A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
2018 жылға дейінгі іске асырылған және жүзеге асырылып жатқан ҮИИД бағдарламасының Кәсіпкерлікті қолдау жобаларының тізбесі:

1. «Altyntau Kokshetau» ЖШС — Васильковка алтын кен орнын әрi қарай игеру және алтын өндiру фабрикасының құрылысы (Қонысбай ауылы, жобаның құны — 58514 млн.теңге, қуаттылығы — 12,5 тоннаға дейiн, 2010 жылдың мамырында iске асырылды, 2264 тұрақты жұмыс орны құрылды).

2. «Зерендинский ХПП» ЖШС — астықты тазалау мен кептiру желiсiн орнатумен көлемi 14,6 мың тонна астық сақтау қоймасының құрылысы (Зерендi ауылы, құны — 233,9 млнтеңге, қуаттылығы — 14,6 мың тонна, 2011 жылдың маусымында iске асырылды, 10 тұрақты жұмыс орны құрылды).

3. «Щучинский гормолзавод» ЖШС — 2500 аналық iрi қара мал басына арналған репродуктор-шаруашылығының құрылысы (М.Ғабдуллин ауылы, құны — 2604,6 млн.теңге, қуаттылығы — ет-өндiру комбинатына 2672-ге дейiн iрi қара мал және асыл-тұқымды сату ретiнде 541 бас iрi қара мал, 2011 жылдың маусымында iске асырылды, 40 тұрақты жұмыс орындары құрылды).

4. «KazGrainTrade» ЖШС — астық қабылдау кәсiпорнының құрылысы, астықты сақтау мен қайта өндiру (Гранитный ауылы, жобаның құны — 720,5 млн.теңге, қуаттылығы — 12 мың тонна, 2012 жылдың ақпанында iске асырылды, 40 тұрақты жұмыс орны құрылды).

5. «Milk Рroject» ЖШС — табиғи асептикалық сүт өндiретiн зауытты жаңарту (Садовое ауылы, жобаның құны — 236,1 млн.теңге, қуаттылығы — жылына 15,6 млн. литр сүт өнiмi, 2012 жылдың желтоқсанында iске асырылды, 30 тұрақты жұмыс орны құрылды).

2018 жылдан ҮИИД бағдарламасының iске асуы

1. «Arai pro» ЖШС — Ақмола облысының Алексеевка кен орнының каолин негiзiнде тау-кен байыту комбинатының құрылысы (Бiрлестiк ауылы, жобаның құны — 5,4 млрд.теңге, қуаттылығы — 80 мың тонна, енгiзу мерзiмi — 2019 жылдың желтоқсаны, жоба iске асырылған жағдайда 210 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда).

Қазiргi уақытта мердiгерлiк ұйыммен қондырғыларды жееткiзу мерзiмдерiнiң ұзартылуына, сондай-ақ оның конфигурациясының өзгеруiне байланысты, фабриканың негiзгi ғимаратының конструктивiне өзгерiстер енгiзiлуде. Осыған орай, Ақмола облысының Индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң қарауына жобаны iске асыру мерзiмiн 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың желтоқсанына өзгерту бойынша қолдаухат жiберiлдi. Үйлестiру кеңесiнiң 2018 жылғы 23 қарашадағы шешiмiне сәйкес пайдалануға енгiзу мерзiмi 2019 жылдың желтоқсанына ауыстырылды.

Ағымдағы жағдайы:

Қазiргi уақытта қызметтердi жеткiзушi анықталды, қаржыландыру шарттарының заңды әзiрленуi жүргiзiлуде.

Дезинтеграция бөлiмiнiң (каолиндi бiркелкi суспензия түрiне жеткiзу) металл конструкциясы, гидроциклондау (құмды каолиннен ажырату) блогы салынды, қуаттылығы 3 мегаватт құрайтын модульды-блокты қазандық орнатылды, әкiмшiлiк-тұрмыстық кешен ғимаратында жаңа жылу беру жүйесi, негiзгi фабриканың жылу жүйесiнiң сыртқы желiлерiнiң 1-шi кезегi салынды, жылы тұрақ пен ескi қазандық шатырына күрделi жөндеу жасалды.

2. «Blic Terminal» ЖШС — құс фаюрикасының құрылысы (жобаның құны — 1,0 млрд. теңге, қуаттылығы — 252 тонна, енгiзу мерзiмi — 2019 жылдың шiлдесi, 30 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда).

Ағымдағы жағдайы:Қазiргi уақытта құс фабрикасының құрылысына жер телiмi ресiмделдi. Жобалық-сметалық құжаттаманың әзiрленуi аяқталды. Ақмола облысының Мемлекеттiк сәулет-құрылыс қадағалау басқармасынан құрылыс-монтаждық жұмыстарды өткiзуге рұқсат алынды. Құрылыс материалдары сатып алынды (металл конструкциялары, сэндвич панельдер).

2018 жылдың мамырынан мердiгер фабрика iргетасын құюды бастаған болатын. Фабриканың iргетасын орнату және металконструкцияларын орнату жұмыстары аяқталды. Фабриканың құрылысы құстарды өсiру блоктардың iске қосылуымен бiрге кезең-кезеңмен аяқталады. Жобаны iске асыру мерзiмi объектiнi салу құнының қымбаттауына және пунктiн орнатудың күрделiгiне байланысты 2018 жылдың 4 тоқсанынан 2019 жылдың 3 тоқсанына ауыстырылды.

Мақаланың шыққан күні: 15.02.2019 10:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2019 10:30
Қаралым саны: 2255
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43