A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 11,8 триллион теңгеге жеттi

БЖЗҚ-ның 2020 жылғы 1 шiлдедегi негiзгi көрсеткiштерi

2020 жылдың 1 шiлдесiне Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 11,8 триллион теңге сомасында зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. 01.07.2019 жылдан 01.07.2020 жылға дейiн сома шамамен 1,7 триллион теңгеге немесе 18% — ға өстi.

Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасып, 11,5 трлн теңгенi құрады (жыл басынан бергi өсiм — 9%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы — 279,8 млрд теңге (өсiм — 14%), ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеге жеттi (өсiм — 7 %).

Жыл басынан берi БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1 миллионнан астам бiрлiкке артты. Ағымдағы жылдың бiрiншi қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бiрлiктi құрады, ал 1 шiлдеде бұл көрсеткiш 11,7 миллионға жеттi (11 680 886). Осылайша, жыл басынан бергi өсiм 9% болды.

Шоттардың көп бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны он бiр миллионнан асады, дәлiрек айтсақ 11 107 952 шот (жыл басынан бергi өсiм — 10%). Одан кейiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптастырылған шоттар — 517 422 (өсiм — 1%), ерiктi зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) да саны көбейiп келедi, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазiр 55 512 болды (өсiм — 2%).

2020 жылдың басынан берi салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 525 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың алғашқы 6 айындағы көрсеткiштен 60 млрд теңгеге немесе 13%-ға асып түстi. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95,4 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 500 млрд теңге мөлшерiндегi түсiмдер құрайды, 24 млрд теңгеге жуық аударым МКЗЖ бойынша жасалған, 216 миллион теңге ЕЗЖ бойынша аударылған.

Төлемдер 82,2 млрд теңгенi құрады, олардың басым бөлiгi, атап айтқанда 37%-ы жасы бойынша төлемдер (30,2 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (19,2 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (16,8 млрд теңге), мұрагерлерге (13,7 млрд теңге), жерлеуге (1,4 млрд теңге), мүгедектiк бойынша төлемдер (0,8 млрд теңге).

2020 жылдың басынан бастап 1 шiлдедегi жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 543,3 млрд.теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелдi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 285,8 млрд. теңгеге артық.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2020 17:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.08.2020 17:03
Қаралым саны: 251
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43