсионного возраста?

- В связи с достижением установленного законом пенсионного возраста и выходом на заслуженный отдых, получателям за назначением пенсионных выплат необходимо обращаться в ЦОНы по месту жительства либо через веб-портал электронного правительства с использованием ЭЦП.

- Это за выплатами только из ЕНПФ или можно обращаться и за государственными пенсионными выплатами?

- Раньше это делалось путем подачи двух отдельных заявлений: за выплатами пенсионных накоплений люди обращались в ЕНПФ, за назначением государственной пенсии — ЦОН. Но с октября 2018 года введена так называемая «композитная» услуга по подаче единого заявления в ЦОН на назначение пенсионных выплат по возрасту из государственного бюджета и ЕНПФ.

- Это очень удобно! А когда это нужно делать?

- Подавать заявление и документы в ЦОН на получение пенсии можно за 10 календарных дней до дня достижения пенсионного возраста.

Особенно это важно для получения государственной пенсии, так как необходимо проверить наличие трудового стажа по представленным документам, также по законодательству назначение пенсии по возрасту и государственной базовой пенсионной выплаты производится со дня обращения. Днем обращения считается день регистрации заявления и необходимых документов в Государственной корпорации (ЦОН).

Напомним, пенсию по возрасту могут получать лица, достигшие общеустановленного пенсионного возраста в нашей республике: мужчины — 63 года; женщины, с 1 января 2020 года достигшие — 59,5 лет (ежегодно пенсионный возраст женщин повышается, пока в 2027 году не сравняется с возрастом мужчин).

Также за пенсионными выплатами в ЕНПФ могут обратиться лица, имеющие инвалидность первой и второй групп, если инвалидность установлена бессрочно, имеющие пенсионные накопления в ЕНПФ, сформированные за счёт обязательных пенсионных взносов и обязательных профессиональных пенсионных взносов.

- Вы упомянули о лицах, имеющих инвалидность первой и второй групп, им также необходимо приходить в ЦОН?

- Лицам, имеющим инвалидность первой и второй групп, если инвалидность установлена бессрочно, за назначением выплат необходимо обратиться в подразделения ЕНПФ либо подать заявление через веб-сайт ЕНПФ с использованием ЭЦП. В ЦОНах заявления на выплату из ЕНПФ в связи с установленной инвалидностью 1 и 2 групп бессрочно не принимаются.

- Допустим, у человека не так много накоплений в ЕНПФ, может ли он получить их единовременно?

- Да, это можно сделать, если сумма пенсионных накоплений на дату обращения не превышает двенадцатикратный размер минимальной пенсии, установленный законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год. Поскольку с 01.04.2020г. минимальный размер пенсии составляет 40 441 тенге, то единовременная выплата осуществляется в случае наличия на индивидуальном пенсионном счете суммы пенсионных накоплений в пределах 485 292 тенге.

- Какова на сегодняшний день статистика по выплатам и не отразились ли на них карантинные мероприятия?

- С начала 2020 года по состоянию на 1 июня 2020 года из ЕНПФ было осуществлено порядка 741, 5 тысяч выплат в связи с достижением пенсионного возраста и установлением инвалидности первой и второй групп бессрочно на общую сумму порядка 25 млрд тенге.

Карантинные мероприятия не влияют на пенсионные выплаты из ЕНПФ, поскольку пенсионный капитал формировался на протяжении всей трудовой деятельности, а выплаты осуществляются строго по установленному графику для каждого получателя до исчерпания пенсионных накоплений.

В период ЧП наряду с другими были государством пересмотрены такие показатели, как величина прожиточного минимума, соответственно, увеличился и размер минимальной ежемесячной выплаты из ЕНПФ, которая не должна быть ниже 54% ПМ, с 16 838,82 тенге до 17 640,72 тенге.

- На этой оптимистичной ноте мы завершаем наше интервью. Спасибо!

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2020 17:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.08.2020 17:07
Қаралым саны: 276
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43