A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Ақмолада жыл басынан берi 2 мыңнан астам адам зейнетке шықты.

Ақмола облысында жыл басынан берi жасы бойынша зейнетақы тағайындауға 2224 адам өтiнiш бердi. Ал өткен жылдың осы кезеңiнде 2026 адам зейнетке шыққан, –деп, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» облыстық филиалы баспасөз қызметi хабарлайды.

Елiмiз бойынша зейнет демалысына шыққандар арасынан Алматы облысы көш бастап тұр. Мұнда 5 мың адамнан астам адам зейнетке шықты. Одан кейiн Түркiстан облысында (4,5 мыңннан астам) Шығыс Қазақстан облысында (3,8 мың адамнан астам) зейнет жасына жеткен. Жетi ай iшiнде зейнетке шығу көрсеткiшi ең аз Атырау облысы болған. Мұнда бар-жоғы 1295 адам зейнетке шыққан.

Жасы бойынша зейнетке шығу үшiн азаматтар зейнет жасына дейiн 10 күн қалғанда “Азаматтарға арналған үкiмет” мемлекеттiк корпорациясына өтiнiм бередi. Ол үшiн алдын ала egov.kz порталында немесе eGovKzBot2.0 телеграм-бот құралында кезектi броньдауы тиiс.

Сонымен бiрге, коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттiк корпорация зейнетке шығуға өтiнiм берудi eGov.kz порталында электронды өтiнiм беру жолымен қашықтан беру мүмкiндiгiн қарстырған.

Мұндай әдiспен зейнетке шығуға өтiнiм беру үшiн азаматтар электронды-цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz порталында тiркелуi қажет. Одан әрi “Электронды өтiнiмдер” сервисiн таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруi тиiс. Бұдан кейiн поштьалық мекенжай, телефон, қызмет атауы сияқты жеке ақпараттарды толтыру керек.

Осыдан кейiн сканерден өткiзiлген құжаттар көшiрмелерiн (қажеттi құжаттардың тiзiмiн 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz сайтының “Мемлекеттiк қызмет стандарттары” бөлiмiнен бiлуге болады) қызмет алушының жеке қолымен өтiнiшiн жүктеу қажет. “Кiмге?” сұрағына “Азаматтарға арналған үкiмет” мемлекеттiк корпорациясы филиалын көрсеткен жөн. Өтiнiм аяқталғанда ЭЦҚ-мен қол қою қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi көрсетiлген телефон бойынша өтiнiм берген азаматпен хабарласады. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi туралы жауап қызмет алушының жеке кабинетiнде көрсетiледi. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемi мен БЖЗҚ зейнетақы төлемдерi бiр өтiнiшпен берiлетiнiн атап өткен жөн.

Мақаланың шыққан күні: 27.08.2020 17:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.08.2020 17:51
Қаралым саны: 205
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43