A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бiрлiктi құрады. Олардың iшiнде 9,8 млн шот  — мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), 479,5 мың шот — мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және 47 803 шот — ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен ашылған.

МЗЖ есебiнен ашылған шоттардың iшiнде 8 млн 730 мың шот (зейнеткерлiк жасқа толғандарды, қайтыс болған немесе шетелге тұрақты тұруға кеткендердi есепке алмағанда) қызметтегi салымшыларға тиесiлi. Бұл көрсеткiш елiмiздегi жұмыспен қамтылған халық санына (2019 ж. 1 қаңтарына қарай 8 млн 965 мың адам) сәйкес келедi. Бұған қарап, елiмiзде жұмыспен қамтылғандар жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен толық дерлiк қамтылған деп тұжырым жасауға болады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша жылына кемiнде бiр жарна болса да аударатын белсендi салымшылардың саны 6 млн 407 мың адамды құрады. Бұл көрсеткiш жыл сайын ұлғайып жатыр. Мысалы, 2017 жылы бұл көрсеткiш 5 млн 914 мың адамды құраған болатын.

Бүгiнде белсендi салымшылардың үлесi әлеуеттi салымшылардың жалпы санының шамамен 76 пайызын (төрттен үшi) құрайды. Бұл ретте 3 млн шотқа жылына — 12 жарна, ал 5 млн шотқа жылына — 6 жарнадан 12 жарнаға дейiн түскен. Сондай-ақ 2018 жылы бiр салымшының шотына орта есеппен — 9 жарна келiп түскен.

Салыстырып қарасақ, мысалы, Малайзияда белсендi салымшылардың үлесi шамамен 47 пайызды құрайды.

Атап өту керек, жарналардың тұрақты аударылып тұруы салымшының жұмыспен қаншалықты қамтылғандығына (тұрақты жұмыс, уақытша немесе маусымдық жұмыс), сондай-ақ салық режимдерiне (жеке кәсiпкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимдерi) байланысты.

Негiзi салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын олардың алатын айлық табысы және жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi еңбек өтiлi (МЗЖ-ның аударылу кезеңi және жиiлiгi) аясында қараған жөн. Өйткенi МЗЖ осы айлық табыс есебiнен аударылады.

Елiмiзде салымшылардың көпшiлiгi зейнетақы жинақтарын ендi-ендi қалыптастырып жатыр. Салымшылардың 50 пайыздан астамының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне белсендi түрде қатысу өтiлi 5 жылға жетпейдi. Ал салымшылардың 75 пайыздан астамының жүйеге қатысу өтiлi 5 жылдан жоғары, бiрақ 10 жылға жетпейтiндiгiн айта кеткен жөн.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi iске қосылғалы берi мiндеттi зейнетақы жарналарын тұрақты аударып келген салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сомасы ерлерде — 5,1 млн теңге, әйелдерде — 3,9 млн теңге болды.

Мақаланың шыққан күні: 04.10.2019 14:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2019 14:57
Қаралым саны: 1264
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43