A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сомасы 10,8 триллион теңгеден асты

Қазақстанның маңызды қаржы институттарының бiрi — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылды қорытындылады.

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай барлық көрсеткiштер бойынша даму серпiнi оң сипатқа ие. Нақты айтсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қордың зейнетақы жинақтары 10,8 триллион теңгеден асты. Ал жарналардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 10 миллионнан асып отыр. Дәлiрек — 10 672 567 бiрлiктi құрап, бiр жыл iшiнде 3 пайызға өстi. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен ашылған — 9,9 млн бiрлiк. Бұдан кейiнгi орында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша ашылған шоттар — 0,5 млн бiрлiк. Ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша да өсiм байқалады. 2019 жылдың соңына қарай ЕЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны — 54 365 бiрлiкке жетiп, 2018 жылғы көрсеткiштен салыстырғанда 14 пайызға көбейдi.

Зейнетақы жинақтарының басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан. МЗЖ есебiнен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгенi құрап, 2019 жылдың басынан берi 15 пайызға өстi.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 246,1 млрд теңгеге (өсiм — 25%), ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 1,9 млрд теңгеге (өсiм — 4%) жеттi.

2019 жылдың басынан берi салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс — 641,8 млрд теңге. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы — 6,57 пайыз. Ал инфляция деңгейi — 5,4 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы оң сипатқа ие.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2020 15:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.02.2020 15:35
Қаралым саны: 565
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43