A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жыл басынан берi 879 миллиард теңгеге ұлғайды

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның 2020 жылдың 1 сәуiрiндегi негiзгi көрсеткiштерi

Қазақстанның ең маңызды қаржы институттарының бiрi «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерi 2020 жылдың бiрiншi тоқсанында 879 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтарымыздың зейнетақы жинақтары 11,7 триллион теңгеден асып, 2020 жылдың басынан бергi өсiм 8% құрады.

Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасты және соңғы 12 айда 21% — ға ұлғайып, 11,4 трлн теңге болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 272,3 млрд теңгенi құрап (өсiм 30%), ерiктi зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты (өсiм 10%).

Айта кетейiк, «БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10 миллионнан асты, дәлiрек айтқанда — 10 698 980 бiрлiк. Өткен жылдың сәуiр айынан бастап өсiм 3% көрсеттi. ЖЗШ-лардың басым бөлiгiн бұрынғысынша мiндеттi зейнетақы жарналары есептелетiн шоттар құрады — 10,1 млн, одан әрi мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары — 514,8 мың шот. Ерiктi зейнетақы жарналары да сенiмдi қарқынмен өсуiн жалғастыруда, олардың саны БЖЗҚ-да 2020 жылдың 1 сәуiрiне 55 371 шот болды.

2020 жылдың бiрiншi тоқсанында салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 261,9 млрд теңге зейнетақы жарналары түстi, бұл 2019 жылдың алғашқы 3 айындағы көрсеткiштен 19% артық. Төлемдер 45 млрд теңгенi құрады, олардың басым бөлiгi жасы бойынша (16,7 млрд теңге), ҚР шегiнен тыс ТТЖ кету бойынша (11,6 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына (8,4 млрд теңге), мұрагерлерге аударымдар (7,1 млрд теңге), жерлеуге (0,8 млрд теңге) төлемдер берiлдi.

Ерекше атап өтетiн жәйт, 2020 жылдың басынан бастап 1 сәуiрге дейiнгi жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық кiрiс есептелдi. Бұл өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың бiрiншi тоқсанындағы таза инвестициялық табыс 96,9 млрд теңге болған едi. Бұл ретте инвестициялық қызмет нәтижесiнде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан есептелген инвестициялық кiрiстiң мөлшерi әрқашан өзгерiп тұруы мүмкiн екендiгiн және оны ұзақ мерзiмдi перспективада қарау қажет екенiн есте сақтау маңызды.

2019 және 2020 жылдардағы көрсеткiштердi салыстырып қарағанда көрiп отырғанымыздай, инвестициялық кiрiс — бұл қаржы құралдарының құнына және тұтастай қаржы нарығындағы жағдайға тәуелдi, тiркелмеген шама. Сондықтан жекелеген қаржы құралдары есебiнен инвестициялық кiрiс шамасының уақытша төмендеу ықтималдылығы болашақта зейнетақы активтерiнiң барлық инвестициялық портфелiн ұзақ мерзiмде әртараптандыру есебiнен өтелетiн болады.

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2020 11:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.05.2020 11:41
Қаралым саны: 589
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43